
- •1.Халықаралық қылмыс пен күрес түсінігі және маңызы
- •2. Халықаралық қылмыстық құқықтық түсінігі мен пәні
- •3. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер
- •4.Бұұ шеңберінде қылмыспен күрестің институционалдық және келісім-шарттық нысандары
- •5.Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот жүргізу жөніндегі бұұ Комиссиясы қызметі (Комиссия оон по предупреждению преступности и уголовному правосудию)
- •6.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі бұұ Конгрестері
- •7. Интерполдың құқықтық жағдайы
- •8. Қр интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері.
- •9. Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары.
- •10.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы
- •11.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары
- •12.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы
- •13.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері
- •14.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде
- •16.Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі
- •17.Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері
- •18.Құлдықпен күреске байланысты қр заңнамасы
- •19.Қазіргі замандағы есірткінің заңсыз айналымы түсінігі мен сипаты
- •20.Есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы халықаралық келісімдер
- •21.Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
- •22.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
- •23. Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988)
- •24.Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес
- •25.Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес
- •26. Заңсыз қаржылық операциялармен халықаралық құқықтық күрес
18.Құлдықпен күреске байланысты қр заңнамасы
1926 жылғы 25 қыркүйектегi Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегi Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 ақпанда заңы қабылданды. Құлдық – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы кеңінен өріс алды. Құлдықтың классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. 5 ғасырдан бастап құл еңбегі маңызын жоя бастады. 16 ғасырда Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде құлдық қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды. Құлдық, әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Құлдыққа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында құлдыққа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде бұл шешім көп уақытқа дейін орындалмады. 1807 жылы ағылшын өкіметі де осындай шешім қабылдап, 1826 жылдан кейін ғана толық жүзеге асыруға қол жеткізді. 19 ғасырдың ортасына қарай АҚШ-та құлдыққа қарсы қоғамдық пікір күрт күшейді. Нәтижесінде 1861 – 65 жылдары елде құлдық жойылған солтүстік штаттар мен құл еңбегін пайдаланатын оңтүстік штаттар арасында азамат соғысы басталды. Соғыста солтүстік штаттар жеңіске жетіп, АҚШ-та құлдық толық жойылды. Осыдан кейін Америка құрлығының басқа да елдерінде құлдық пен құл саудасына тыйым салына бастады. Орта ғасырларда шығыс елдерінде (Египет, Сирия, т.б.) көшпелі тайпалардан (түркілер, кавказдықтар, арабтар, т.б.) әкелінген құлдар әскери қызметке кеңінен тартылды. Бұл елдерде әскери құлдардың көптеп жиналуы нәтижесінде олар бірте-бірте алдымен әскери, кейіннен саяси билікті өз қолдарына алды. Дәстүрлі қазақ қоғамында да құлдықтың кейбір белгілері сақталды. Мысалы, соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, бірақ мұнда ежелгі Грекия, Египет, Рим елдеріндегі сияқты құлдықтың классикалық үлгісі болған жоқ. Көшпелі тұрмыста құл еңбегі тиімсіз болды. Сондықтан қазақ қоғамы құлдарды ерікті қауым мүшелері ретінде ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар қазақ қоғамына сіңісіп кетті. 19 ғасырда Қазақстан толығымен Ресей отарына айналып, сыртқы соғыстар тоқтатылғаннан кейін құлдық мүлдем жойылды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада құлдыққа қарсы басталған күрес 20 ғасырда жалғасын тауып, халықаралық мәселеге айналды. 1926 жылы 40 мемлекет құлдыққа тыйым салу жөніндегі Женева конвенциясына қол қойды. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы құлдық пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1956 жылы 59 мемлекет өкілдері қатысқан Женева конференциясы құлдықты, құл саудасын, құлдыққа жақын әдет-ғұрыптар мен институттарды жою жөнінде қосымша конвенция қабылдады