Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері

Солтүстік Америка. қиыр солт-те арктик. белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.

Солт.Еуразия табиғаты. Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Шет аймақтарда мұхиттық (шығысында және оңтүстігінде муссондық) климат орын алады. Тынық және Үнді мұхиттарының ауасы құрлықтың ішкі бөлігіне жылдың жеке маусымдарында ғана муссон түрінде және циклондармен өтеді. Солтүстіктен қыста келетін арктикалық ауа құрлықтың түкпіріндегі тауларға жеткенше еркін таралады. Еуразияның орталық аудандарында континенттік ауа массалары қалыптасады. Кейде кереғар климаттық жағдайлар да орын алады. Құрлықтың солтүстік-шығысында, Оймякон таулы қыраттарында солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі орналасқан (абсолюттік минимум –70ºС). Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады.Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан. Олар: тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт белдемдер. Мұхиттарға жақын бөлігінде олардың шекаралары ендіктен біраз ауытқиды. Қоңыржай белдеудің оңтүстік шетінде жазықтық белдемдер батыстан шығысқа қарай алмасып отырады. Атлант мұхиты маңында орман, Карпат таулары маңында орманды дала,

Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды.