
- •1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары
- •2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.
- •4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
- •5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
- •6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
- •7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
- •8.Климаттың рекреациялық маңызы.
- •9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
- •10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
- •11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
- •12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері
- •13. Еуразияның жалпы сипаттамасы
- •14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы
- •15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері
- •16. Шетелдік Еуропаның климаты
- •17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі.
- •19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.
- •20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы.
- •22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы.
- •23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
- •24. Шетелдік Азияның климаты.
- •25. Шетелдік Азияның ішкі сулары.
- •26. Шетелдік Азияның жануарлары мен өсімдік әлемі.
- •28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •29. Тмд табиғатының жалпы сипаттамасы
- •31. Тмд климаты
- •32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану
- •33. Тмд өсімдігі мен жануарлары
- •34. Тмд табиғи зоналары
- •35. Тмд географиялық аудандары мен олардың географиялық сипаттамасы
- •36. Тмд ұлттық саябақтары мен қорықтары.
- •37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
- •38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы
- •Сауыр-Тарбағатай
- •39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы тмд нің ең ірі рекреациялық аумағы
- •Туризм и отдых
- •Туризм на Кавказе
- •40. Африканың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы
- •41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті
- •42. Африка климаты
- •43. Африканың ішкі сулары
- •44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •45. Африканың таиғи зоналары
- •46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
- •47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
- •48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар
- •50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары
- •51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы
- •54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері
- •55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
- •58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары
- •59. Оңтүстік Американың жер бедері
- •60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.
- •62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері.
- •63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.
- •64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.
- •65. 66. Австралияның жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы.
- •67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері.
- •69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері
- •70. Өздерін ойдан жзазасындар
- •72.Францияның табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру
- •73. Италияның табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру
- •75. Альпі елдерінің табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •76. Шығыс Азия табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •79. Азияның ең биік таулы аймақтарының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •80. Қазақстан табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •81. Шығыс Еуропа жазығының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •82. Сібір аймақтарының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •83. Ресей Қиыр Шығысының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •84. Батыс Азияның табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •85.Солтүстік Американың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •86. Оңтүстік Американың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •87. Шығыс Африканың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •88. Африка елдерінде сафари және ралли ұйымдастыру мүмкіншіліктері. Сафари тур ұйымдастыру мысалы.
- •89. Солтүстік және Орталық Тянь-Шань тауларының сипаттамасы.
- •90. Қазақстан мен Орталық Азия табиғатын зерттеген атақты ғалымдар туралы сабақ жоспарын құрастыру.
16. Шетелдік Еуропаның климаты
Теңізге жақын орналасуы климатқа үлкен әсер етеді. Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай. Атмосфералық жалпы айналымының қалыптасуына Атлант мұхитынан келетін Гольфстрим жылы ағысының Солтүстік Атлант жылы тармағы әсер етеді. Циклондық әрекеттердің нәтижесінде қысқы айлардың изотермалары ендік бағыттан ауытқып, Еуорпаның көпшілік бөлігінде қысқы айлардың орташа температурасы орта ендік температурасынан едәуір жоғары болады. Еуропаның шығыс бөлігінің климаты континенттік. Атлант мұхиты үстінен келген жылы, ылғалды ауа массалары суық континенттік ауа массаларымен түйісетін жерде солтүстік полюс шеңберінен 50-параллельге дейінгі аралықта полюстік шеп түзіледі. Мұнда қысы суық, боранды, қарлы, жазы жылы, оңтүстік-шығысында ыстық. Солтүстігіндегі аралдарға субарктикалық және арктикалық климат тән. Оңтүстік Еуропаның климаты жерортатеңіздік, қысы жұмсақ, әрі ылғалды, жазы ыстық келеді. Қаңтар айының орташа температурасы арктикалық аралдарда — 24°С, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеулерде 12°С. Маусым айындағы температура арктикалық аралдарда 3°С-тан, оңтүстігінде 29°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы аймақтарда 1500 — 2000 мм-ден (Скандинавияның жел өтіндегі беткейінде 2500 мм), Каспий ойпатында 200 мм-ге дейін ауытқиды. Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен, жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол батыстан шығысқа қарай азая береді. Жерорта теңізінде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс айларында жауады. Мұнда жаз айларында ылғалдың жетпейтіні байқалады. Дүние бөлігіндегі мұздықтардың аумағы 118 мың км2. Олардың ең көп жиналған жерлері: Шпицберген (58 мың км2), Жаңа Жер, Франц-Иосиф Жері, Исландия аралдары және Скандинавия таулары. Мұздың қалыңдығы 400 — 600 м-ге, кейде 1000 м-ге жетеді. Жерортатеңіздік климат – материктердің батысында, субтропиктік белдеуде кездеседі.
Жерортатеңіздік климат ерекшеліктері:
Қысы онша суық емес, жауын-шашын мөлшері көп, мұның себебі қыста солтүстіктен оңтүстікке қарай полярлық ауа келеді, қысымы жоғары. Айналасына жылжиды.
Жазы күн ыстық, құрғақ болады. Оңтүстігінен тропик ауасы келеді, кей кездері мөлшері көп жауын шашын болады. Жағажайы демалысқа қолайлы.
Шарап жасайтын аудандар көп кездеседі, жақсы қалыптасқан. Мұның себебі жүзім үшін өте жайлы климат. Қаңтарда 500С тан жоғары.
17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
Еуропа су ағынының қалыңдығы жөнінен (295 мм-дей) дүние бөліктері ішінде Оңтүстік Америкадан кейін 2-орында. Жылына Еуропаның жер бетіне 4148 км3 атмосфералық ылғал түседі. Ылғалдану дәрежесіне қарай ағын батыстан шығысқа қарай және солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Оның көпшілік бөлігі Атлант мұхиты мен оның теңіздері алабына, қалғаны Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі ағын алабына (Каспий теңізіне) жатады. Ірі өзендері: Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), Рона, Сена, Луара, Тахо, По. Олардың барлығында дерлік кеме жүзеді. Шығыс Еуропа жазығындағы өзендердің ағысы баяу, аңғарлары террасалы және кең болады. Олар қар және ішінара жаңбыр суымен толығады. Қыста оңтүстігінде 1,5 — 3 ай, солтүстігінде 7 — 7,5 ай бойы мұз қатып жатады. Фенноскандиядағы өзендер қысқа, аңғарлары жарқабақты, шоңғалды келеді. Өзен еңістігі үлкен. Орта бөлігінде 2 — 3 ай, солтүстігінде 7 — 7,5 ай бойы мұз қатып жатады. Орталық Еурпаның жазық өңірлеріндегі өзендер, негізінен, жаңбыр суымен толығады. Суы қатпайды, немесе бірде қатып, бірде еріп жатады. Биіктігі орташа тауларда өзендер көктемде қатты тасиды. Альпінің биік таулы аудандарындағы Рейн, Рона, По өзендерінің сол салаларының, Дунайдың оң салаларының жоғарғы ағыстары қар, жаңбыр суымен қоса, мұздықтардан да толығады. Жерорта теңізі алабына жататын өзендерде су деңгейі күзде және қыста едәуір көтеріліп, жазда төмендейді. Еуропада көлдер біркелкі орналаспаған. Солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігіндегі мұз басуға ұшыраған аймақта (Фенноскандия) және Британия аралдарында, Альпі өңірінде, Польша мен Германияда көлдер көбірек кездеседі (Ладога, Онега, Венерн, Веттерн, Меларен, Женева, Балатон, т.б.). Жазықтар мен өзен жайылымдарында атыраулық көлдер, Қара және Азов теңіздерінің жағалауында лагуналық, Балқан түбегінде тектоникалық, Исландия мен Апеннин түбегінде жанартаулық көлдер кездеседі. Еуропаның аридтік оңтүстік-шығыс өңірінде сортаң және күшті минералданған тұйық көлдер (Эльтон, Басқұншақ) жатыр. Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар демалыс-сауықтыру орындары саналады. Сонымен қатар, Еуропа жерінде 30-дан астам аса ірі және 2000-нан астам шағын бөгендер салынған.