Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары

1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік Америка жағалауындағы Ориноко өзенінің атырауы, Пария шығанағы мен түбегі маңына келіп тоқтаған. Америго Веспуччи қатысқан португал экспедициясы 1501 – 1502 ж. құрлықтың солт. жағалауымен жүзіп, оның құрлық екендігін дәлелдеген. 1507 ж. Лотарингия географы М.Вальдземюллер Веспуччи құрметіне оңтүстік құрлықты Америка деп атаған, кейіннен 1541 ж. бұл атау батыстағы екі құрлыққа да берілді. 1515 жылдың соңында испандық Х.Д. Солис Оңтүстік Американың шығыс жағалауын жүзіп өтіп, 1516 ж. Ла-Платаны, кейіннен Уругвай мен Парана өзендерінің төменгі ағысын ашты. 1520 ж. Ф.Магеллан басқарған испан экспедициясы Ла-Платадан Патагонияға дейін жүзіп, Патагония (Магеллан) бұғазы арқылы Тынық мұхитына өтті. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауын 1522 – 1558 ж. испандықтар ашты. Оңтүстік Америка табиғатының ғылыми тұрғыдан зерттелуі 1735 – 1743 жылдар аралығында жүргізілген француз және испан Экваторлық экспедициясы көмегімен жүзеге асырылды. Ориноко өзені мен Солтүстік-Батыс және Экваторлық Анд тауларында кешенді зерттеу жүргізген неміс ғалымы А.Гумбольдт және француз Э.Бонплан болды. Көрнекті орыс геоботанигі Н.И. Вавилов экспедициясы (1932 – 33) құрлықтың көптеген дәрілік және мәдени өсімдіктерін, олардың таралу аймақтарын анықтады.

Солтүстік Америка қалыптасу тарихы

Еуропалықтар Америкаға келмей тұрып мұнда әр түрлі даму сатысындағы жергілікті үндіс халықтары мекендеген. Халықтың негізгі бөлігі Оңт. Мексиканың таулы аймақтарындағы мәдениеті, қолөнері жоғары деңгейде дамыған өркениетті Майя, Ацтек мемлекеттеріне шоғырланған. Олар аңшылық, балықшылық және егіншілікпен (жүгері, бұршақ, картоп, мақта, қызамық, күнбағыс, асқабақ, темекі) айналысқан. Біршама халықтар тобы (майя, ацтек, кечуо, аймаро, т.б.) этник. аумағын, мәдениетін сақтап қалды. Үндістердің ұсақ тайпалары кейіннен С. А.-ның орманды белдеміне ығыстырылған. Құрлықтың солт. жағалауы мен Гренландияда эскимостар мекендейді. Орта ғасырларда Гренландияға қоныстана бастаған нормандар 11 – 13 ғ-да Ньюфаундленд аралын, Лабрадор түбегін және Баффин т-н ашты. 1492 – 1503 ж. Х.Колумб Багам, Куба, Гаити, Кіші Антиль, Пуэрто-Рико, Ямайка аралдарын, Кариб т-нің батыс жағалауын, Панама мойнағын ашқан. 1497 – 98 ж. Дж. және С. Кабот С. А-ның шығыс жағалауын зерттеді. 1504 ж. француз теңізшілері Әулие Лаврентий шығанағын, 1513 ж. испандық В.Нуньес де Балбоа Панама шығанағы, 1519 – 24 ж. Э.Кортес Мексика таулы қыраты арқылы Тынық мұхитқа шықты. 1648 ж. орыс саяхатшылары Ф.Попов пен С.Дежнев Чукча т-нен Тынық мұхитқа өтіп, С. А-ның Азиядан тар бұғаз арқылы (Беринг бұғазы) бөлінетіндігін дәлелдеді. 1778 ж. ағылшын Д.Кук С. А-ның батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Дж. Поуэлл, Дж. Доусон, А.Брукс, т.б. америка және канада геологтары Сеңгір тауларды, Лаврентий таулы үстіртін, Аляска жотасын (С. А-ның биік нүктесі Мак-Кинли шыңымен) ашуды толық аяқтады.