Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

80. Қазақстан табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан. Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары. Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент өндірілуде және пайдаланылуда: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан қазірдің өзінде вольфрамның әлемдегі ең ірі өндірушісі болып табылады, ал оның қоры бойынша дүние жүзі елдерінің арасында бірінші орында, хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша - екінші орында, қорғасын мен молибден - төртінші орында, Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы қорлары бойынша - сегізінші орында (16,6 миллиард тонна).

Қазақстан Республикасында мұнай мен газдың әзірге тек 160 кен орны барланған, ал өндірілетін мұнай қорлары 2,7 миллиард тоннаны құрайды.

Бүгінгі күнгі Қазақстанда алтынның шамамен 300 елеулі кен орындары болжамдалған, олардың ішінен 173- і егжей-тегжейлі барланған.Қазақстанның аумағында 100-ден астам көмір кен орындары барланған, олардың ең ірісі –қоңыр көмір қыртыстарының үлкен қуаттылығымен ерекшеленетін Екібастұз кен орны, және 50 миллиард тоннадан астам кокстенген көмір қорлары бар Қарағанды көмір бассейні.Қазақстанда калийдің және басқа тұздардың, борат, бром қоспаларының, сульфаттардың, фосфориттердің, лак және бояу өнеркәсібіне қажетті алуан түрлі шикізаттардың, күкірт қышқылы және басқа химиялық өнімдердің өндірісін ұйымдастыруға арналған полиметалл кендерінің құрамындағы күкірт колчеданның мол қорлары бар.Қазақстанда шыны және фарфор-фаянс өнеркәсібінде қолданылатын аса бай шикізат ресурстары бар: сирек кездесетін асыл тастар, алуан түрлі құрылыс және қаптауыш материалдар.