Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

8.Климаттың рекреациялық маңызы.

Климат – туризм геоортасының ең маңызды элементтерінің бірі. Оның әсері ауа райы арқылы білінеді. Климаттың рекреация үшін жайлылығын бағалау үшін ауаның температурасы мен ылғалдылығының өзара қатынасы, ауаның тазалығы, инсоляция, тұманның, желдің, бұлыңғыр ауа райының сирек болуы сияқты көрсеткіштер маңызды болады. Климатты рекреация үшін бағалау дегеніміз адамның хал күйін әр алуан климаттық факторларының әсерлерін анықтау болып табылады. «Комфорт зонасы» адамның денсаулығына, тұратын жерінен алыс жақындығына, жыл маусымына, метереологиялық элементтердің үйлесуіне байланысты. Мысалы, ауа құрғақ болған кезде ыстық суыққа шыдау оңай келеді, жел жоқ болса, суық соншама қатаң болып көрінбейді және тсс. Климатты бір жүйеге келтіру үшін критериилер алынған: жылу режимі мен ылғалдылық деңгейі, өсімдік реңкі және тб. Б.П.Алисов бойынша климаттық белдеулерін бір немесе екі ауа массаларының басымдылығын ескерте бөледі. Климаттық белдеу шетінде ылғалдану жағдайы бойынша климаттық облыстар ерекшеленеді: ылғалды, жартылай құрғақ, құрғақ.

9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы

Таулар – қатты тілімделген биікке көтерілген жер бедер пішіні. Таулар көптеген оң және теріс пішіндерден тұрады: бөлек түрған тау, тау жоталары, тау тізбектері, қыраттар. Биіктігі бойынша таулар аласа, орташа және биік таулар болады. Шығу тегі бойынша таулар тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық тауларға бөлінеді.

Таулар мен тау тізбектері әлемнің барлық континенттерінде бар. Ең биік таулар да, ұзын өзендер де, үлкен шөлдер, жазықтар мен үстірттер де, қалың ормандар мен джунглилер де көлемі мен халық саны жағынан ең үлкен континент боп саналатын Азияда орналасқан. Ол жер шарының 1/3бөлігін алады. Әлемдегі ең биік (теңіз деңгейінен өлшегендегі) тау – Эверест. Ол Непал мен Қытайдың шекарасында жатыр. Жапониядағы ең биік тау – Фудзияма. Фудзи – Токио қаласының оңтүстік-шығысынан небәрі 80 шақырымдай жерде оқшау тұрған жанартау. Батыс жартышардағы ең биік тау

– Аконкагуа. Ол Батыс Аргентинаның Чилимен шекараласқан жерінде орналасқан. Грекиядағы ең биік тау – Олимп тауы. Әлемдегі екінші үлкен континент – Африка. Африкадағы таулардың басым көбі жанартау атқылауынан түзілген. Екі биік шыңдары: Ки ли манджароның биіктігі – 5895

метр, Кенияның биіктігі – 5199 метр. Бұл екеуі де сөнген жанартаулар. Австралиядағы ең биік тау – Косцюшко.

Тау жүйелеріндегі таулар бір-бірінен өзен аңғарлары мен асулар арқылы бөлінеді. Гималай – әлемдегі ең биік тау жүйесі. Ол Пәкістан ның солтүстік-шығысынан басталып, Солтүстік Үндістан, Оңтүстік Тибет, Непал, Сикким, Бутанға дейін жалғасады. Гималайда отыздан аса шың бар. Еуропаның оңтүстігінде-гі Альпі тау жүйесі Францияның оңтүстігінен басталып, Италияның солтүстігі, Швейцария, Лихтенштейн, Германия, Австрия, ловения же-ріне дейін ұласады. Солтүстік Америкада Ка нададан Нью Мексикаға дейін Жартасты таулар жүйесі созылып жатыр. Анд – әлем дегі ең ұзын тау жүйесі. Ол Оң-түстік Америкада ор-на ласқан. Анд биік ті -гі жа ғынан әлемде екінші

орын алады. Қа ра қо рым – солтүстік-шы ғыс Пәкістан мен Солтүстік Үндіс-

танның Қытаймен шекаралас ай-мағында орналасқан үлкен тау жүйесі.