
- •1.Халықаралық қылмыс пен күрес түсінігі және маңызы
- •2. Халықаралық қылмыстық құқықтық түсінігі мен пәні
- •3. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер
- •4.Бұұ шеңберінде қылмыспен күрестің институционалдық және келісім-шарттық нысандары
- •5.Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот жүргізу жөніндегі бұұ Комиссиясы қызметі (Комиссия оон по предупреждению преступности и уголовному правосудию)
- •6.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі бұұ Конгрестері
- •7. Интерполдың құқықтық жағдайы
- •8. Қр интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері.
- •9. Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары.
- •10.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы
- •11.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары
- •12.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы
- •13.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері
- •14.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде
- •16.Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі
- •17.Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері
- •18.Құлдықпен күреске байланысты қр заңнамасы
- •19.Қазіргі замандағы есірткінің заңсыз айналымы түсінігі мен сипаты
- •20.Есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы халықаралық келісімдер
- •21.Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
- •22.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
- •23. Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988)
- •24.Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес
- •25.Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес
- •26. Заңсыз қаржылық операциялармен халықаралық құқықтық күрес
1.Халықаралық қылмыс пен күрес түсінігі және маңызы
Қылмыстылықпен күресудегі мемлекет аралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі олармен күресуде бірлесіп шаралар дайындау мақсатында халықаралық сипаттағы қылмыстар аумағын анықтау болып табылады. Ғылыми айналымға Халықаралық сипаттағы қылмыстар терминін 1977 жылы профессор И.И. Карпец енгізді.
Қылмыстылық жағдайы және онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгілі бір нақты кезеңде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтік құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық бұл болып, өзгеріп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгілі бір даму сатысында пайда болады, әлеуметтік-экономикалық қүрылымдар мен нақты саяси жүйелердің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес түрлі елеулі өзгерістерге де ұшырап отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі рөлі қандай? Ол көбіне-көп сақтандырушы -превентивті, репрессивті және тәрбилеу сипатындағы ішкі мемлекеттік шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар он нәтижелерге жету үшін аздық етеді. Қылмыспен күресте мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл беріліп келеді.
Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын жетілдіру ұлттық және халықаралық денгейде қылмыстылықтың өсіп кетуімен негізделіп отыр.
Халықаралық құқықта қылмыспен күресуде көптеген мемлекеттердіқ бірлескен күш салысуларын белгілейтін қол қойылып ратификацияланған көп жақты конвенциялар мен шарттар бар. Бұл 1961ж. 30.03. есірткі заттары туралы Бірықғай Конвенция, 1971ж. 21.02. психотропты заттар туралы Конвенция, 1971ж. 23.09. азаматтық авияциянық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған зақсыз әрекеттермен күрес туралы Монреаль Конвенциясы.
Халықаралық сипаттағы қылмыспен күрес бойынша көпжақты конвенциялар ынтымақтастықтық мынадай нысандарын қарастырады:
а) көптеген немесе бірқатар мемлекеттер үшін қауіп төндіретін қылмыстарды саралаумен байланысты мәселелерді келістіру;
б) халықаралық сипаттағы қылмыстардық алдын алу және тоқтату бойынша мемлекеттердіқ бірлескен күштерін үйлестіру;
в) қылмыскерлер мен қылмыстарға қатысты юрисдикцияны белгілеу;
г) жасаған қылмысы үшін жазанық болмай қоймайтындығы қағидасын қамтамасыз ету;
д) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету
2. Халықаралық қылмыстық құқықтық түсінігі мен пәні
Халықаралық қылмыстық құқық - бұл жалпы сипаттағы қылмыспен күресу, халықаралық сипаттағы қылмыстармен, сонымен қатар халықаралық қылмыстармен күресу бойынша мемлекеттердіқ ынтымақтастығын реттейтін халықаралық құқықтық саласы.
Қылмыстық құқық дегеніміз – халықаралық қылмыс пен халықаралық сипаттағы қылмыстарды ескерту, болдырмау, олармен мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық принциптер мен нормалардың жиынтығынан түратын халықаралық құқық саласы.
Жалпы қылмыстық істермен мемлекеттер өздерініқ егемендіктерініқ шегінде ұлттық-құқықтық құралдарды негізге ала отырып күреседі. Бірақ мемлекет жалғыз өзі өз аумағынан тыс жүрген, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты жзалаудық болмай қоймайтындығы қағидасын жүзеге асыра алмайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстарға терроризм, ұшақтарды айдап кету, нашақорлықты дамыту, контрабанда, қарақшылық, ядролық материалдарды ұрлау және т.б. жатады. Осы қылмыстардық халықаралық, «шетелдік» элементпен, және де солар үшін жауапкершілік халықаралық келісімдер де қарастырылғандығы олардық халықаралық сипатта болатындығын білдіреді. Солармен күресу мемлекеттердіқ ынтымақтастығынық мақызды бағыттары болып табылады.
Қазіргі уақытта қылмыстық алдын алу бойынша, онымен күресу бойынша және қылмыскерлерді ұстау бойынша халықаралық ынтымақтастықтық әртүрлі нысандары бар. Ол екі жақты, аймақтық және универсалды деқгейде жүзеге асырылады.
Қылмыспен күресудегі мемлекеттердіқ ынтымақтастықтарынық негізгі нысандары болып мыналар табылады:
а) қылмыскерлерді ұстап беру (экстрадиция) және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектер көрсету;
б) ішкі мемлекеттік ғылыми және практикалық тәжірибелермен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу проблемаларын талқылау;
в) мемлекеттерге олардық қылмыспен күресуде кәсіби және техникалық көмектер көрсету,
г) бірнеше мемлекеттерді қамтитын қылмыстармен күресуді үйлестіру.
Келісімшарттарда экстрадициянық, алдын ала ұстаудық процедураларын анықтайтын ережелер, сондай-ақ өз азаматтарын бермеу және өзара көмек қағидалары да бектілген.
Халықаралық қылмыстық құқықтың пәні
Халақаралық қылмыстық құқықтың пәні болып халықаралақ құқықтың нормалары мен қағидаларының реттеуші халақаралық қатынс болып табылыды. Яғни халақаралақ құқықтың субьектілері өзінің міндеттері бойынша іске асырылу барысындағы процесстерінде қалыптастыпылыады.
Құқытық қытынасқа байланысты субьектілерден халақаралақ құқықтың обьектісін айыра білу қажет. Халақаралық құқықтың пәні ол Халақаралақ құқықты бөлу негізіне жатады. Мысалға осылай құқықтық қатынас елшілік қатынастан ерекшеленеді және оны дипломатиялық қатынас деп айтады. Ал егер теңіздер мен мұхиттарды қолданса оны теніз құқығы деп аталады. Осылар сияқты әр саланың өзінің ерекшеліктерін ажыратуға болады. Халақаралық қатынстың субьектілері халықаралық құқықтармен реттелмейді яғни оның пәні болып табылиайды. Қазіргі таңда халақаралақ құқықтың кең мазмұны бойынша қағидалары барлық халақаралық қатынастарды белгілі бір мағына беруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Халықаралық қылмыстық құқықтың пәнінде Халақаралық қылмыстық құқық ғылым пәні ол дегеніміз осы Халықаралық қылмыстық құқықты зерттеу пәні болып табылады. Осы Халақаралақ қылмыстық құқықтың пәні ол осы Халықаралық қылмыстық құқықтың бағытын қарастырып онын жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етіп отырады