Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері

Географиялық белдеулер - географиялық қабықтағы ең ірі зоналық бөлімшелер. Жылу мен ылғал, ауа массаларының айналымы, биохимиялық және геоморфологиялық процестердің өзіндік көрсеткіштері мен ырғақтылығының ортақ ерекшеліктерімен сипатталады. Географиялық белдеулер шегінде климаттық факторлардың күрт құбылуына байланысты жеке белдеулердің ішінде түрлі географиялык зоналар мен зонашықтар бөлінуі мүмкін. Географиялық белдеу, физикалық-географиялық белдеу, табиғи белдеу — Жердің географиялық қабығындағы ең ірі табиғат кешені. Ендік (кейде бойлық) бағытта созылып жатады. Географиялық Белдеу жылудың, сондай-ақ ылғалдың таралуымен, басқа да табиғи кешендермен (топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) тығыз байланысты. Күн сәулесінің Жер бетіне әр түрлі бұрыш жасап түсуі, өз ретінде әрбір белдеуге тән біршама тұрақты ауа массаларын тудырады. Жылу мөлшері мен ауа қозғалыстары белдеу ішінде зат пен энергия айналымдарының мөлшері мен жылдамдығы, геоморфологиялық және биохимиялық процестердің өту шапшаңдығы, флора мен фауна ерекшеліктерінің белгілі бір заңдылықпен қалыптасуын қамтамасыз етеді. Географиялық Белдеу әр түрлі дәрежедегі геогр. белдеушелерге, секторларға және белдемдерге бөлінеді. Географиялық Белдеудің аумағы жер бедері мен теңіз ағыстарына қарай тарылып немесе кеңейіп отырады. Жер шарында (құрлықта да, мұхитта да) жеті негізгі және алты аралық белдеулер бар. Құрлықта, әдетте бір экваторлық белдеу және қос-қостан субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай Географиялық Белдеу болып ажыратылады. Жердің жоғарғы ендіктерінде субарктикалық және арктикалық, субантарктикалық және антарктикалық белдеулер болып бөлінеді.[2]

Географиялық зоналар, табиғи зоналар - географиялық қабықтың біршама ірі бөлімшелері, географиялық белдеулердің термиялық жағдайлары мен ылғалдылығы шамалас бөліктері; жер бетінің физикалық-географиялық бөлінуіндегі ең жоғары сатыларының бірін түзеді. Географиялық зоналардың көптеген атаулары дәстүрде ландшафтының ең манызды ерекшеліктерін тұтас көрсететін өсімдіктердің басым типі бойынша беріледі (мысалы, орман зоналары, дала зоналары, саванна зоналары). Климаттың кеңістіктік өзгерулеріне сәйкес Географиялық зоналардың экватордан полюстерге карай және мұхиттардан материктердің ішіне қарай заңды ауысымы байқалады. Географиялық зоналар көбінесе ендік немесе ендікке жақын бағытта созылып жатады (мысалы, Еуразияда), кейде олар орографиялық жағдайларға және материктердің пішініне байланысты меридиандық немесе меридианға жақын бағытта жайғасады (мысалы, АҚШ пен Канададағы Сеңгір таулардың баурайындағы қоңыржай белдеулердің субмеридиандық бағытта жатқан дала зонасы). Тауларда биіктік белдеуліктердің болуына сәйкес Географиялық зоналардың көрінісіне биіктік белдеулер жатады. Әдетте, Географиялық зоналардың анық көрінетін шекарасы болмайды, бірақ олардың әрқайсысының өзіне тән климаты, топырағы, өсімдіктсрі және бедер түзуші факторлары бар ерекше ландшафт типі болады. Географиялық зоналар өзінің ылғалы- ның, ағынының, өсімдік өсіп-онуінің ерекше ырғақтылығымен, экзогендік геоморфологиялық процестердің белгілі бір үйлесімімен сипатталады; зонашықтар мен секторларға бөлінеді.