
- •21.Сыртқы нарыққа енудің масштабтары және стратегиялық міндеттемелері.
- •22.Аймақтық экономикалық интеграция деңгейлері
- •23 .Экономикалық интеграцияның жағымды және жағымсыз жақтары.
- •25. Шетелдік валюта нарығының мәні
- •26. Валюта курсые анықтаудағы экономикалық теориялар.
- •27. Мәдениеттің сипаттамалық ерекшеліктері ж/е олардың халықаралық саудаға әсері.
- •1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;
- •2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;
- •3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі
- •28. Ұлттық мәдениет ж/е оның халықаралық сауда саласындағы қызметі
- •1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;
- •2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;
- •3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі
- •30.Кедендік одақ және оның мәні
1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;
2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;
3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі
29.Экономикалық одақ құрылуының мәні
Одақ – 1) әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың бірлестігі; 2) мемлекеттік бірлестік (мысалы, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, АҚШ, Чехословакия, Югославия, т.б.); 3) қоғамдық бірлестіктер 4) ортақ бір мақсатқа арналған келісім, шарт (мысалы, Антанта, НАТО, Еуроодақ, т.б.)
Еуразиялық экономикалық қауымдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды.
Мәні және мақсаты;
Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-менжәне басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау; Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің — Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция елдерінің қатысуымен құрылған (1993). ЕО еур. қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым ЕО-тың құрылуына негіз қалады), Еур. экономикалық қауымдастықтың қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. ЕО аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еур. актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары ЕО мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экон. және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта т. жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеум. саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді
30.Кедендік одақ және оның мәні
Қоғамдастықтағы 1995 жылдың басы белсенділіктің жаңа импульсімен басталды, яғни атап айтқанда Белорусь Республикасы, Ресей Федерациясы және ҚР-нын Кедендік оодағы құрылды және жақында оған Қырғыз Республикасы қосылуы мүмкін, сонымен бірге Тәжікстан мен Өзбекстан Республикалары осы одаққа кіретіндігі жөнінде өз мәлімдеулерін жасады
Кедеңдік Одақтың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
-Одаққа қатысушы мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің еркін түрде өзара қарым-қатнасы үшін өте қолайлы жағдайлар жасау;
-Сандық шектеулерді, баж салықтарын, салымдар мен жинауларды алып тастау жолымен өзара сауданы ынтала
-Елдермен сауда жасауда сыртқы экономикалық қызметті тарифтік және бейтарифтік реттеудің біртұтас жүйесін қабылдау.
Одаққа кірушілер арасындағы келісімдер шеңберінде бірқатар келісімдерге қол қойылды:
-Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің біртұтас жүйесі жөнінде;
-Кедендік қызметтерді біртұтас басқару жөнінде;
-Кедендік Одақтың сыртқы шекараларын қорғау бойынша бірлескен күш-әрекеттер жөнінде.
1995 жылдың бірінші жарты жылдығында сыртқы экономикалық, кедендік және жартылай қаржылық заңдылықты унификациялау бойынша барлық қажетті нәрселер орындалды. Сондықтан, Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттер арасындағы Кедендік бөгеттерді алып тастау жағдайлары жасалды.
Ресей, Белорусь, Қазақстан және Қырғызстан шекараларында Урал, Минск, Бішкек зауыттарына және біздің кәсіпорындарға жеткізілуі тиіс темір рудасы, көмір, металл және тағы басқа бұйымдар тиелген вагондардың тоқтап тұруы едәуір азайды. Кедендік Одаққа қатысушы елдердің жүктерінің ТМД-ның басқа елдеріне және алыс шетелдерге еркін транзиттелуін, азаматтардың баж салығынсыз өтуін, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан нарықтарына тауарлардың өзара еркін түрде жеткізілуін қамтамасыз етті.Кедендік Одақтың құрылуының бірінші кезеңінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
-Қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара саудада тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталды;
- Баж салықтарының ұқсас ставкалары және экспорттық-импорттық операцияларды реттеудің біртұтас ережесі белгіленді.
Кедендік Одақтың бірінші кезеңінде-ақ оған қатысушылар арасындағы тауар айналымы-50%-ке өсті. 1996 жылы Кедендік Одақтың құрылуының екінші кезеңінің міндеттерінің бірі- біртұтас кедендік кеңістік шеңберінде тауар өндірушілерге арналған экономикалық және құқықтық жағдайларды кеңестіру.
Екінші кезеңде Одақ механизмін ары қарай жетілдіру мыналардың жүзеге асуын талап етеді:
-Ортақ кедендік территорияны құру;
-Осы территорияға тарифтік және бейтарифтік реттеудің біртұтас әдісін енгізу;