Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы

Солтүстік Американың жер бедері

Географиялық ерекшеліктері:

● табиғатының Еуразиямен ортақ сипаттамалары (геология, табиғи зоналары, жануарлар мен өсімдігі)

● жағалауының жақсы тілімделуі

● Арктикалық теңіздердің күшті әсерінен пайда болған бореалдық және оңтүстік зоналардың жақын орналасуы, температуралық аномалиялар

● жер бедерінің әсерінен географиялық зоналар пішінінің өзгеруі

● Еуразия сияқты, мұнда да төрттік мұзбүркеуінің әсері айқын

Солтүстік Американың сулары:

● Атлант мұхит алабының ролі

● ірі өзендері және олардың сипаттамасы

● көлдері. Ұлы Көлдер

● өзендер мен көлдердің экономикадағы маңызы

● жер асты сулары

● мұздықтар

Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Евразия мен Африкадан кейінгі 3-материк, жалпы жер көлемі 24,2 млн км2 . Халқының саны 380 милионнан астам, оның 20 милиондайын жергілікті халықтар – үндістер құрайды. Материк табиғатына өзіндік сипат беретін жағдайлар – оның батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай биік Кордильер тау жоталарының созылып жатуы, солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде жазықтар мен қыраттардың, аласа таулардың орналасуы.Солтүстік Америка табиғатындағы негізгі ерекшеліктің бірі – табиғат зоналарының меридиан бойымен бағытталып келуі.

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА – батыс жарты шардағы құрлық. Жер аум. 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солт. Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Қрі аралдары: солт-нде Гренландия, Канаданың Арктик. топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Королева Шарлотта; шығ-нда Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солт-нде), Лабрадор, Флорида (шығ-нда), Юкатан (оңт-нде), Аляска, Калифорния (бат-нда).

Солтүстік Американың шеткі нүктелері:

  • Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,

  • Оңтүстігінд Марьято мүйісі (7°12' с.е.)

  • Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),

  • Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').

Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.

Солт. Америка платформасы. Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солт.-шығысы, Гренландия, Ньюфаундленд аралдары, Солт. Аппалач), герциндік (Оңт. Аппалач, Уошито жотасы, Канаданың Арктик. топаралы), мезо-кайнозойлық (Кордильера) құрылымдармен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауларындағы мезо-кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар осы платформалардың плиталары болады. Плейстоценде бүкіл Солт. Американың солт. бөлігін Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі 14 млн. км2 жерді мұздықтар басты. Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада қалқаны (7 млн. км2) кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстарынан (гранит, гнейс) тұрады. Платформаның шөгінді беткі қабаты палеозой, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарымен жабылған. Қргетас аум-нда бірнеше антеклизалар мен синеклизалар бар. Кен байлықтары. Кен байлықтарының негізгі бөлігі Канада қалқаны мен Кордильера тау жүйесінде шоғырланған. Жоғ. көл мен Лабрадорда ірі темір кендері, платформаның шөгінді жыныстарында мұнай мен газдың, тас көмірдің мол кендері бар. Кордильерада алтын, күміс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, Колорадо үстіртінде уран, Аппалач тауларында тас көмір мен темір кентасы, Сеңгір таулардың палеозой шөгінділерінде фосфорит, төм. мезозойда уран кендері бар. Мексика шығанағы жағалауында, Калифорнияда, Оңт. Аляскада, Ұлы жазықтың солт-нде мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған.

Арктик. және тропиктік белдеулер аралығындағы топырақтың барлық түрі кездеседі. Канаданың Арктик. топаралына тундралы арктик. және тундралы-глейлі топырақ тән. Алясканың бат., Алеут аралдарының жанартаулық күлдерін шымтезекті субполюстік топырақ жапқан. Лабрадор түбегінің оңт-нде иллювийлік – темірлі-шірінділі күлгін топырақ, Лаврентий қыратының оңт.-батысында және Ұлы жазықтың солт-нде шымды-күлгін топырақ таралған. Қоңыржай белдеудің оңт. мен субтропикте біркелкі топырақ субмеридиандық бағытта немесе жинақталған массивтер түрінде таралған. Ұлы көлдер мен Солт. Аппалач аудандарында орманның қоңыр топырағы таралған. Орт. жазықтың солт.-батысында прерияның қара топырақ тәрізді қышқылы аз, шіріндісі мол топырағы Ұлы жазықтар шекарасында қара топырақпен алмасады. Ұлы жазықтар мен Колумбия үстіртінде қызыл қоңыр топырақ кең өңірді алып жатыр. Үлкен Алап аймағында сортаңмен араласқан шөлейттің сұр топырағы, құрлықтың ылғалды оңт.-шығыс бөлігіндегі теңіздің сазды және құмдақты тұнбалары үстінде құнарлы қызыл және сары топырақ басым келеді. Миссисипидің бат-нда субтропиктік прерияның қызғылт қара, бұталы даланың сұр топырағы, Мексика таулы қыратында сұр, субтропиктік шөл, Калифорния түбегінде тропиктік шөл топырақтары таралған. Кордильера беткейлеріне әр түрлі тау топырағы, ылғалды бөлігін таудың сұр топырағы, құрғақ өңірін таудың қоңыр топырағы алып жатыр.