Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меж бизнес 20-30.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
58.07 Кб
Скачать

21.Сыртқы нарыққа енудің масштабтары және стратегиялық міндеттемелері.

Нарық [— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Сыртқы нарық - елдер, оның ішінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге жататын, бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы арқылы байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының аясы.

Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы даму үрдестеріне келесі  факторлар әсер етеді:

1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;

2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;

3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі.

Әлемдік нарық сыртқы саудамен тығыз байланысты. Сыртқы сауда — бұл тауарларды сырттан әкелу (импорт)  мен сыртқа шығарудан (экспорт) тұратын, бір елдер мен екінші елдер арасындағы сауда болып саналады. Ақшалай түрде көрсетілген импорт пен экспорт сомасы елдің сыртқы сауда айналымын білдіреді. БҰҰ-ның статистикалық басылымы, әлемдік барлық елдер экспортының жиынтық құны ретінде халықаралық сауда көлемінің динамикасы бойынша деректерді жариялап отырады.

Халықаралық еңбек бөлінісі оның негізі болып табылатын жиынтық түрдегі сыртқы сауданы, халықаралық сауданы білдіреді. Сыртқы сауданың даму сипаты, деңгейі мен мәні өндіріс дамуының сипаты және деңгейімен анықталады.

Сыртқы сауда, өндірістің натуралды сипатқа ие болған кезінде, құл иеленушілік құрылыс дәуірінде пайда болды. Ірі машиналы өндірістің дамуымен байланысты имперализм дәірінде, сыртқы сауда неғұрылым кең түрде даму ала түсті.

Әлемдік нарық өндірістің қай жағдайлары қоғамдық қажетті екенін аңықтайды,шығындарды азайту және еңбек өнімділігі мен өндірістің техникалық деңгейінің өсуін ыңталандырады да, осы арқылы тауарлар қалай , қандай ресурстардың көмегімен және қандай технологиямен өндірілетіндігін аңықтайды.Ақырыңда, әлемдік нарық тауарларды кімдер үшін өндіру қажет, әртүрлі табыстар мен әртүрлі мамандығы бар халықтың әр түрлі бөлігінің арасында ұлттық табыс қалай бөліну керек мәселесін шешеді.Әрбір тауар өндірушінің негізгі міндеті нарықта өз тұтынушысын табу, оған өз тауарын сату. Нақ осы тұтынушы өз қолындағы ақшаны пайдалана отырып, ақыр соңында не өндірілетіне және өндірілген тауарлар қайда кететіне қызмет етеді

22.Аймақтық экономикалық интеграция деңгейлері

Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуінэкономикалық интеграция деп атайды.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» — толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестіңдайындық кезеңі.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

 Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын  мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.