
- •1. Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және жүйесі.
- •3. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу әдістері.
- •4. Кәсіпкерлік құқықтың басты қағидалары және олардың сипаттамалары.
- •6. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері.
- •13.Шаруашылық серіктестіктерінің түсінігі және түрлері.
- •16. Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің құқықтық жағдайы.
- •22.Сақтандырудың түсінігі, түрлері мен нысандары .
- •Перечень (берілгені бойынша іздейсіңдер)
- •17)«Бағбан» Өндірістік кооперативіне серіктестікті мүше етіп қабылдау туралы Өтінішпен «Теңіз»...
22.Сақтандырудың түсінігі, түрлері мен нысандары .
Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
сақтандырудың нысандары
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша — жеке басты және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін
Жеке басты сақтандыру - жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына және жеке адам ретінде сақтандырушының да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың да басқа қасиеттеріне қатысты оның (жеке тұлғаның) мүддесін сақтандыру.
23. Инвестиция. Инв/қ қызмет. Инвестиция - заңды тұлғаның жарғылық қорын н/е кәсіпкерлік қызмет үшін қолданатын активтерін көбейту үшін инвестордың салымы б.т. кез келген мүліктің барлық түрі. Инв/қ қызмет – жеке ж/е заңды тұлғаның, коммерциялық ұйымдардың жарғылық қорына қатысу н/е кәсіпкерлік қызмет үшін қолданатын активтерін құру н/е көбейту жөніндегі қызметі. Инвестициялауды координациялау ж/е бақылаудың мем/к реттеуді күшейту мақсатында 1997ж ҚР Инв/р жөніндегі мем/к комитеті құрылды. Комитет ҚР-ғы тікелей инвестицияларға мем/к қолдау көрсетуге өкілеттігі бар орталық атқарушы орган болып танылды. Комитеттің міндеттері:
- Қаз/ң эк/на отандық ж/е шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі 1 тұтас мем/к саясатты жүргізу;
- эк/ң басым секторларындағы инвестициялардың мем/к қолдауды іске асыру;
- ҚР органдарының қызметін координациялау.
Тікелей инв/я – өнд/к к/о-ға, портфелді инв. – бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Инв/ды мем/к қолдаудың мақсаты: эк/ны дамыту ж/е инвестицияларды ынталандыру үшін жағымды инв/қ жағдай жасау жаңа технологияларды қолдана отырып өндірісті ұлғайту, жаңарту жаңа жұмыс орындарын ашу бұрынғы жұмыс орындарын сақтап қалу, қоршаған ортаны қорғау.
24. Жекешелендірудің жалпы сипаттамасы. Белгілері. Жекешелендіру елдегі эк/қ реформалардың бір саласы. Жекешелендірудің мәні мем/к меншіктегі кәсіпор/ды жеке меншікке беру, осылайша мем/ті заңды тұлғаны қаржыландырудан босату. Жекешелендірудің белгілері:
- жекешелендірілетін к/о мем/к меншікте болуы тиіс
- мем/к меншікті сатып алушы жеке меншік субъектісі болуы керек
- жекешелендіру мем/к меншік объектісін тапсыру емес сатып алу б.т. Сондықтан, сатып алушы ақша төлеу к/к
- жекешелендіру « жекешелендіру туралы» заңмен белгіленген тәртіппен ғана жүргізілуі к/к.
Жекешелендіру объектілерін даралаудың бірнеше белгілерін айтуға болады. Объектінің түріне б/ты жекешелендіру мүмкіндігі, мерзімі, әдістері, тәртібі ж/е т.б. мән-жайлар анықталады. Материалдық қамтылуы жағынан объектілері 3 топқа бөлінеді:
1. кәсіпор/р ж/е олардың құрылымдық бөлімшелері
2. қызмет ететін н/е жойылатын кәсіпор/ң матер/қ ж/е матер/қ емес активтері
3. мем/ң ж/е коммуналдық меншік иелерінің шаруашылық серіктестіктеріндегі акционерлік қоғамдағы үлестері, пайлары, акциялары.
Жекешелендіру туралы заңға сәйкес жекешелендірілетін мем/к кәсіпор/ды сатып алушылар бірнеше топқа бөлінеді:
ҚР-ң азаматтары. ҚР-ң әрбір азаматы жекешелендіруге қатысуға құқылы. Азамат аукционда акция сатып алу арқылы қатыса алады.
Жекешелендіру объектісін сатып алу үшін бірлескен қызмет туралы шартқа отырған азаматтар тобы.
Заңды тұлғалар
Шетелдік азаматтар ж/е заңды тұлғалар қатыса алады.
25. Жекешелендіру тәртібі. Жекешелендіру тәсілдері. Жеке-у тәртібі:1) Объектiнi жекешелендiруге дайындау. Объектiнi жекешелендiруге сатушы дайындайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiң акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi сату объектiсi болатын заңды тұлғалардың лауазымды адамдары объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi сатушының сұратуы бойынша ол айқындайтын мерзімдерде табыс етуге міндетті.2) Есеп айырысу тәртібі . Жекешелендiру объектілерін сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi. Ақыны бөліп-бөліп төлеуге ықтимал бөліп-бөліп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткізілген жағдайларда ғана жол берiледi.Сатып алынатын объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.3)Жеке-ден алынған қаражат. Жеке-уден алынған қаражат тиісті бюджетке жіберіледі. Жеке-у б-ша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.4) Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау. Жеке-у объектiсiн сатып алу-сату шарты талаптарының тиiсiнше орындалуын кейіннен бақылауды сатушы жүзеге асырады.Шарт талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындауы аяқталған кезге дейiн жүргiзiледi. Сатушы бақылауды жүзеге асыру үшiн сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты құжаттармен танысады және жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тартады.5) Жекешелендiрiлген кәсiпорынның меншік иесiнiң қоршаған ортаға келтiрілген залал үшiн жауаптылығы. Жеке-ден кейін қалдықтарға меншiк құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеу және оларды жою жөнiндегі мiндеттемелер жаңа меншiк иесiне өтедi. Қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды, сондай-ақ экологиялық тәуекелдi жаңа меншiк иесiне бөлу немесе аудару оның келісімiмен ғана мүмкiн болады.6) Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзу. Сатып алу-сату шартының бұзылуы тараптардың шарт бұзылғанға дейінгі міндеттемелері бойынша өздері орындағандарын қайтаруына және шартты бұзған тараптың залалдарды өтеуіне әкеп соғады. Жекешелендіру туралы заңда мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендірудің 4 әдістері көзделген: 1)Кәсіпорынды конкурс бойынша сату;2)Кәсіпорынды аукционда сату;3)Кәсіпорынның капиталындағы үлесті сату;4)Кәсіпорынның мүлкін сату.
26. Биржа ж/е биржалық сауданың ұғымы мен белгілері.Биржа – бағалы қағаздар,тауарлармен мәмілелер жасау үшін арнайы ғимарат белгілі бір кепілдіктер беретін есептесу ж/е ақпараттық қызмет көрсететін ж/е осындай қызметі үшін жасалатын мәмілелердің есебінен комиссиялық төлемақы алатын ж/е саудаға белгілі бір шектеулер қоятын мекеме.Биржа тауарларды көптеп сатып алуды,сатуды,бағалы қағаздарды,алтынды,валютаны сату,сатып алу жөніндегі жүйелі операцияларды ұйымдастырады.Биржаны сипаттайтын белгілер төмендегілер:1)белгілі бір биржа тауарымен сауда-саттық;2)жария ж/е көпшілік сауда-саттық өткізу (қалауы бойынша барлық адамдар жасалған мәмілелер мен қалыптасқан бағалар туралы ақпарат ала алады);3)сауда-саттықты алдын ала белгіленген ж/е белгілі бір уақытта жүргізу;4)биржа сауда-саттығын өткізу ережелерін белгілеу.
Биржалық сауда – биржаның делдалдық қызметі арқылы тауарларды, валютаны, бағалы қағаздарды сату.
ЕСЕПТЕР