
- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді. Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді. Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін. Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер. Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады. Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді.