
- •1.Халықаралық қылмыс пен күрес түсінігі және маңызы
- •2. Халықаралық қылмыстық құқықтық түсінігі мен пәні
- •3. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер
- •4.Бұұ шеңберінде қылмыспен күрестің институционалдық және келісім-шарттық нысандары
- •5.Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот жүргізу жөніндегі бұұ Комиссиясы қызметі (Комиссия оон по предупреждению преступности и уголовному правосудию)
- •6.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі бұұ Конгрестері
- •7. Интерполдың құқықтық жағдайы
- •8. Қр интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері.
- •9. Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары.
- •10.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы
- •11.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары
- •12.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы
- •13.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері
- •14.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде
- •16.Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі
- •17.Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері
- •18.Құлдықпен күреске байланысты қр заңнамасы
- •19.Қазіргі замандағы есірткінің заңсыз айналымы түсінігі мен сипаты
- •20.Есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы халықаралық келісімдер
- •21.Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
- •22.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
- •23. Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988)
- •24.Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес
- •25.Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес
- •26. Заңсыз қаржылық операциялармен халықаралық құқықтық күрес
21.Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
Халықаралық тәжірибеде есірткі қылмысымен күресте қатаң қылмыстық шаралар қолданылуда. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа елдерде осы қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Есірткі саудасы үшін өлім жазасы Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Таиландтың заңнамаларында қарастырылған.
Президент өзінің «Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайларының жақсаруы» атты халыққа жолдауында : «Есірткіні тасымалдау мен тарату үшін белгіленетін жазаны қатаңдату қажет… Есірткі – бұл айрықша жойғыш күш және бұл жерде гуманизм принциптерінің қаншалықты қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында – есірткіні әкеліп, тарататын адамның өмірі, ал екінші басында – сол адамның «көмегімен» қиылған есірткі пайдаланушылырдың өмірлері ».
Осыған байланысты 2008 жылғы 27 маусымда «Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді.
Алайда осы заңдағы жазалардың қатаңдатылуымен қатар, есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін оларды ашуға көмек көрсеткен тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату қарастырылған.
Бүгінгі таңда ойын-сауық орындарында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы уақытта «клуб есірткілерін» (экстази, ЛСД), сондай-ақ көпшілік демалыс орындарында таратуға арналған марихуананы тәркілеу фактілерінің жиілеуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің «Лауазымды тұлғаның немесе ойын-сауық мекемесінің иесі (бұл – ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлік, бильярд, боулинг, кинотеатр және басқа да ойын-сауық, спорттық бағыттағы), сондай-ақ білім беру ұйымдары есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу немесе пайдаланудың жолын кесу үшін шаралар қабылдамағаны үшін» 319 бабы заңнамамен қатаңдатылды. Жаңа заң бойынша есірткі заттарды тұтынудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда міндетті түрде айыппұл мөлшеріне қарамастан мекеменің қызметіне тыйым салынады немесе тоқтатылады
22.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәлелхан САБУРОВПЕН әңгіме.–Дәлелхан Камалбекұлы, қылмыстық іс бойынша заттай айғақ болып табылатын есірткі құралдары мен психотропты заттарды жою тәртібін бекіту туралы Үкімет қаулысы 1 желтоқсаннан бастап заңды күшіне енді. Осы қаулының қабылдану себебі туралы не айтар едіңіз?–Бұл қаулы ағымдағы жылдың маусымында қол қойылған заңсыз есірткі айналымы саласындағы жауаптылықты күшейту туралы заң нормаларын орындау үшін қабылданды. Қылмыстық процессуалдық кодекс сот органдарының қарауына дейін заттай айғақ болып табылатын есірткіні, одан аз мөлшерде үлгі ала отырып, жою мүмкіндігі туралы нормалармен толықтырылды.Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 32 тонна, оның ішінде полиция органдарында 26 тоннадан астам есірткі заттары бар. Бұл өз кезегінде есірткі мөлшерін азайтуға, сақтау және күзетуге байланысты шығыстарды төмендетуге жағдай жасап, сондай-ақ алынған есірткінің “екінші айналымға” кетуіне мүмкіндік бермейді.Біз алынған есірткіні сот шешімін күтпестен жою қажеттігі туралы мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келдік. Себебі сот шешімі жылдар бойы созылып, ал заттай айғақтар сақтау камераларында ұзақ жатып қалады. Түптеп келгенде, есірткіге қатысты шешім біреу, яғни оны жою қажет.Бұл жерде есірткінің бағасы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы туралы да дүбара ой туындайды. Байқасаңыз, біз өзіміз “екінші айналым” үшін жағдай жасап отырғандаймыз. Осыған байланысты аталған заңнамаға алынған есірткіні соттың қарауына дейін жою туралы нормалар енгізілді. Сонымен бірге, егер қажеттілік туған жағдайда қайта және қосымша сараптама жасау үшін әр партиядан жеткілікті мөлшерде үлгілер алынады.– Ол үлгілердің мөлшері қандай болмақ?– Ол есірткінің түріне байланысты және есірткі туралы заңда бекітілген аса ірі мөлшердегі көлемге тең болады. Бұл героин, морфий және кокаин үшін 1 грамды, апиын үшін 100 грамды, гашиш үшін 200 грамды, марихуана үшін 1 килоны құрайды. Аса ауыр есірткілердің ірі партиясы деп 100-200 грамм немесе 5-10 кило героинді айтуға болады. Ал марихуананы біз оннан жүз килоға дейінгі көлемде аламыз.– Жаңа тәртіпке сәйкес жою рәсімі қалай өтеді?Бұл рәсімнің қағидалары өзгермейтін болады. Қазіргі кезде сот шешімі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қысқарту туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін заттай айғақ ретіндегі есірткіні комиссия арқылы жою механизмі қалыптасқан.Енді есірткіні заңсыз айналымнан алып, сараптама жүргізгеннен кейін, тергеуші үлгілерді алу туралы қаулы шығарады және ол міндетті түрде прокурормен келісіледі. Куәлердің қатысуы және бейнежазба қолдану арқылы үлгілерді алғаннан кейін, есірткінің қалған бөлігі жойылады. Жою рәсіміне комиссия мүшелерінен басқа мүдделі тараптардың, сондай-ақ қоғам мен баспасөз өкілдері қатыса алады.– Бұл жаңалықтың халықаралық келісімдерге сәйкестігі қандай, бұл орайда шетел тәжірибесі қарастырылды ма?– Әрине, бұл тәртіпті әзірлеу кезінде БҰҰ Конвенциясы, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынымдары мен баяндамалары пайдаланылды. Мысалы, Қазақстан 1998 жылы маусымда ратификациялаған Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы БҰҰ Конвенциясында тараптардың заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдары мен психотропты заттарды дереу жою немесе заңды мақсатта пайдалану үшін, сондай-ақ мұндай заттардың айғақ ретінде қажетті мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін шара қабылдай алатыны туралы нақты көрсетілген.Осы мәселе бойынша БҰҰ аясында есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорларды сотқа дейін жою жөнінде сарапшылар кеңесі шақырылды және бірқатар ұсыныстар әзірленді. Осылайша есірткі құралдары шартты түрде үш санатқа бөлінді. Әрбір санатқа қатысты оларды жоюдың немесе іске жаратудың мүмкін тәсілдеріне байланысты қауіпсіздік, экологиялық және шығыс факторлары талданды.Заңсыз айналымнан алынған есірткіге оның құрамының ластануына қатысты сараптама жасау экономикалық тиімсіз болатыны ескеріле отырып, оларды өртеу тиімді деп шешілді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның бірқатар нұсқаулықтарында ел үкіметтеріне алынған есірткіні заңды саудалаудан бас тарту қажеттігі көрсетілген. Керісінше, прекурсорларды заңды айналымға шығаруға немесе сатуға рұқсат беріледі, себебі олар әртүрлі өндірістерде кеңінен қолданылады.Осы ұсынымдарды ескере отырып, біз Қылмыстық процессуалдық кодекске толықтырулар әзірледік және онда тек есірткі құралдары мен психотропты заттар ғана емес, прекурсорлар да ескерілді. Мұндай нормалар көптеген елдердің заңнамаларында бар.– Қазіргі уақытта комитет есірткіге қарсы заңдарды жетілдіру, нашақорлықпен күрес бағытында тағы қандай жұмыстар атқаруда?– Бұл тұрғыда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар туралы баспасөзде жүйелі жарияланып тұратындықтан көп тоқталмай-ақ қояйын. Тек маңызды проблемаларды шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты қызметіміздің екі бағытын айта кетсем деймін.Бірінші мәселе, Шу алқабындағы қара сораны өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру заңсыз айналымға қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болмақ. 2002 жылы “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өндірістік өндіру бойынша өнеркәсіптер кешенін құру туралы” Үкіметтің қаулысы қабылданды. Қаулы Шу алқабындағы жабайы қара сораны биопластик, медициналық дәрі-дәрмектер, парфюмерия, қағаз және құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалану жөніндегі іс-шараларды жоспарлады. Алайда, осы жобаны негізгі орындаушы Германия тарапының бас тартуынан кейін зауыт құрылысы мүлдем басталмай қалды.2007 жылы біз осы істі қайта бастау жөнінде Үкімет алдында мәселе көтердік. Индустрия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әр түрлі жобаларды қарастырдық, нәтижесінде “XELORІA” қазақстандық компаниясының ұсынысы қолдау тапты. Ағымдағы жылдың 30 мамырында жоғарыда көрсетілген қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде фармацевтикалық шикізатты өндіруді ұйымдастыру жөнінен дайындық жұмыстары басталды.Екінші мәселе – жастар арасында есірткіні теріс пайдалануды анықтау тетігін құру. Біздің ойымызша, осы саладағы тиімді шаралардың бірі – ағзадағы биологиялық сұйықтыққа тест жүргізу. Есірткіге тәуелділікті бастапқы кезде анықтау оң шара қабылдауға және білім беру мекемелерінде есірткіні теріс пайдаланушылар деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, тест жүргізу жасөспірім үшін күшті психологиялық фактор болып табылады әрі есірткі пайдаланушылардың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, оқу орындарында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөнінен іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады.