- •1. Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және жүйесі.
- •3. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу әдістері.
- •4. Кәсіпкерлік құқықтың басты қағидалары және олардың сипаттамалары.
- •6. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері.
- •13.Шаруашылық серіктестіктерінің түсінігі және түрлері.
- •16. Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің құқықтық жағдайы.
- •22.Сақтандырудың түсінігі, түрлері мен нысандары .
- •Перечень (берілгені бойынша іздейсіңдер)
- •17)«Бағбан» Өндірістік кооперативіне серіктестікті мүше етіп қабылдау туралы Өтінішпен «Теңіз»...
16. Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің құқықтық жағдайы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген мекеме. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті атқарушы орғандарының құзіреті, сондай-ақ, олармен шешімдер қабылдау немесе серіктестіктің атынан сөйлеу “Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы” Заңмен, басқа да заңнамалық актілермен және серіктестік Жарғысымен анықталады
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Шаруашылық серіктестітінің акция шығаруға құқы жоқ .
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің жарғылық капиталға салымдармен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік.
Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері серіктестіктің жарғысында көзделеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке ҚР Азаматтық Кодексінің ережелері және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы олданылады.
Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
1. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. 2. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. 3. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.
17. Өндірістің кооперативтің құқықтық жағдайы. Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады. Кооператив мүшесі екіден аз болмауы керек, және 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ерікті және оның қызметіне белсене ат салысатын кез келген жеке тұлға бол алады. Жасы кәмілетке толмаған азаматтың мүше болуына ата-анасының, не қамқоршысының келісімі керек. Туынды кооператив жеке кәсіпкерліктің заңмен расталмаған түрінен басқа барлық кәсіпкерлікпен айналыса алады. Мемлекеттік лицензиялау жүргізілетін қызметтерге лицензия болса туынды кооперативке де рұқсат етіледі.
Құрылтайшылық келісім-шарт . Өндірісті кооперативтің құрылтайшылық келісім-шартына коммерциялық құпия жазылған құжаттар жатады, және мемлекеттік және басқа ресми органдарға көрсетіледі, сонымен қатар үшінші тұлғаға заңнама негізінде кооперативтік атқарушы органының шешімімен келісіледі. • Жазбаша түрде бекітіледі • Барлық құрылтайшылар қол қояды • Нотариуспен куәландырылады Жарғы.Өнідірісті кооператив жарғысы мынадай мәліметтермен толығады: • Кооперативтің фирмалық атауы; • Басқару органдар компетенциялары мен жағдайын жасау және кооператив бақылауы мен олардың шешімінің тәртібі туралы, соның ішінде көп дауыспен қабылданған шешімге байланысты; • Кооперативтің таза кірісі мен шығын бөлу тәртібі; • Кооперативтің таратуы мен қайта құрылуы тәртібі; • Кооперативтің әр мүшесінің пайлық мөлшері, құрамы мен мүлік салымының тәртібі туралы және салым салудағы олардың міндеттерін бұзушылығына жауапкершілік туралы. Пайға байланысты шара қолдану барысында кооператив әрбір қарыз-мүшелер үшін үлес өтейді. Үлес мөлшері бухгалтерлік есеп бойынша несие берушінің талабы келіп түскенне бастап анықталады. Үлес ақшалай немесе табиғи түрде баріледі. Кооператив мүшелерінің мүліктік салымы Өндірістік кооперативтің мүліктік салымын кооператив құру мен қызметіне арналған және шығынды жабудағы алғашқы капитал құрайды. Кооперативке мүліктік салым ақшалай, құнды қағаздармен, заттай, мүліктік хұқықпен, соның ішінде жер пайдалану хұқығы, жеке зияткерлік нәтижелері мен басқа да мүлікпен беріледі. Мүліктік салымның ақшалай түрін тек құрылтайшылардың келісімімен емес, тәуелсіз аудиторлық тексеру арқылы жүзеге асырады. Тәуелсіз аудиторлық тексеру кооперативтің мүліктік салымдары тек ақшалай болса жүргізілмейді. Кооператив мүшелерінің салымы мүлік түрінде берілетін болса, салым мөлшері кооператив мүшелерінің белгілі келісімдерімен мүлікті пайдаланғаны үшін арендалық төлемнен тыс анықталады.
18. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады.Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады.Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.
Жарғы - заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін бекітетін мақсаты заңды тұлғамен қатынаста түсетін тұлғаларды заңды тұлғаның қызмет шеңбері құқықтары мен мүліктері туралы хабардар етіп отыру.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар:
Құрылтайшылар өтініші
Заңды тұлға жарғысы
Заңды тұлғаны құру туралы шешім
Құрылтай шарты немесе құрылтай жиналысының хаттамасы
Мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат
19. Серттификаттау арқылы касіпкерлікті реттеу . Сапа туралы нормалар,сапаны қамтамасыз ету жөніндегі актілер шығарылатын өнімнің орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушының құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар актілер жиынтығын білдіреді. 3фактор
• өндірілетін өнім
• қызмет
•жұмыс пен байланысты
Сертификаттау- тауар өндірушіден жұмысты орындаушыдан, қызмет көрсетушіден тәуелсіз органның өнімнің жұмыстың қызметтің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін растау жөніндегі қызметі . Сертефикаттау – қоршаған ортаға, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын өнімнің, жұмыстың, қызметтің айналымға түсудің алдын алатын құрал.
Сертификаттаудың 2 түрі бар: 1. Міндетті 2. Ерікті
Ерікті сертификаттау- тауар өндірушінің қалауы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік стандарт бойыншы міндетті талаптар қойылған өнімдер мен қызметтерді сертификаттау міндетті болып табылады.
Міндетті сертификаттау- қажет ететін өнімдерді мемлекеттік органдар бекітеді. Мысалы гигиеналық сертификаттау қажет ететін өнімдер тізімін санитарлық эпидимиалогиялық бақылау органдары бекітеді. Олар: азық түліктер және оны дайындауға қажетті шикізаттар, балаларға арналған заттар, косметикалық бұйымдар.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістін сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестатталған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.
Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі: - өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету - өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі; - сынақтың кәсіби түрде өтуі; - шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау; - өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауга қатысатыг адамдардың жауапкершілігі; - сертификаттау туралы ақпарат ашықтыгы немесе сәйкестік (белгісі) сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат; - сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынак тәсілінің көптүрлілігі; - сертификаттау жүмысында ИСО (МЭК) аймактық ұйымдар,халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану; - Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану; - ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау; - қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
20. Стандарттау арқылы касіпкерлікті реттеу. Стандарттау обьектісі -өнім, жұмыс, қызмет және оларды өндіруді қолдануды дайындауды қамтамасыз ету жөніндегі ережелер. Стандарттаудың маңызды: өнімнің жұмыстың және қызметтің тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ғылымның техникамен технологияның даму деңгейіне қарай өнімнің жұмыстардың және ақпараттың үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары : 1) өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар (бұдан әрі - талаптар) белгілеу; 2) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету; 3) саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету; 4) өнімнің техникалық және ақпараттық сыйсымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету; 5) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; 6) ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану; 7) елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;8) табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 9) өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау.
Стандарттаудың негізгі принциптері: 1) келісу; 2) бүкпесіздік; 3) еріктілік; 4) отандық және шетілдік өндірушілер мен өнім берушілер үшін стандарттау саласындағы бірдей талаптар; 5) экономикалық қисындылық болып табылады.
Нақты өнімдер (шикізаттар, материалдар, отын, толықтыратын бөлшектер, дайын өнімдер); терминдер мен белгілер; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеу және бақылау әдістері; құжаттамалар жүйесі; өндіріс технологиясы және ұйымдық - әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы өзге объектілер стандарттау объектілері болып саналады. Қызметке қатынасу формасы бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттауға ажыратылады.Халықаралық стандарттау — оған қатысу бүкіл елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау. Аймақтық стандарттау - оған қатысу әлемнің тек бір ғана географиялық немесе экономикалық ауданындағы елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.
21. Банктік қызметтің құқықтық негіздері. (өз сөздеріңмен жазыңдар) БАНКТЕРДІҢ АТАУЫ: 1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады. Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады. 3-1. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
БАНКТIҢ ЖАРҒЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕНШIК КАПИТАЛЫ : 1. Банктің жарғылық капиталы акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады. 2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. 3. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді. 4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу процент және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады.
Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер. Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
БАНКIНIҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ . Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында мiндеттi түрде: 1)толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi; 2)акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.Банк жарғысында мiндеттi түрде: 1)банкiнiң толық және қысқартылған атауы; 2)банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер; 3)банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi;
