Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

85.Солтүстік Американың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.

Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Евразия мен Африкадан кейінгі 3-материк, жалпы жер көлемі 24,2 млн км2 . Халқының саны 380 милионнан астам, оның 20 милиондайын жергілікті халықтар – үндістер құрайды. Материк табиғатына өзіндік сипат беретін жағдайлар – оның батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай биік Кордильер тау жоталарының созылып жатуы, солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде жазықтар мен қыраттардың, аласа таулардың орналасуы.

Солтүстік Америка табиғатындағы негізгі ерекшеліктің бірі – табиғат зоналарының меридиан бойымен бағытталып келуі. СОЛТҮСТІК АМЕРИКА – батыс жарты шардағы құрлық. Жер аум. 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солт. Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Қрі аралдары: солт-нде Гренландия, Канаданың Арктик. топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Королева Шарлотта; шығ-нда Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солт-нде), Лабрадор, Флорида (шығ-нда), Юкатан (оңт-нде), Аляска, Калифорния (бат-нда). СОЛТҮСТІК АМЕРИКА – батыс жарты шардағы құрлық. Жер аум. 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солт. Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Қрі аралдары: солт-нде Гренландия, Канаданың Арктик. топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Королева Шарлотта; шығ-нда Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солт-нде), Лабрадор, Флорида (шығ-нда), Юкатан (оңт-нде), Аляска, Калифорния (бат-нда). С. А. қиыр солт-те арктик. белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды. Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады. Тынық мұхиты алабындағы өзендер (Юкон, Колумбия, Колорадо, т.б.) қысқа, суы мол болып келеді. Солт. Мұзды мұхит алабындағы өзен торлары толық жетілмеген, көлдер мен батпақтар көп. Қрі өзен жүйесі – Финли – Пис-Ривер – Еріксіздер – Макензи. Құрлықтың мұз басқан солт. бөлігі мұздық-тектоник. көлдерге бай: Ұлы көлдер, Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көлі, Бұғылы көлі, т.б. орт. Америкада (Никарагуа қолатында) ірі тектоник. көлдер – Никарагуа және Манагуа орналасқан. Үлкен Алап үстіртінде ылғалды плейстоцен дәуірінен қалған Үлкен Тұзды көл бар. Жағалық ойпаттарда лагуналық, Кордильерада жанартаулық көлдер кездеседі. Солтүстік Америка батысында Тынық мұхитымен, шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитымен шайылады.Батысында Еуразия құрлығынан Беринг бұғазы айырып тұр, оңтүстікте Оңтүстік Америкадан Панама арнасы айырып тұр.Солтүстік Америка құрамына көптеген ірі Гренландия, Канада арктикалық архипелаг, Алеут, Ванкувер аралдары кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]