Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану

По К. П. Воскресенскому (1967), в СНГ  около 2 851 044 озер, причем резко преобладают малые озера с площадями до 1 км2. Из крупных озер следует назвать Каспийское и Аральское, Байкал, Ладожское, Онежское, Балхаш, Имандру, Псковско-Чудское, Селетытенгиз, Пясинр, Кубенское, Иссык-Куль, Кулундинское, Чаны, Ханка и многие другие. Разнообразны глубины озер СНГ  и их высотное положение. Глубины колеблются в пределах от первого десятка метров до 1620 м в озере Байкал — самом глубоком в мире. Высота озер СНГ  над уровнем моря изменяется от — 28 м (Каспийское море) до 1916 л (озеро Севан в Армении).    Озера на территории СНГ  распределены неравномерно в связи с тем, что существование и развитие их требуют наличия котловин и скоплений в них водных масс. Однако чаще они приурочены к провинциям замедленного стока (Л. К. Давыдов, 1953).    В различных провинциях СНГ  озера занимают приблизительно от 1—2 до 25% общей площади территории. Озерность резко выражена на северо-западе Русской равнины, в Западной Сибири, на Лено-Вилюйской, Северо-Сибирской, Колымской и Индигирской низменностях и меньше в других областях СНГ. Средняя озерность территории СНГ  около 4,5%.    Несмотря на неравномерность распределения, нельзя считать случайным существующее в СНГ  размещение озер. Оно обусловлено преимущественно процессами тектоническими ледниковыми, термокарстовыми, суффозионными и т. д.      

Алакөл – Қазақстанның оңт-шығ. бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығ. шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км2- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м3. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км2 – ге жуық. Жалпы көл аралды, түбекті, қайырлы шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жайпақ, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан, солт.-шығ. жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық т.б. аралдары бар. Атырабының климаты тым континеттік. Суының май-ноябрь аралығындағы орташа температурасы 4,5 – тан 15,3 С° –қа дейін; әсіресе қыркүйек айында суы жақсы жылынады. Айдың бетімен есетін минутына желдің жылдамдығы 2 –60 м/с; күзде және қыста күшейеді. Ең күшті толқындарының биікт. 2 – 2,5 м. Қарашаның аяқ шенінде мұз қата бастайды, ақпанда оның қалыңд. 0,8 м-ге жетеді. Майда мұзы түседі.Алакөлге 15 – тен астам шағын өзен құяды. Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты т.б. Алакөлдің көлемі үнемі ауытқып отырады.Мысалы: көл деңгейі 1909 –1946 жылдар аралығында 5,27 м. төмендегені анықталды, 1947-1974 ж. Керісінше 7,18 метрге көтерілді. 1975 жылдан көлдің аздап тартыла бастағаны байқалады. Судың минералдығы ауытқып отырады және тереңдеген сайын бұл шама арта түседі. Химиялық құрамы жөнінен көл суы – хлоридті-натрийлі келеді. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.).Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатра кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Жағасында Көктұма, Рыбачье, Жарбұлақ т.б. елді мекендер бар. Алакөл деп аталатын көптеген су «ойпаттарынның» қасынан атақты Ұлы Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған. Адамдарда өзінен-өзі аяқтарындағы жаралар кетіп, денелеріндегі жаралар тез жазылып, радикулитпен ауыратындар белдегі ауруды ұмытытқан. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып, қоршаған ортаға жағымды әсер етеді

Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі. Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзак геологиялық мерзімде өгті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). П

Өзен

Ұзындығы

Қазақстанда

Ертіс

4 248 км

1 700 км

Есіл

2 450 км

1 400 км

Жайық

2 428 км

1 082 км

Сырдария

2 219 км

1 400 км

Тобыл

1 591 км

800 км

Іле

1 439 км

815 км

Шу

1 186 км

800 км

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.