
- •3. Экономикалық теория қызметтері.
- •5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •6.Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •7.Өндіріс және оның факторлары.
- •8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •9. Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •10. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Трансформация қисығы.
- •13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық категориясы.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •21. Еңбек бағасының теориясы
- •22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
- •23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24. Ақша функциялары.
- •25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •28.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы..
- •29.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
- •31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және толық жұмысбастылық. Оукен заңы
- •32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •33. Негізгі және айналмалы капитал.
- •35. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •40.Рыноктың артықшылыктары мен кемшіліктері
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
- •47.Монополия және бәсеке.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Дискриминация.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53. Кәсіпорын шығындар теориясы.
- •54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55. Пайда теориясы және оның түрлері
- •56. Жалақының мәні және оның формалары.
- •57.Еңбек-құн теориясы
- •61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •62. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •63.Ұлттық есептеу жүйесі
- •64. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •65. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •72. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •73. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •74.Индустриалды – инновациялық бағдарлама
- •77.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы
- •80 Кәсіпкерліктің әлеуметтік –экономикалық мәні,оның сипаттық белгілері
- •82 Қр жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •83. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •84. Адам Смиттің көрінбейтін қол нарығы.
- •86. Ақша реформасы,себебі,мәні және әлеуметтік салдары.
- •88. Тұк және ұлттық экономика
- •90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және толық жұмысбастылық. Оукен заңы
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз- оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жүмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
"Табиғи" термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді. Біздің іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты "жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі" деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі "экономиканың өндірістік әлуеті" деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика ендіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады .
Y-Y’/Y’=B*(u-u’)
мұнда:Ү — өндірістің нақты көлемі,
Ү» — ЖҮӨ әлеуетті көлемі,
и — жұмыссыздықтың нақты деңгейі
u’- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%
32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын,кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.
Ұдайы өндіріс өнеркісіптік капиталды пайдалану негізінді жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесте, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынана қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады: А-Т ... Ө ... Т1-А1
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы д.а. Формула көрсетіп тұр-капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді: d=A1-A Мұнда A-бастапқы жұмсалған капитал, d-үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауйыспалы айналымнаң әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.