Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.

Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.

Астындағы табиғат зоналары ТМД нікі, осыған ұқсас қылып жазындар, мен таппай қойдым!

  • Арктикалық шөл

  • Тундра – (аралдар мен жағалауларда) жазық жер, батпақ, мүк пен қыналар бар. Жануарлары: марал, писец, тышқан, аю, бұғы, түлкі, қасқырлар, құстар көп кездеседі. Гага ,казарка, гагара, қаздар, үйректер.

  • Орманды тундра – тундра ішінде ағаштар п.б. шырша, ива (тал), қайың. Жануарлары тундраға ұқсас.

  • Тайга – қылқан жапырақты ормандар. Сібір қарағайы, шыршаға ұқсас пихта, Сібір шыршасы.

  • Аралас орман – жай және қылқанды жапырақты ағаштар өседі. Батпақтар көп кездеседі, себебі жауын шашынның ылғалдан асып кетуінен. Ылғалдылық коэффициенті төмен. Өсімдіктер батпаққа лайық, жидек, саңырауқұлақтар көп. Масалар, шыбындар көп.

  • Жалпақ жапырақты орман – шағын, шығысұа қарай жоқ болып кетеді. Климат континенталды., осындай орман үшін ылғалдылық жетіспейді, температура өте жоғары. Үйеңк ормандары бар.

  • Орманды дала - табиғи күйінде орман мен дала алқаптары кезектесіп орналасатын географиялық белдемдер; қоңыржай және субтропиктік белдеулерге тән; табиғат ландшафтыларында далалармен алмасып отыратын ормандары басым құрлықтың табиғи зоналары. Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктер арасында қияқ пен астық тұқымдастар басым өскен түкті қайың, шоқ қарағайлардан тұрады. Мұндай шағын ормандардың аласа ағаштары ретінде солтүстіктің талдары – шілік, сушілік, ақшілік, ойпаң жерлерінің тұзды топырағында қызыл немесе қырғыз қайыңы, құмды, құмдақ жерлерінде қарағайөседі. Құрғақ жерлерінде астық тұқымдас шөптер: қызыл боз, құмдақ боз, бетеге, қоңырбас, арпабас, бидайық, сұлыбас, т.б. тараған. Орманды дала белдемдеріне тән сүт қоректілерге ақ қоян, орқоян, ақкіс, түлкі, қасқыр, елік, бұлан; құстардан құр, кекілік жатады. Қайыңды шоқ ормандарында күйкентай, бөктергі, ителгі, бүркіт, тоқылдақ, торғайдың түрлері, батпақты жерлерде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей кездеседі.

  • Дала – құрлықтардың қоңыржай және субтропиктік белдеулерін қамтитын табиғи географиялық белдем. Климаты құрғақ континенттік. Жауын-шашын (орташа жылдық мөлшері 300 – 500 мм) мен ылғалдылығы әр жылда өзгеріп отырады. Жаз айлары барлық жерде дерлік ыстық (орташа ауа температурасы 20 – 25°С), қатты желдер жиі соғады және қуаңшылық болып тұрады. Қоңыржай белдеудегі дала белдемінің қыс айларындағы орташа жылдық температурасы 0°С-тан төмен (кейде –20°С-қа дейін төмендейді) және тұрақты қар жамылғысы болады. Субтропиктік белдеудегі дала белдемінің қысы жылы, қарсыз. Ауа температурасы 5°С-тан жоғары.[1] Жер беті ағын суының мөлшері шамалы, құрғақ маусымдарда кеуіп қалады. Өсімдік жамылғысы қуаңшылық пен суыққа төзімді шөптесіндерден тұрады. Олар негізінен шымда өсетін астық тұқымдастары мен еркек шөп, атқонақ, арпабас, қау, бетеге, сасыр, селеу, боз бұталы өсімдіктерден тұрады. Жауын-шашын жеткіліксіз жерлерде жусан, сораң шөптер мен эфемерлер, өзен аңғарларында тоғайлы орман, саз жерлер мен көлдердің жағасында қияқ, қамыс, бидайық, ши секілді өсімдіктер өседі. Дала белдемінің топырағы құнарлы. Қоңыржай белдеуге қара топырақ, қызыл қоңыр және қоңыр топырақ, ал субтропиктік белдеуге қоңыр, сұр қоңыр топырақ тән. Таулардағы дала белдемі биіктік белдеулілікке тәуелді. Қоңыржай белдеудегі дала белдемінің басым көпшілігі жыртылған, субтропиктік белдеуі, негізінен, суғармалы егіншілік және жайылымдық мал шаруашылығына пайдаланылады.

  • Шөлейт және шөл