Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУП шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
77.41 Кб
Скачать

6.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі бұұ Конгрестері

Бас Ассамблея Комиссияға бес жылда бір рет Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Конгресін өткізуді тапсырды. Бұдан басқа бұл Комиссия қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша БҰҰ бағдарламаларын іске асырылуын бақылайды, аймақтық институттардың шараларын үйлестіруге көмектеседі.

БҰҰ Конгрестері қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша халықаралық ережелер, стандарттар дайындауда маңызды рөл атқарады.

1985 жылы 26 тамыз бен 6 қыркүйегі аралығында Миланда өткен қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Жетінші Конгресі қабылдады. Және әр елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайы мен дәстүрін ескере отырып, ұлттық, аймақтық, аймақаралық деңгейде шараларды қабылдап, жүзеге асыру үшін оларды қолдануға кеңес берді.

БҰҰ қызметіндегі халықаралық ынтымақастықтың дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар факторлар айқындайды:

  • Қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен алмасу қажеттігі:

  • Халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының қылмыстық әрекеттері алаңдатушылық туғызуда;

  • Ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде – олар мемлекеттердегі қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды;

  • Бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулі проблемалардың бірі болып отыр.

7. Интерполдың құқықтық жағдайы

Интерпол– "International polіcie" сөзінің күрделі қыскартылуынан құралған. 1923 жылы құрылған қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы. 1972 жылдан бастап штаб-пәтерінің орналасу орны Франция (Лион қаласы) болып анықталды.

  1. Интерпол қылмыскерлерді тіркеудің халықаралық орталығы ретінде әрекет етеді, сондай-ақ қылмыскерлерді (күдікті, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, ұрланған кұндылықтарды) халықаралық іздестіру жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Интерпол 177 елдің өкілдерінен, әлемнің барлық елдерінің полиция офицерлері жұмыс істейтін Бас хатшылықтан тұрады

  2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерпол» - халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей атсалысатын қылмыстық полицияның жалғыз халықаралық ұйымы болып табылады. Ол 1923 жылы орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықарлық комиссиясы ретінде құрылды. 1936 жылы өз қызметін фашистік Германияның австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 жылы қайта құрылды. Интерполдың жарғысы 1956 жылы күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. Қазақстан оған 1992 жылы мүше болды. Интерполдың штаб пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ-да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды.

  3. Интерполдың негізгі мақсаттары: әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастықпен қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге көмек беретін мекемелерді құру және дамыту.

  4. Интерпол «Қылмыстық полицияның халықаралық шолуын», «Жасандылық пен жалғандылықтар» бюллетенін, ұрланған өнер туындыларын іздестіру бюллетенін, әр түрлі анықтамалық басылымдарды шығарады.

  5. Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, поштп және телеграфтық байланыс бар. Осы құралдар арқылы жыл сайын Интерполдың миллионнан астам ақпараттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радиоторабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беруді және алуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашудың шешуші жағдайы болып табылады.