Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

13. Еуразияның жалпы сипаттамасы

Ауданы 53,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.

14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы

Шетелдік ТМД ( елдеріне қатысты). Еуропа 5 млн. Халқы бар

5,4млн. км 2 аумақты қамтиды. Мұнда тарихи тағдырлардың ортақтығымен, тығыз саси, экономикалық және мәдени қатынастармен өзара байланысқан 40-шақты егемен мемлекет орналасқан (шағын мемлекеттерді қосса). Шетелдік Еуропа – дүниежүзілік өркениет ошақтарының бірі, ұлы географиялық ашулардың, өнеркәсіп төңкерістерінің, қала агломерацияларының халықаралық экономикалық интеграцияның отаны. Өздерің білетіндей, «еуропацентризм» дәуірі келмеске кткенімен, бұл аймақ қазіргі кезде де дүниежүзілік саясат пен экономикада өте маңызды орын алады.

Аумағы, шекарасы, орны: басты екі белгісі. Шетелдік Еуропаның аумағы солтүстіктен оңтүстікке (Шпицберген аралынан Крит аралына дейін) 5 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай3 мың км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Еуропа елдрінің ішінде едәуір ірілері де, орташалары да бар, бірақ олардың көпшілігі айтарлықтай емес шағын елдер.

Шетелдік Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын екі басты белгі айқындайды.

Біріншіден, бұл елдердің бір-біріне көршілік жағдайы. Аумағы шағын, шалғай аудандары аз және көлік тез арада өте шығатын бұл елдер, бір-бірімен тікелей шектесіп, жатады немесе олардың арасын болмсы қашықтық бөліп тұрады. Бұған қоса, олардың шекарларын негізінен алғанда, көлік қатынасы үшін айтарлықтай кедергі келтірмейтін табиғи шөптер арқылы өтеді.

Екіншіден, елдердің басым көпшілігінің теңіз маңайына жайғасуы, олардың көбі қатынасы қызыған теңіз жолдарына жақын орналасқан. Аймақтың батыс бөлігіндегі теңізден 480-км-ден, шығысында 600км-ден шалғай орналасқан мекен жоқ. Ұлыбританияның, Нидерландыны, Данияның, Норвегияның,Исландияның, Португалияның, Испанияның, Италияның, Грецияның бүкіл тіршілігі ежелден теңізбен тығыз