Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меж бизнес 20-30.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
58.07 Кб
Скачать

25. Шетелдік валюта нарығының мәні

Халықаралық валюта қатынасы – бұл әлемдік ақша қызметімен байланысты сыртқы сауда капиталы және жұмысшы күшінің миграциясы, табыс аударымы қарыздар мен демеу-қаржылар, ғылыми-техникалық айырбас сияқты әр түрлі халықаралық шаруашылықтың байланыс түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар. Егер елдің ұлттық валюта жүйесі ақша жүйесімен ұдайы байланыста болса, онда әлемдік валюта жүйесі, халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарының заңды формасын белгілейді. Оған алтын-валюта жүйесі халықаралық есеп айырысудың ақша бірлігі, халықаралық валюта өтімділігінің құрамы мен құрылымы, халықаралық несиелер және бағамдар режимі, валютаның өзара айналу шарттары кіреді.  Әлемдік экономистердің анықтамасына сәйкес, әлемдік валюта жүйесі әлемдік экономиканың дамуымен шарттастырылған және мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілген халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады. әлемдік валюта жүйесінің анықтаушы элементтері болып табылатындар:

  • резервтік валюта бірлігі: ұлттық және ұжымдық;

  • халықаралық өтімділік активтер құрылымы (валюталық құралдар мен алтын валюта резервтері);

  • валюталық бірдейлік пен бағамдар механизмі;

  • өзара қайтарымды валюталық жағдайлар;

  • валюталық шектеу көлемі;

  • халықаралық есеп айырысу формасы;

  • халықаралық валюта нарығы мен әлемдік алтын нарық режимі;

  • валюталық қатынастарды реттейтін мемлекетаралық қаржылық институттар мәртебесі. 

Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының негізгі мақсаты - өздері үшін «сәтті» операцияларды жүзеге асыру. Олар негізінен мынадай: валюта айырбастау алыпсатарлық және арбитражды, шетелдік инвестициялау, төлемдердің халықаралық трансферті (бір елден басқа елге ақша қаражаттары, пайда және басқа да валюталық құндылықтардың аударымы) түрлеріне бөлінеді. Жаһандану нарығында әлемнің ірі қаржылық орталықтарында валюталық қызмет жүзеге асырылады:

  • Азия – Тынық мұхиты аймағы – Сидней, Стнгапур, Гонконг, Токио.

  • Еуропа – Цюрих, Франкфурт, Лондон.

  • АҚШ – Нью-Йорк, Чикаго.

26. Валюта курсые анықтаудағы экономикалық теориялар.

Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.

Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.

Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)

1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе — еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.

Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:

1.Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.

2.Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.

3.Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.

І4.шкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.

Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық айырбас курсы" ұғымы осы номиналды валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.

Елдің тауарлар мен қызметтер экспортының артуы ұлттық валютаның шетелдегі сұранысын арттырады және елдегі шетел валютасының ұсынысын қалыптастырады. Сәйкесінше, елге келетін тауарлар мен қызметтер импортының артуы елдегі шетел валютасына деген сұранысты арттырып, шетелдіктер үшін ұлттық валютаның ұсынысын қалыптастырады. Шетел валютасына деген ішкі сұраныстың артуы елдің ұлттық Банкіндегі экспорттың артуы есебінен қалыптасқан шетел валютасының қорын азайтады. Осылайша, экспорт елдің импортқа төлеуіне қажетті шетел валютасын жинақтауына мүмкіндік береді.

Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта курстары тұсында айырбас курсы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі валютаның теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.

Өте икемді валюта курсы кезінде айырбас курсының ауытқуы шектелмегендіктен импорт пен экспорт көлемдерінің ауытқуының одан әрі сауда балансының, ағымдыө есептің және жалпы төлем балансының жағдайын болжау қиынға соғады. Ал бұл экономиканың тұрақтылығының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Тұрақты валюта курсының кезінде ұлттық валюта курсын Орталық Банк белгілейді. Ол кез-келген көлемдегі шетел валютасын белгіленген курс бойынша сату және сатып алу міндеттемесін өз мойнына алады. әдетте, орталық Банк макроэкономикалық тұрақтандыруды көздеу мақсатында ұлттық валюта курсының еркін ауытқу шектерін белгілейді. Егер валюта бағасы осы шектердің жоғарғы немесе төменгі шекараларына жақындаса, Орталық банк интервенция жургізеді. Төменгі шекке жақындау Орталық Банктен ұлттық валютасы шетел валютасына сатып алуды талап етеді және, керісінше.

Нақты валюта курсы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар. Оны келесі формуламен анықтауға болады:

ЕR = EN • (Pd / Pf)

Мұндағы,

ЕR – нақты валюта курсы;

EN – номиналды валюта курсы;

Pd – ұлттық валютамен берілген ішкі баға деңгейі;

Pf – шетел валютасымен берілген шетелдегі баға деңгейі.

Шетел валютасының курсы төмендегі жағдайлар орын алғанда өседі:

· елдегі ақша ұсынымының ("ішкі" ақша массасы) артуы;

· шетелдегі ақша ұсынысының азаюы;

· шетелдегі нақты ЖІӨ-нің төмендеуі;

· шетелдегі пайыздық ставкасының өсуі;

· елдегі пайыздық ставканың төмендеуі;

· елдегі күтілген инфляцияның көтерілуі;

· шетелдегі күтілген инфляцияның төмендеуі;

·елдегі сауда балансы мен ағымдық операциялар есебі жағдайының төмендеуі.