Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар

Конго және Шари өзендерінің алабында орналасқан. Территория бөлігін Азанде (биіктігі 600 – 900 м) қыраты алып жатыр. Солтүстік Чад көлінің оңтүстік жағалауындағы жазықпен және Фертип, Яде т.б. тау жұрнақтарымен ұласады. Климаты экваторлық-муссондық, ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы 310С, қыс айларында 210С. Солтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 –1200 мм, оңтүстігінде 1600 мм. Ірі өзендері – Убанги, Мамбере, Кадей (Конго өз-нің алабы) және Уам, Грибинги, Бахр-Аук, (Шари өз-нің алабы). Биік шөпті саванна басым. Мұнда қызыл латеритті және темір тотықты топырақ қабығы тараған. Оңтүстігіндегі шетіндегі қызыл-сары латеритті өңірде ылғалды экваторлы орман өседі. Піл, мүйізтұмсық, буйвол, антилопа, жираф, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, маймыл, өзендерінде гиппопотам, қолтырауын, құстың көптеген түрлері кездеседі.

Материктік бөлігі таулы қыратты (биіктігі 1500 м.) Жағалауы тегіс. Биоко және Аннобан аралдары таулы, жанартаулы, топырағы құнарлы. Биоко аралында елдің ең биік жері – Малабо тауы (3008 м.) орналасқан. Климаты С. Жылдықылғалды, экваторлық. Орташа айлық температурасы 24 – 28 жауын-шашынның орташа мөлш. 2000 мм, аралдарда 2500 мм. Басты өзені – Мбини. Латеритті күлгін топырағында мәңгі жасыл экваторлық орман өседі. Ормандарында 150-ден аса бағалы ағаштардың түрі (майлы және кокос пальмасы, нан ағашы, темір ағашы, окуме, ірі жапырақты кайя, Клайн аккумеясы, т.б.) өседі. Жануарлар түрлеріне өте бай: піл, леопард, киік, елік, ақ тиін тұқымдастар, қолтырауын, әр түрлі маймылдар, т.б. кездеседі. Кен байлықтары – алтын, мұнай, табиғи газ, уран, тантал, темір, колумбит, боксит. Монте-Райсес ұлттық саябағы мен Пико-де-Санта-Исабель қорығы ұйымдастырылған. Бұл аралдардың ежелгі және орта ғасыр тарихы жөнінде жазба деректер жоқ.

50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары

Шығыс Африка ауданы Судан, Шығыс және Оңтүстік Африканың саванналары мен сирек ормандарында және Эфиопия қыратында орналасқан. Бұл ауданда ірі жануарлар (шөпқоректі және жыртқыштар) керемет көп. Саваннадағы зоомасса өте үлкен: Уганда ұлттық саябақтарында 19 000 кг/кв.км, Кенияда 16 000 кг/кв.км. салыстыратын болсақ, Гананың орман резерватында ылғалды мәңгіжасыл орман биомассасы 5 килограмнан аспайды, ал Сахара шөлінде 0,3 кг/кв.км-ге дейін төмендейді.

Зоомассаның өте үлкен болуының бірнеше себептері бар: жем ресурстары өте қарқынды пайдаланылады, оның үстіне әртүрлі жануарлар тек өзіне жарайтын жем түрлерін қоректенеді, нәтижесінде олар жем үшін бір-бірімен таласпайды; шөпқоректілердің алуантүрлілігі мен жоғары тығыздығы (Уганданың Киву ұлттық саябағында әрбір 100 гектарға тұяқтылардың 34 түрі, Танзанияның Серенгети ҰС-да – 86 түрі кездеседі); салмағы өте ауыр жануарлардың көп болуы (пілдің салмағы 4,5 тоннаға, сусиырдың салмағы 3 тоннаға жетеді).

Саванналардың шөпқоректілері – жираф, зебра, көптеген бөкен түплері, африкалық пілдер, мүйізтұмсықтар, сусиырлар. Ең ірі жыртқыштар – арыстан, леопард, гепард. Қорқаулар (гиеналар) мен шақалдар олардан кішіректеу.

Сонымен қатар осы ауданда өте қызық жануар трубкозуб (құбіртіс) өмір сүреді. Олар құмырсқажегіштерге ұқсас және термиттермен қоректенсе де, тұяқтыларға жатады.

Тек қана осы ауданда итбасты павиан мен мандрил маймылдары тұрады.

Бауырымен жорғалаушылар – кесірткелер, хамелеондар, сұржыландар, питондар да көп. Өзендер мен көлдерде қолтырауын тұрады. Құстардың арасында түйеқұс, балғабасты құтан (молотоголовая цапля), оңтүстікамерикалық колибриге ұқсайтын өте кішкентай нектарница сияқты құстарды атауға болады.

Аталған екі аудандарда (Батыс Африка мен Шығыс Африка) жануар мен адам қанын соратын цеце шыбыны өмір сүреді. Цеце трипанозома деген жалғыз жасушалыны таратып, адамның ұйқы ауруын, хайуандарда нагана ауруын қоздырады. Шығыс Африкада шығыс және солтүстік-шығыс жел соғады. Бұл желдер қысымы төмен Конго және Калахари ойыстарына қарай бағытталған. Мұндай желдер жайпақтауға Үнді мұхитының теңіздік тропиктік ауаның үстіңгі құрғақ қабаттарын әкеледі, ал бұл ауаның төменгі ылғалды қабаттары жауын-шашындарын жайпақтаудың тік құлайтын жел жақ беткейлерінде қалдырады. Дегенмен, жайпақтаудың ішкі аудандарында да жауын маусымы басталады. Мұндағы жауын-шашынның ең үлкен мөлшері биік таудың жел жағындағы беткейлері мен Атлант және нді мұхиттарының ауа массалары түйісетін жайпақтаудың батыс шетінде түседі.

Шығыс Африканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысы және Оңтүстік Африканың ішкі аудандары Конго ойысынан келетін экваторлық ауамен толтырылады. Бұл аудандарда жауын маусымы өте анық байқалады. Мадагаскар мен Дракон тауларының шығыс тік құламалы беткейлеріне де мол жауын түседі. Оның себебі – Мозамбик бұғазында жазда қысымның минимумы болып, қатты жел, кейде тайфун қуатындағы жел соғады. Дегенмен, ылғалды ауа қабатының қалыңдығы жеткілікті болмағандықтан оның ылғалы Дракон тауларынан аса алмай, Оңтүстік Африканың ішкі аудандарына жете алмайды.

Шығыс Африкада арша ормандары экономикалық жағынан маңызды. Бұл ағаш жұмсақ, қарындаш жасауға жарайды, сондықтан оны кейде «қарындаш кедрі» деп атайды.