- •Инвестиция түсінігі және мағынасы.
- •2. Инвестиция түрлерінің жіктелуі.
- •3. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестиция қызметі
- •4. Бизнес-жоспар түсінігі, экономикалық мағынасы
- •Бизнес жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.
- •6 Бизнес жоспар құрылымы мазмұны
- •7. Жобаның коммерциялық орындалуының талдауы
- •8. Техникалық талдау
- •1) Технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
- •2) Технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
- •Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.
- •Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізеді.
- •Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
- •11. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. Өтемділік мерзімі
- •12. Дисконтталған критерийлер.
- •Ағымдағы таза құндылық;
- •13. Ағымдағы таза құндылық.
- •14 Табыстылықтың ішкі нормасы.
- •15 Инвестициялық жобаның қауіпсіздік нүктесін табу, қауіпсіздік қорын есептеу, әдістері, графигі
4. Бизнес-жоспар түсінігі, экономикалық мағынасы
Бүгінгі Қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр: бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық экономика қатарына еніп, іске кедергі кетіруде. Бұның неге әкеп соғатыны шетелдік инвесторлармен байланыска түскенде белгілі болады. Несиені алуға кедергі келтіретін бөгеттердің бірі кәсіпорындардың көп бөлігі ТЭД-ді, біріншіден, жобалардың экономикалық тиімділігін, өтемділігінің есептеулері жоқ сызбалардың жиынтығы деп түсінеді. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. "Инвест жоба" ж/е "бизнес-жоспар" түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында едәуір айырмашылықтар бар.
"Бизнес-жоспар" термині біздің тәжірибемізде 90 ж басында қолданыла бастады. Ол кезде еліміз экономикалық қайта құрылу дәуіріне енді және заманнын өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда "кәсіпкерлік іскерліктің жоспары" дегенді білдіреді және осы құжаттын мәнінің жоғары болғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшінтиісті құжаттармен қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді, жүуелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті тұргыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділгінбизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдеә алатын құжат.
Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бинестің потенциалды қатысушылары мен көмекшілеріне, жергілікті әкімшілгіне, мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге;
Б-ж -ды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттардың құпиялылығын білдіреді, әрине, бұл туралы арнайы жазбалар болуы керек.
Б-ж мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл онда сақталган ақпараттардың толық екендігін білдіреді.
Бизнес жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.
Бизнес-жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау. Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады. Кәсіпорынның капиталды активтеріне ресурстарды салғаннан кейін олар «байланысты» болып қалады да, кәсіпорынның осы мүлік түріне салынған қаржылық ресурстардың сипаты өзгереді, шығындардың «капиталдығы» олардың өндірістік процеске қатысатын басқа шығындардың түрлерінен айырмашылығын, үлкен ақша сомасының ұзақ мерзімге оқшаулануын білдіреді. Бұл капиталдық салыным сатып алынған активтерді қолданудың бүкіл кезеңінде табыс әкелуі тиіс, инвестор салынған капиталынан күтетін табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған салымының табыстылығынан кем түспеуіне үміттенуге құқылы. Жұмыс істеу кезеңінің соңында активтер белгілі бір жойылу құнына ие болады немесе ешбір жойылу құнын иеленбейді. Капиталдық активтерге жұмсалатын ақша құралдары шикізатқа, материалдарға, еңбек ақысына кеткен шығындардан ерекшеленеді. Бұл мыналармен байланысты:
• өнімді өндіруге және өткізуге кеткен ағымдық шығындарды, құралдардың айналыс процесіндегі ұзақ үзіліске жол бермей, өнімді өткізгеннен түсірілген пайдадан жүйелі түрде жабу керек;
• капиталдық салынымдар, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс әкелетін негізгі құралдар түріне айналады, сондықтан осындай шығындардың толық ақталуы инвестиция айналысының бұдан да ұзақ мерзімде толық циклды іске асуын білдіреді. Осыған байланысты қабылданған шешімдер ұзақ мерзімді сипатқа ие және ақша ағымдарын болжаумен байланысты - бұл күрделі жұмыс, өйткені көптеген факторлардың өзгеруіне байланысты инвестицияландыру нәтижелерінің де тербелісі болуы мүмкін екенін есепке алу керек.
Жоғарыда айтылғандардан мыналар шығады:
• барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады, өйткені көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын ала анықтайды. Инвестициялық шешімдер – ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты кәсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы және ішкі факторларды есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді;
• инвестициялық шешімдер белгісіздікпен және тәуекелмен байланысты, сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды қолдануды керек етеді (тәуекелдерді талдау);
• инвестициялық шешімдердің белгісіздігі мен тәуекелдерінің минимизациялануы жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға негізделуі керек (шынайы және кешендік).
