Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

59. Оңтүстік Американың жер бедері

Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.

Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.

60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.

Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан. Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.

61. Оңтүстік Американың ішкі сулары және олардың рекреациялық маңызы. Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.

Оңтүстік Америка елдерінің ішкі суларын алып қарайтын болсақ көптеген ең ірі өзендерімен көлдері Атлант мұхиты мен Кариб теңізіне құяды екен. Ең ірі өзендері Амазонка,Парана,Ориноко,Магдалена және т.б. Амазонка өзені ең суы мол өзен болып табылады. Ағысы секундына 220 мың м куб. Ені орта ағысында 5км,ал төменгі ағысында 100км барады екен. Өзеннің 500саласы бар олар екіге бөлінеді; ақ өзендер олардың құрамындағы сазға байланысты,қара өзендер олардың құрамында шіріген өсімдіктер болуы. Суы наурыз сәуір айларында көтеріледі. Толысу 1,5-5 мге дейін болады,сағасынан 1400км-ге дейін кері ағады. Кері ағысты жергілікті халық амазуну деп атайды. Парана мен Ориноко Амазонкадан айырмашылығы олардың суы маусым бойынша өзгереді. Парана аумағы бразилия таулы устіртінен Анд тауларының аралығында орналасқан,онда ең ірі сарқырама Игуас 72 м 300тармаққа бөлініп құлап ағады. Суы мамырда көтеріледі. Ориноко Гвиян таулы үстіртінде Ориноко ойпатында орналасқан. Ең ірі сарқытамасы Анхель сарқырамасы 1050 м. Көлдері Титикака үндіс тілінде қалайы алаңы дегенді білдіреді. Титикаканың оңтүстігінде Поопо тұзды көлі бар, ол жазда кеуіп қалады. Лагуналық көл Маракайбо.