
- •1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары
- •2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.
- •4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
- •5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
- •6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
- •7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
- •8.Климаттың рекреациялық маңызы.
- •9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
- •10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
- •11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
- •12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері
- •13. Еуразияның жалпы сипаттамасы
- •14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы
- •15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері
- •16. Шетелдік Еуропаның климаты
- •17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі.
- •19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.
- •20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы.
- •22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы.
- •23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
- •24. Шетелдік Азияның климаты.
- •25. Шетелдік Азияның ішкі сулары.
- •26. Шетелдік Азияның жануарлары мен өсімдік әлемі.
- •27. Шетелдік Азияның табиғи зоналары.
- •28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •30. Тмд қалыптасу тарихы жəне жер бедері
- •31. Тмд климаты
- •32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану
- •33. Тмд өсімдігі мен жануарлары
- •34. Тмд табиғи зоналары
- •35. Тмд географиялық аудандары мен олардың географиялық сипаттамасы
- •36. Тмд ұлттық саябақтары мен қорықтары.
- •37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
- •38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы
- •Сауыр-Тарбағатай
- •39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы тмд нің ең ірі рекреациялық аумағы
- •Туризм и отдых
- •Туризм на Кавказе
- •40. Африканың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы
- •41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті
- •42. Африка климаты
- •43. Африканың ішкі сулары
- •44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •45. Африканың таиғи зоналары
- •46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
- •47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
- •48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар
- •50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары
- •51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы
- •54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері
- •55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
- •58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары
- •59. Оңтүстік Американың жер бедері
- •60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.
- •62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері.
- •63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.
- •64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.
- •67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері.
- •69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері
55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
Солтүстік Америка бір-бірінен ерекшеленетін екі бөліктен – Кордильер мен Кордильерден тыс Шығыстан – тұрады.
Кейбір сипаттары бойынша Солтүстік Америка Еуразияға ұқсас. Екеуі де бірдей ендіктерде орналасады, геологиялық тарихы параллелді өтті деп айтуға болады; бір-біріне бірнеше рет қосылып та тұрған. Мысалы, Солт. Американың шығысы бор дәуірінде, яғни 100 млн жыл бұрын Еуропамен бір құрлықта болған, ал солтүстік-батысы төрттік дәуірінде Солтүстік-Шығыз Азиямен біріккен. Беринг бұғазы тек 10 мы жыл бұрын ғана пайда болған.
Еуразия мен Солт. Американың геологиялық құрылымы да, флорасы мен фаунасы да ұқсас.
Табиғи аймақтарының да ұқсастығын байқауға болады. Мысалы, ұлы көлдер ауданы Фенноскандия, Балтық елдері сияқты. Канаданың Альберта провинциясының құрғақ даласы Қазақстанның солтүстігіне, ал Үлкен Бассейн шөлдері мен шөлейттері – Оңтүстік Қазақстанның осындай аумақтарына ұқсайды.
С. А. қиыр солт-те арктик. белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.
Солт.Американың өсімдік жамылғысы Еуразияға ұқсас
57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км2. Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм), Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000 мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін ылғал алады.
Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.