Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары

Географиялық қабықшада литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера біртұтас бола тұра бірлесіп әрекет жасайды. Географиялық қабықшаның қасиеттері: біртұтастық, әркелкілік, зат пен энергия алмасуы, құрылымның дамуы және үдейіп келе жатқан күрделілігі. Географиялық қабықшаның ең жоғарғы кезеңінде адам өмірге келді, осы уақыттан бастап географиялық ортасына айналды. Жердің үстіңгі қабатының неше түрлі атаулары бар: физикалық географиялық қабықша, географиялық қабықша, биогеоносфера, географиялық орта, эпигеосфера, ландшафт қабықшасы, және т.б. Басқаларға қарағанда ең тәуір көрінетін термин «географиялық қабықша» деп есептейміз. Географиялық қабықша – біздің сана сезімімізден тәуелсіз материалдық жүйе, планетарлық табиғи кешен және оның компоненттері: литосфера, гидросфера, атмосфера, тірі организмдер жердің ішкі энергиясы мен күн энергиясының күшімен бірлесіп әрекет жасауда. Географиялық қабықша шекаралары, геосфералардың өзара енуі жөнінде бірыңғай пікір жоқ.

2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.

Географиялық қабықшаны пішіні бойынша, сонымен қатар шығу тегі (генезисі) және оның қалыптасу факторлары бойынша жіктеуге болады. Эндогендік қалыптасу факторлары: тектоникалық құрылымы, химиялық құрамы, тау жыныстарының генезисі, қатпарлық, жарылулар, жер сілкініс, жанартаулық. Экзогендік: судың, желдің, күн энергиясының, мұздықтардың әсері. Антропогендік: карьер, шахта, бөген, жолдар және т.б. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі.

3. Географиялық қабықша жіктелуінің зоналдық және азоналдық факторлары.

Биіктік белдеулік.

Ең маңызды географиялық заңдылық географиялық зоналық, яғни барлық физикалық географиялық компоненттердің, процестердің өзгеруі: гидрология, климат, гидрохимиялық, топырақ пен өсімдік топтарының таралуы ендік бойынша ауытқып отырады. А.Г.Исаченконың тұжырымы бойынша, үш зоналық заңдылық байқалады:

  1. Ендік бойынша зоналық

  2. Меридиан бойынша зоналық

  3. Биіктік белдеулік

Географиялық қабықшаның ең ірі зоналық бірлігі – географиялық белдеулердің бөлінуінің негізі – климаттық белдеулер: арктикалық, субарктикалық, екі қоңыржай, екі субтропиктік, екі тропиктік, екі субэкваторлық, экваторлық географиялық белдеу.

Биіктік көрсеткіші өскен сайын жердің жылу сәулелерінің мөлшері азайғандықтан табиғи ландшафтар және олардың компоненттері заңды түрде өзгеріп тұрады да биіктік белдеулік пайда болуына себептес болады. Биіктік белдеулер мен ендік зоналардың ауысуында ұқсастық табылса да теңдік жоқ. Биіктік өскен сайын күн радиациясының мөлшері мен қуаты өзгереді, атмосфералық қысым төмендейді, су буы конденсациясының жағдайы, жауын шашын мөлшері өзгереді. Сонымен қатар жер бедерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Әрбір географиялық зонада өзіне тән биіктік белдеулік спектрі болады. Осындай спектр тау жүйесі орналасқан зонаның белдеуінен басталады. Мысалы, тау жүйесі дала зонасында болса, тау етегінде дала биіктік белдеуі орналасады.

Физикалық географиялық ауландастыру тәсілдері:

  1. Бір зоналық немесе азоналдық факторлардың негізінде аудандастыру

  2. Аудандастырудың екі тәуелсіз түрін қолдану: зоналық – белдеулер – зоналар - ……., азоналдык – материктер – субконтиненттер – олкелер – провинциялар.

  3. Физикалы0 географиялык аудандастыру б3рл3ктер3нде зоналық және азоналдық қасиеттерді біріктіру.