Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.

Ылғалдық экваторлық зонада шағын денелі бақырауық, ілмеқұйрық маймұлдар, тапир, опоссум, ең ірі шошқа капибарадан,жыртқыштардан ягуар,пума,ең кіші құс калибри,қауырсыны әр түрлі тоты құс,анаконда ұз м. Саванналар мен сирек ормандар пекари, ергежейлі бұғылар, жалды қасқыр, нанду түйеқұсы т.б. кездеседі. Субтропиктік далалы зона оцелот,пампа бұғысы,пампа мысығы,пампа түлкісі т.б кездеседі. Шөлейт зонасы ең ірі жануары гуанака ламасы,пума,көзілдірікті аю,терісі өте бағалы кеміргіш шиншилла,ең ірі жыртқыш құс кондор салмағы 9-12кг,ұз 3м,таудың оңт магеллан пингвині кездеседі. Парагвай анакондасы.

Жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен және эндемизм дәрежесінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Орталық Америкамен бірге Неотропиктік фауналық облысқа біріктіріледі. Сүт қоректілерден қалталы тышқандардың 70-тен астам түрі, құмырсқа жегіштің 3 түрі, сауыттылардың 20-дан астам түрі, жалқау аңның 5 түрі, приматтар және ірі жыртқыштардан: қабылан, шибөрі, оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Тұяқтылардан тапирдің 3 түрі, пекари, амазона бұғысы кездеседі. Андтың биік бөліктерін терісі өте бағалы аң – шиншилла мен америкалық өркешсіз түйе – ламаның екі түрі (гуанако және викунья) мекендейді. Құстардың 2,5 мыңнан аса түрі бар, оның 90%-ынан астамы эндемиктер. Әсіресе, басқа ешбір жерде кездеспейтін нанду, ара, тинаму, кондор, колибри (500 түрі бар), тукан, гоацин, т.б. бар. Жәндіктер, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар да алуан түрлі. Галапагос аралдарының піл-тасбақалары (салм. 200 кг), анаконда (ұз. 11 м), саламандра, аяқсыз амфибиялар, игуана, боа, кайман соған дәлел. Мұнда кездесетін жәндіктердің 5600-ден астам түрінің 3400-ге жуығы эндемиктер. Тірі табиғат байлықтарын қорғау мен сақтау мақсатында Оңтүстік Америкада көптеген экологиялық және биологиялық резерваттар мен ұлттық саябақтар құрылды.

64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.

Оңтүстік америкада ұлттық саябақтар мен қорықтар өте көп деуге де болады. Жау халықаралық паркі бұл парк Бразилияда орналасқан, 1980 жылы негізі қаланған болатын. 2000жылы парк ЮНЕСКОның әлемдік мұраларының қатарына енгізілді. Мұнда өсімдіктің 280турі,жануарлардың 234түрі қорғалуда екен.Чако ұлттық паркі Аргентинада орналасқан яғни оңтүстік американың орталық бөлігінде орналасқан. Гран-Чако жазығының шығысында орналасқан.. жергілікті халықтарының тілінен аударғанда "қорғауға алынған үлкен кең аймақ "деп аударылады екен. Ману ұлттық паркі әлемдік ежелгі тропикалық саябақтардың бірі деп айтсақ та қателеспейміз. Саябақтың негізі 1973 жылы 29мамырда қаланған болатын.14 жыл өткеннен кейін 1987 жылы ЮНЕСКОның әлемдік құндылықтарының қатарына енгізілді, сонымен қатар ол биосфералық қорық деген атқа ие болды. Мұнда өсімдіктің 564түрікездеседі екен. Сонымен қатар көптеген басқа да саябақтарды атап кетуге болады мысалы паракас перудегі,Подокарпус эквадордағы, Лос-Гласьярес Аргентинадағы және де т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]