Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

86. Оңтүстік Американың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.

Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады. Оңтүстік Америка -- батыс және оңтүстік жарты шарлардың қиылысуында орналасқан құрлық. Солтүстігінде -- Гальинос м, оңтүстігінде -- Горн м, батысында -- Париньяс м, шығысы -- кабу--бранку мүйістері бар. Жер көлемі - 18,3 млн км квадрат. Ең ұзын тау -- анд тауы, ұзындығы 9000 км. Оңтүстік Америка жерінің ауаны аралдарымен қосқанда 18,3 млн км², үлкендігі жөнінен 4 орынды алады. Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:

- Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы жөнінен өте үлкен өзен Амазонка орналасқан.Оның жылдық ағыны 7000 км³, су жинау алабының ауданы 7 млн км² асады.

- Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель орналасқан,ол 1054 м биіктіктен құлап ағады.

- Анд тауларына дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі –Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км², тереңдігі 304 м.

- Оңтүстік Америка –Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк,жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр .

- Материктегі аса ірі тау жүйесі-Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады.Ұзындығы 9000км-ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады.

- Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320 км,екі 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі Өзен сағасы-Ла - Плато орналасқан.

- Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі –Аконкагуаның биіктігі 6960 м, ал Вальдес түбегіндегі материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40м) орналасқан.Оңтүстік Америка Сотүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды.

Материк пішіні солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан,ұшбұрышқа ұқсайды. Материк жағалауларына жақын маңызды аралдар аз,тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі.(атластан табыңдар).Аралдарының ең ірісі Магеллан бұғазы арқылы материктен бөліп жатқан Отты жер аралы.

Шеткі нүктелер.

1) Солтүстік нүктесі-Гальинас м-12°с.е 72°б.б

2) Оңтүстік нүктесі –фроуэрд 54°о.е-71°б.б

3) Батыс нүктесі-Париньяс 5°о.е.-82°б.б.

4) Шығыс нүктесі-Кабу-Бранку7°о.е. 34°б.б.

Градус және километр есебімен , материктің ең шеткі нүктелерінің солтүстіктен оңтүстікке , батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтықты анықтау.

Мысалы, экватордан Гальинас нүктесіне дейін 12°, 111*12=1332км .Ал экватордан Фроуэрд нүктесіне дейін 54°,

Материктің батысын Тынық мұхит, ал шығысын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр.Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхитының материк табиғатына тигізетін әсері онша емес. Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перуана ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады.Осында Атакама шөлі орналасқан.Материк табиғатына Атлант мұхитының әсері өте зор:дүние жүзіндегі ең ылғалды мптерик болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін Атлант мұхитынан алады.