
- •Инвестиция түсінігі және мағынасы.
- •2. Инвестиция түрлерінің жіктелуі.
- •3. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестиция қызметі
- •4. Бизнес-жоспар түсінігі, экономикалық мағынасы
- •Бизнес жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.
- •6 Бизнес жоспар құрылымы мазмұны
- •7. Жобаның коммерциялық орындалуының талдауы
- •8. Техникалық талдау
- •1) Технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
- •2) Технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
- •Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.
- •Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізеді.
- •Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
- •11. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. Өтемділік мерзімі
- •12. Дисконтталған критерийлер.
- •Ағымдағы таза құндылық;
- •13. Ағымдағы таза құндылық.
- •14 Табыстылықтың ішкі нормасы.
- •15 Инвестициялық жобаның қауіпсіздік нүктесін табу, қауіпсіздік қорын есептеу, әдістері, графигі
Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.
Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізеді.
Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
базалық;
белсендігі неғұрлым төмен;
белсендігі неғұрлым жоғары (міндетті түрде емес).
11. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. Өтемділік мерзімі
Инвестициялық талдаудың маңызды құрамдас бөлігі іс әрекеттің тиімділігін бағалау болып табылады. Оның қажеттілігі экономиканың ресурстарды шектеу туралы негізгі қағидасымен байланысты: «Адамның талаптары шексіз, ал оларды қанағаттандыратын ресурстар шектеулі».
Қазіргі кезде инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
қарапайым немесе статистикалық;
дисконттау әдістері.
Инвестициялардың тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістеріне инвестициялардың сатылу мерзімін есептеуді және табыстың нормасын қарапайым есептеп шығаруды жатқызуға болады.
Инвестицияның өтелімділік мерзімі дегеніміз таза түсімнің бастапқы салымдардың орнын толтыруын күтетін кезең (мұнда таза түсім шығындарды шегеріп тастағандағы ақшалай түсімдерді білдіреді). Осылайша, кәсіпорынның оперативтік қызметінен түскен түсімдері инвестицияларға жұмсалған шығындарды жабатын уақыт кезеңі есептеледі. Бұл әдіспен есептеу өте оңай, сондықтан оны инвестициялау тәуекелін бағалаудың және тиімділігін есептеудің қарапайым әдісі ретінде қолданады. Егер ақша түсімі бірқалыпты болмаса, онда әрбір жоспарлау интервалы үшін бастапқы шығндардың жалпы көлеміне амортизациялық шығарымдар мен таза табыс қалдық теріс болғанша шегеріліп отырады.
Бұл әдістің басымдылығы – есептеу қарапайым, сондықтан ол кейде инвестицияның тәуекелін бағалаудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады. Сонымен қатар бұл әдісті тұрақты сұранысы жоқ өнімдерді шығару жобасын бағалау үшін де пайдалануға болады және ол ақша айналымы аз шағын фирмалардың инвестицияларын бағалауға, сонымен бірге ресурстардың тапшылығы жағдайында жобаларды едәуір тез бағалауға жарамды.
Бірақ инвестицияның өтелімділік мерзімін таңдау көрсеткіші бірқатар кемшіліктерге ие:
өтелімділіктің нормативті мерзімін таңдау субьективті болуы мүмкін;
әдіс жобаның өтелімділік мерзімінен тыс уақыттағы табыстылығын есепке алмайды, сондықтан өтелімділік кезеңі бірдей, бірақ өмір сүру мерзмі әр түрлі жобалардың варианттарын салыстыру үшін қолданыла алмайды;
әдіс кумулятивті табыстар сомасы бірдей, бірақ жылдар бойынша бөлінуі әр түрлі жобалар арасында айырмашылық жасамайды. Осы критерий тұрғысынан алсақ, 50 млн, 70 млн, 30 млн теңге жылдық табысы бар бірінші жоба мен 30 млн, 50 млн және 70 млн жылдық табысы бар екінші жоба тең. Ал, дұрысына келсек, бірінші жоба тиімдірек, себебі алғашқы екі жылда табыстың үлкен сомасымен қамтамасыз етіледі; бұл қосымша құралдар айналымға жіберілуі мүмкін, ол өз кезегінде жаңа табыстар алып келеді. Бұл әдіс жаңа өнім шығаруға бағытталған жобаларды бағалау үшін жарамсыз.
бұл әдіс бойынша есептеу дәлдігі көп жағдайда жобаның өмір сүру мерзімін жоспарлау интервалына бөлу жиілігімен анықталады;
көрсеткіштің «статистикалығы», басқаша айтқанда, ақшаның уақытша құнын есепке алудың мүмкін еместігі.
Мысал.
Кәсіпорын сауда орталығының құрылысына 250 млн тг инвестициялайды. Сауда орталығын пайдаланудан түсетін жыл сайынғы жоспарланған түсім сәйкесінше, 50,100,150 және 200 млн тг құрайды.
Дисконттауды есепке ала отырып, өтелімділік мерзімін есептеу кезінде жыл сайынғы кірістерді мәндері бастапқы деңгейге сәйкестендіріледі. Біздің мысалда пайыздық мөлшерлеме 12% тең.
Кесте 7 - Өтелімділік мерзімінің есебі
Көрсеткіш |
Бастапқы шарттар |
1-ші жыл |
2-ші жыл |
3-ші жыл |
4-ші жыл |
Түсімдер (табыстар) млн тг |
- |
50 |
100 |
150 |
200 |
12% млн тг дисконттауды алғандағы түсімдер |
- |
44,642 |
79,719 |
106,767 |
127,103 |
Төлемдер (шығындар) млн тг |
250 |
- |
- |
- |
- |
Һтелімділік мерзімі (статистикалық), жылдар |
- |
- |
|
2,67- |
- |
Дисконттауды есепке алғандағы өтелімділік мерзімі сатылу мерзім, жылдар |
- |
- |
- |
|
3,15- |
Көріп отырғанымыздай, айырмашылығы үлкен.
Сонымен, ақшаның уақытша құнын көрсетпейтін нысанда есептелетін өтелімділік мерзімі көрсеткішінің тиімділік шарасы негізіндегі негізгі кемшілігі – ол инвестициялардың жұмыс істеуінің барлық кезеңінің есепке алмайды, демек оған өзінің шегінен тыс жатқан күш әсер етпейді. Яғни бұл көрсеткіш таңдай критерийі ретінде қызмет етпей, шешім қабылдаудағы шектеу ретінде қолданылуы керек.