Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры инв.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.67 Кб
Скачать

3. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестиция қызметі

Кәчіпорынның инв қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль аткаратын және өзіне тән заңдылықтармен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар өзінің эконом.табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инв процесс кәсіпорынның инв жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:

- кәсіпорыннын өмір сүру цикл сатылары

- жалпы даму стратегиялары

- инв ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтық жағдайы

- құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инв тартымдылығы

Сонымен, егер бастапқыда инв-ны жүзеге есыру жетекшілері өз бетінше инв-ға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инв-лардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестизиялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.

Кәсіпорынның инв стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инв жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шар. қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инв жоспарлардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инв нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашан да экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асыру мерзімі б/ша үйлеседі.

Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жана өнім өндіру, өнд шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қорш ортаны қорғау т.б.

Кәсіпорыннын инв қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелестік ортада дамудын балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелестік орта бір немесе басқа да салаларга тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық басқа да факторлардың ықпалында болады.

Инв қызмет атқарылмаган жагдайда кақыт оте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физ тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынган құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.

Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі.

Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа техн. шешім қабылдаумен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын инновациялармен байланысты.

Кәсіпорынның инв стратегиясын қалыптастыру кәсіпорыннын да, потенциалды стратегиялық инвестордын да ортақ мүдделерінің ұиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуга және инв объектіні стратегиялық инвестор тұргысынан көре алуы мен онын инв тартымдылыгын бағалай алуына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]