Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры инв.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.67 Кб
Скачать

6 Бизнес жоспар құрылымы мазмұны

Жаңа өнім өндірісінің бизнес жоспарның келесі құрылымын қарастыруға болады:

  1. Өндірілетін қнім сипаты

  2. Өнімнің өткізу нарығы

  3. Бісекелестері

  4. Маркетингтің жоспары

  5. Өндіріс жоспары

  6. Өндірісті ұйымдастыру

  7. Заңдық жоспары

  8. Қаржылық жоспары

  9. Қаржыландыру жоспары

  10. Резюме

  11. Қосымша

Бизнес жоспарға қосымша ретінде заңдық сипатттағы құжаттар келтіріледі(жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену мен қолдану құқығы)

Өнімнің, нарықтың, бәсекелестредің сипаты, маркетинг жоспары аса маңызды болып табылады, өйткені қандай дәрежеде нарыққа сәттілікпен ену мүмкіндігінен фирманың сәттілігі тәуелді. Бизнес жоспар жаңа бизнестің мақсатын немесе қызмет етіп жүрген бизнестің дамуын, оны басқару жіне ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы, сонымен қатар қойылған мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын қиыншылықтарын талдау негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттаға құжат. Бизнес жоспар жасауда негізгі сұрақтарға көңіл бөлген жөн: сізге қанша құрал қажет? Ақша қалай жұмсалады? Сіз өніміңізді кайда жіне қалай сатасыз? Инвесторларға ақшаны қалай қайтарасыз?

Бизнес жоспар мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:

1 қысқаша сипаттамасы. 2 беттен аспайды, биснес сипаттамасы, басқару,негізгі қаржылық көрсеткіштер инвестиция қажеттілігі.

2 компания. Осы шақтағы компания қызметінің толық сипаты, тарихы ,стратегиясы керек.

3 істің саласы. Саланың шолуы нарықтың өлшемі жағдайында ақпараттарды, осы өнеркәсіптік сала нарығының негізгі қатысушылары, даму тенденциясын қамту керек.

4 өнім немесе қызмет көрсету. Компанияның өнімін немесе қызметін сипаттау. Өндіретін өнім айырмашылығына бәсекелестердің баламаларына көңіл бөліңіз.

5 маркетинг бұл бөлімде өз бизнесіңіздің нарықтық мүмкінжіктерін анықтап, бағалаңыз: өнімге деген қазіргі жіне потенциалды сұранысты анықтаңыз, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарына және бәсекелестеріне нақты және шынайы баға беріңіз. Дұрыс болжамдарға сүйене отырып өз өніміңіз бен қызметеріңізге деген потенциалды қажеттіліктерді анықтаңыз

6 өндірістік іскерлік бұл бөлімде материалды техникалық құралдарды орналасатын жерге және қондырғыларға деген қажеттілікті және команияның мақсатына жетудегі керекті ресурстары сипатталуы керек.

7 басқару. Сіздің кәсіпорыныңыздағы басқарушы құрам мен жұмыс істейтін негізгі адамдардың тапқырлықпен ерекшеленетін және биснесті сәттілікпен жүргізе алатынын көрсетіңіз.

8 инвестицияға деген қажеттілік. Бұл бөлімде компагияның мақсатына жету үшін керекті қосымша қаржылар бағаланады. Барлық есептеулер мен мен болжамдалатын сомалар мұқият құжатталып қаржы бөліміндегі мәліметтерге сәйкес келу керек.

9 Қаржы . бұл бөлімде бүкіл бизнес жоспар дәлелдену керек. Жорамалдаудың негізінде қаржылық болжамдардың өзінен кем түспейді. барлық қаржылық құжаттар тенгемен және доллармен келтірілу керектігіне көңіл бөліңіз.

7. Жобаның коммерциялық орындалуының талдауы

Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәніекі қарапайым сурактың жауабына байланысты болады:

1. Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?

2. Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?

Соңғы жылдардың статистикалық мәліметттері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудң негізгі себебі маркетингтің жеткілікті болмауы.

Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:

1. Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?

2. жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арасындағы балансты ойластыра ма?

3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған бболса, онда лынң мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ма?

4. егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатына жауап бере ме?

5. Егер жоба мемлекеттің саясатына сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек па?

Жобалар қолданыстағы нарықта іске асатындықтан, жобаларды олардың сипаттамасы келтірілуі болу керек. Маркетингтік талдауда да, тұтынушылар мен бәсекелестерді талдау болу керек. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды сегменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек. Маркетингтік талдау нәтижесінің негізінде маркетингтік жоспра құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта қнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімлерінің бар болуын және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек.

Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлдігі қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешңм қабылдау процесі белгіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін азайтады.

Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік сапектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты қолданылатын ақпараттардың шаңайылығы болып табылады. Тқмінде көрсетілген блоктардың қысқаша сипаттамасын көрсетілегн.

Нарықты зерттеу мақсаты – тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарлату үшін нарық сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Сұраныс пен өнімді өткізді талдауда келесі сұрақтар қарастырылуы керек:

  • Потенциалды сатып алушы кім?

  • Өнімді сатып алу себептері қандай?

  • Сатып алу қалай жүргізіледі?

  • Қандай ақпараттар керек және оларды қалай жинауға болады?

  • Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек. Нарыққа енген жаңа қатысушылардың (болашақ бәсекелестер) мүмкіндіктері мен мәнін және тауар алмастырушылар тарапынан (мысалы, мақта мен синтетика, алкагольсыз сусындар мен жеміс-жидек шырындары) бәсекені бағалау керек. Міндетті түрде жауап беретін негізгі сұрақтар мыналар:

  • берілген өнімнің нарықтық құрылымы қандай?

  • Берілген саладағы бәсекенің базасы қандай?

  • Бәсекелестік ортаға институционалды шектеулер қалай әсер етеді?

Маркетингтік жоспар жобаның құрамдас бөлігі болу керек. Оны жасау кезінде маркетолог келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • Өнім қаншалықты жақсы өнделген?

  • Баға белгілеудің дұрыс стратегиясы анықталды ма?

  • Тауарды нарыққа ұсынудың дұрыс стратегиясы анықталады ма?

  • Өнімді өткізу жүйесі сатушы мен сатып алушы арасында тиімді байланыс қалыптастыра ала ма?

  • «аралас маркетинг» элементтері істі жүргізіп отырған біртұтас маркетингтік жоспарға біріктірілді ме?

Қорыта келегенде, маркетингтік бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға ешқашан жете алмайтын жағдайлар кесдеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]