
- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
27. Қиялдың түрлері
Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.
Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.
Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.
Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің Полтава атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.
Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.
Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.
Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Бұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады.
Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.
28. Қиял және шығармашылық
Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.
Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мәселесі тек психологтарға ғана қызықты болған жоқ. Неге бір адамдар бір нәрсені ойлап табады. Екіншілерінде бұндай мүмкіндік жоқ деген сұрақ көптеген ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты. Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды.
дайындық ( идеяның туы )
пісіп-жетілуі ( концентрация )
озарение (кенеттен шешім табуы)
тексеру
Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады. Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.
Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі борлып табылады. Мысалы: егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Бұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады. Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінің заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процессі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуінен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен яғни аналитикалық синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.