
- •1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары
- •2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.
- •4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
- •5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
- •6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
- •7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
- •8.Климаттың рекреациялық маңызы.
- •9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
- •10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
- •11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
- •12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері
- •13. Еуразияның жалпы сипаттамасы
- •14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы
- •15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері
- •16. Шетелдік Еуропаның климаты
- •17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі.
- •19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.
- •20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы.
- •22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы.
- •23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
- •24. Шетелдік Азияның климаты.
- •25. Шетелдік Азияның ішкі сулары.
- •26. Шетелдік Азияның жануарлары мен өсімдік әлемі.
- •28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •29. Тмд табиғатының жалпы сипаттамасы
- •31. Тмд климаты
- •32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану
- •33. Тмд өсімдігі мен жануарлары
- •34. Тмд табиғи зоналары
- •35. Тмд географиялық аудандары мен олардың географиялық сипаттамасы
- •36. Тмд ұлттық саябақтары мен қорықтары.
- •37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
- •38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы
- •Сауыр-Тарбағатай
- •39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы тмд нің ең ірі рекреациялық аумағы
- •Туризм и отдых
- •Туризм на Кавказе
- •40. Африканың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы
- •41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті
- •42. Африка климаты
- •43. Африканың ішкі сулары
- •44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •45. Африканың таиғи зоналары
- •46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
- •47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
- •48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар
- •50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары
- •51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы
- •54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері
- •55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
- •58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары
- •59. Оңтүстік Американың жер бедері
- •60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.
- •62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері.
- •63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.
- •64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.
- •65. 66. Австралияның жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы.
- •67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері.
- •69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері
- •70. Өздерін ойдан жзазасындар
- •72.Францияның табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру
- •73. Италияның табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру
- •75. Альпі елдерінің табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •76. Шығыс Азия табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •79. Азияның ең биік таулы аймақтарының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •80. Қазақстан табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •81. Шығыс Еуропа жазығының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •82. Сібір аймақтарының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •83. Ресей Қиыр Шығысының табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •84. Батыс Азияның табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •85.Солтүстік Американың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •86. Оңтүстік Американың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •87. Шығыс Африканың табиғаты және аумақтың табиғи рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
- •88. Африка елдерінде сафари және ралли ұйымдастыру мүмкіншіліктері. Сафари тур ұйымдастыру мысалы.
- •89. Солтүстік және Орталық Тянь-Шань тауларының сипаттамасы.
- •90. Қазақстан мен Орталық Азия табиғатын зерттеген атақты ғалымдар туралы сабақ жоспарын құрастыру.
8.Климаттың рекреациялық маңызы.
Климат – туризм геоортасының ең маңызды элементтерінің бірі. Оның әсері ауа райы арқылы білінеді. Климаттың рекреация үшін жайлылығын бағалау үшін ауаның температурасы мен ылғалдылығының өзара қатынасы, ауаның тазалығы, инсоляция, тұманның, желдің, бұлыңғыр ауа райының сирек болуы сияқты көрсеткіштер маңызды болады. Климатты рекреация үшін бағалау дегеніміз адамның хал күйін әр алуан климаттық факторларының әсерлерін анықтау болып табылады. «Комфорт зонасы» адамның денсаулығына, тұратын жерінен алыс жақындығына, жыл маусымына, метереологиялық элементтердің үйлесуіне байланысты. Мысалы, ауа құрғақ болған кезде ыстық суыққа шыдау оңай келеді, жел жоқ болса, суық соншама қатаң болып көрінбейді және тсс. Климатты бір жүйеге келтіру үшін критериилер алынған: жылу режимі мен ылғалдылық деңгейі, өсімдік реңкі және тб. Б.П.Алисов бойынша климаттық белдеулерін бір немесе екі ауа массаларының басымдылығын ескерте бөледі. Климаттық белдеу шетінде ылғалдану жағдайы бойынша климаттық облыстар ерекшеленеді: ылғалды, жартылай құрғақ, құрғақ.
9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
Таулар – қатты тілімделген биікке көтерілген жер бедер пішіні. Таулар көптеген оң және теріс пішіндерден тұрады: бөлек түрған тау, тау жоталары, тау тізбектері, қыраттар. Биіктігі бойынша таулар аласа, орташа және биік таулар болады. Шығу тегі бойынша таулар тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық тауларға бөлінеді.
10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
Мұхит ағыстары – су массасының горизонтальдық бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын теңіз ағыстары дейміз. Олар дрейф, ағын және тығыздық ағыстарына жіктеледі.
Дрейф ағыстары. негізгі құраушы күш – жел. Экватордың екі жағында пассаттық ағыстар пассаттарға сәйкес жолында құрлық жағалауына тіреліп, ағыстар екі тармаққа тіреледі: оңтүстік және солтүстік. 30-35 С недікте Кориолис күшінің әсерінен олар батысқа қарай бұрылады. Жолында құрлықтарға тіреліп қайтадан екі тармаққа бөлінеді.
Теңіз ағындарын температуралық белгілеріне қарай жылы және суық ағыстар деп бөледі, суық ағыс деп аталатын ағыстардың суының температурасы олардың келетін аудандарының суының температурасынан төмен болады – олар жоғарғы ендіктерден төменгі ендіктерге келетін ағыстар. Жылы ағыс – керісінше, төменгі ендіктерден жоғарғы ендіктерге келетін ағыстар. Беткі ағыстар 100-200 метр тереңдікке дейін байқалады. Тереңдікте циркуляциялық жүйелердің күші азаяды және олар өзінің бағытын ауыстырады. Беткі ағыстардың астында қарама қарсы бағыттағы ағыстар бар (Тынық мұхитындағы Оңтүстік пассат ағыстарының астында – Кронвель ағысы, Атлант мұхитында Ломоносов ағысы, Антигольфстрим).
11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
Шөл – ландшафтың ауа температурасы құбылмалы, жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Геогр. орнына қарай тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктик Шөл немесе мұз Шөлі) Шөлдері болып бөлінеді; тауларда Шөл (суық биіктаулық Шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды. Негізінен Шөлдердегі бұлтсыз ашық күндер саны 197 – 295 шамасында. Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік Шөлде шілденің орташа темп-расы 22 – 32С; ең жоғары темп-расы 50С; тропиктік және субтропиктік белдеулер Шөлдерінде 30 – 38С. Солттүстік Америкадағы Ажал аңғарында ауа темп-расы 56,7 С-қа дейін көтеріледі. Шөлдегі топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. Жылдық жауын-шашын мөлшісі 175 – 200 мм; Такла-Макан Шөліндегі орташа мөлшісі 9 мм шамасында. Судың булануы, жерге сіңу шығыны көп болғандықтан, Шөлден өтетін кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады. Топырақ қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланысты Шөлдің өсімдік жамылғысы негізінен кедей, тек қуаңшылыққа бейімделген өсімдіктер өседі. Шөптесін өсімдіктен эфемерлер және эфемероидтар көп тараған. Субтропиктік және тропиктік, құрлықтың ішкі бөліктеріндегі Шөлдерде, әсіресе Африка, Арабия Шөлдерінде суккуленттер, ксерофиттік бұталар және көп жылдық шөптер өседі. Солттұстік Америка және Австрия субтропиктік Шөлдеріндегі өсімдік жамылғысы басқа Шөлдерге қарағанда түрлерге бай келеді. Шөл жануарлары өзін қоршаған географиялық ортаның қатал жағдайына бейімделген. Қосаяқ, кесіртке, жылан, құм сарышұнақтары, құм тасбақалары, қарақұйрық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Дүние жүзіндегі ең ірі шөл – Сахара. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шөлді аймақтар: Мырзашөл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. Шөлдің ландшафтысы Жер шарының 19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда қалыптасқан; Шөл белдемі.