Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касипкерлик кукык_шпоры.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
98.71 Кб
Скачать

13.Шаруашылық серіктестіктерінің түсінігі және түрлері.

Шаруашылық серіктестігі- жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінген комерциялық ұйым. Жарғылық капитал – әрбір құрылтайшылардың үлесіне құралған. Шар-қ серіктестік-ң 4 түрі бар:

  • Толық

  • Командитті

  • ЖШС

  • ҚЖС

Шаруашылық серіктестіктерінің арасындағы негізгі айырмашылық – серіктестіктің қарыздары бойынша оның қатысушыларының жауапкершілігінің сипатында және жарғылық қордың минималды мөлшерінде.

Толық с-к- қатысушыларының барлығы шаруашылық қызметпен айналысатын және серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен бірлесе отырып ынтымақты жауапкершілік атқаратын серіктестік. Оның қатысушысы тек ғана жеке тұлға болады, яғни бір азамат тек бір ғана толық серіктестіктің мүшесі бола алады және оның қарыздары бойынша бүкіл мүлкімен жауап береді және еңбек етеді. Командитті- қатысушыларының біреуі немесе бірнешеуі толық серіктес болатын және олармен қатар жауапкершілігі шектеулі қатысушысының командистің болуы көзделген шаруашылық серіктестік. Кемінде екі адам болады. ЖШС- қатысушылары жарғылық қорға қосқан салымдарының мөлшерінде ғана тәуекел ететін және сол мөлшерде серіктестіктің қызметіне байланысты оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік көзделген серіктестіктің түрі. ҚЖС- қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша өздері қосқан үлестің еселенген мөлшерінде өндірістің мүлкімен қосымша жауапкершілік атқаратын серіктестік.

14. Толық серіктестіктің құқықтық жағдайы. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады,акционерлік қоғамның жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақасып жауап беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады.

Толық серіктестікке қатысушылардың құқықтары. Толық серіктестікке қатысушылардың:

  • Заңда және серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестікті басқаруға, соның ішінде серіктстік алған пайданы бөлуге қатысуға;

  • толық серіктестіктің қызмет туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде серіктестіктің бухгалтерлік және басқа да құжаттамасымен танысуға;

  • егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне қарай оның қызметінен пайда алуға;

  • белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестіктен шығуға;

  • толық серіктестік таратылған жағдайда серіктестіктің кредиторлармен есп айырысқаннан кейін қалған мүлкіндегі немесе оның құнындағы өзінің үлесіне сәйкес толық серіктестік мүлкінің бір бөлігін алуға құқығы бар;

  • Заңда және (немесе) серіктестіктің жаргысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.

Толық серіктестіктерге қатысушылардың Заңға, басқа заң актілеріне және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Толық серіктестіктің қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшері қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгіленген есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем болмауы керек. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тәртібі мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді.

15. Сенім серіктестігінің құқықтық жағдайы. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестімен) ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің (салымшылардың) жаргылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушалардаң тұратын шаруашылық серіктестігі сенім серіктестігі деп танылады.

Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктестердің құқықтық жағдайы және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.

Сенім серіктестігі салымшыларының құқықтары мен міндеттері.

  • Сенім серіктестігі салымшыларының: серіктестік пайдасының бір бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша мүліктегі және жарғылық капиталдағы өз үлесіне бара-бар мөлшерде алуға;

  • серіктестіктің жылдың есебімен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге:

  • мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін Заңда және серіктестік құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беруге;

  • серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша серіктестіктен шығуға құқығы бар;

  • серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;

Сенім серіктестігінің салымшылары:

  1. серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға:

  2. серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен тәсілмен және мөлшерде салымдар салуға;

  3. Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестің өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның ішінде серіктестікке қызмет көрсетуге міндетті;

  4. серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Сенім серіктестігінің салымшысы шаруашылық серіктестік туралы Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзінің міндеттерін орындамау арқылы серіктестікке немесе оның қатысушыларына зиян шектірсе, толык серіктестер мұндай салымшыдан оны өтеуді, ал елеулі түрде зиян шектірсе- оны сот тәртібімен серіктестіктен шығаруды талап етуге құқылы.