
- •1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары
- •2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.
- •4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
- •5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
- •6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
- •7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
- •8.Климаттың рекреациялық маңызы.
- •9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
- •10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
- •11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
- •12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері
- •13. Еуразияның жалпы сипаттамасы
- •14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы
- •15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері
- •16. Шетелдік Еуропаның климаты
- •17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі.
- •19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.
- •20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы.
- •22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы.
- •23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
- •24. Шетелдік Азияның климаты.
- •25. Шетелдік Азияның ішкі сулары.
- •26. Шетелдік Азияның жануарлары мен өсімдік әлемі.
- •27. Шетелдік Азияның табиғи зоналары.
- •28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •30. Тмд қалыптасу тарихы жəне жер бедері
- •31. Тмд климаты
- •32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану
- •33. Тмд өсімдігі мен жануарлары
- •34. Тмд табиғи зоналары
- •35. Тмд географиялық аудандары мен олардың географиялық сипаттамасы
- •36. Тмд ұлттық саябақтары мен қорықтары.
- •37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
- •38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы
- •Сауыр-Тарбағатай
- •39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы тмд нің ең ірі рекреациялық аумағы
- •Туризм и отдых
- •Туризм на Кавказе
- •40. Африканың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы
- •41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті
- •42. Африка климаты
- •43. Африканың ішкі сулары
- •44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •45. Африканың таиғи зоналары
- •46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
- •47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
- •48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар
- •50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары
- •51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы
- •54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері
- •55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
- •58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары
- •59. Оңтүстік Американың жер бедері
- •60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.
- •62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері.
- •63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.
- •64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.
- •67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері.
- •69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері
45. Африканың таиғи зоналары
Жер бедерінің жазық сипатына және тропик ендіктерінің арасында орналасуына байланысты, Африкада географиялық зоналық заң ап-анық орындалады. Орталық сызықтағы ылғалды экваторлық ормандардың екі жағына қарай кезегімен субэкваторлық ормандар, саванналар, сирек ормандар мен бұталар, тропиктік шөл мен шөлейттер, субтропиктік шөлейттер және орман мен бұталар зоналары орналасады. Табиғи зоналары бір-бірін бірте-бірте ауыстырады, бірақ олардың экватордың екі жағындағы орналасуы бірдей емес. Африканың кең, сондықтан континенттілігі жоғары солтүстік бөлігінде зоналар ендік бойымен орналасса, жіңішкелеу және ондай құрғақ емес оңтүстік бөлігінде зоналар меридиан бойымен немесе оған жақын бағытпен түзіледі.
Табиғи зоналардың атаулары мен орналасуы «Өсімдік» тарауында көрсетілген.
46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
Солтүстік африка территориясы түгелімен Сахара плитасында жатыр.
Сахара шөлі 2) Голарктикалық облыстың Солтүстік Африка – Үнді ауданына жатады. Мұнда жоғарғы өсімдіктердің көбінесе, бұталар мен шөптесін өсімдіктердің 1200 түрі кездеседі. Өсімдігі құрғақшылыққа бейімделген: кейбіреулерінің мықты әрі өте ұзын тамырлары, ұсақ жіңішке жапырақтары бар; көптеген өсімдіктердің тікендері болады немесе жапырақтары жоқ; кейде өсімдік мамықпен немесе балаусамен жамылған сияқты болады.
Құрлықтың солтүстік шеті Голарктикалық облыстың Жерортатеңіздік ауданына жатады. Мұнда құрғақшылыққа бейімделген қаттыжапырақты мәңгіжасыл ағаштар мен бұталар бой көтерген.
Солтүстік Африканың фаунасы Арктогей құрлығының Голарктикалық зоологиялық облысына жатады. Құрлықтың қалған бөлігі Палеогей құрлығының Эфиоп облысына жатады. Мадагаска мен жанындағы архипелантар фаунасын ерекше Мадагаскар облысы ретінде бөледі.
Голарктикаға жататын Африка аумағына Атлас таулы аймағы мен Сахара кіреді. Мұндағы фауна шөл мен шөлейттерді мекендейді: кеміргіштер, тұяқтылардың бірнеше түрі (су ішпей-ақ өмір сүретін Мендес, бубал. Аддакс және т.б бөкендер); жыртқыштар [сахаралық түлкі – фенёк, жолақ қорқау (полосатая гиена), шақал].
Эфиоп облысына ылғалды мәңгіжасыл ормандар, саванналар мен сирек ормандар, шөл мен шөлейттер кіреді. Мұнда 51 тұқымдастыққа біріктірілген бүкіл дүние жүзінің сүтқоректілер түрлерінің бір ширегі өмір сүреді. Эндемиктердің үлесі өте жоғары. Эндемиктер түрлерінің ең үлкен саны жәндікқоректілер (80%), кеміргіштер (85%), ашатұяқтылар (88%) және приматтар (94%) арасында кездеседі.
Тіршілік ортасының үлкен айырмашылықтарына орай Эфиоп облысы үш ауданға: Батыс Африка, Шығыс Африка және Оңтүстік Африка аудандарына бөлінеді.
47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
Оңтүстік Африка таулы үстіртінің оңтүстік шетін ала орналасқан. Шығысын Айдаһар таулары (биіктігі 3482 м), Оңтүстік Африка жағалауын бойлай Кап таулары алып жатыр. Пайдалы қазбалары – алтын, уран, қалайы, марганец, хромит, хризотил-асбест, мыс. Климаты ыстық және ылғалды тропиктік, оңтүстік-шығысы субтропиктік. Жаз айларының орташа температурасы 18 – 27°С, қыс айларында 7 – 18°С. Үстірттің жылдық жауын-шашын мөлшері 150 – 750 мм. Оңтүстігінде жаз айларының орташа температурасы 13 – 21°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 700 мм; Айдаһар тауының шығыс беткейлерінде 1000 – 2000 мм, Атлант теңізі жағалауында 60 – 100 мм. Басты өзендері – Оранжевая (Вааль саласымен) және Лимпопо. Елдің шығысына қарай саванналар, Айдаһар тауларында мәңгі жасыл таулы субтропиктік бұталар, ішкі аудандарда тікенді бұталар өседі.
Оңтүстік жартышардың жазғы айларында Калахаридің биік жазықтарында ең төменгі қысым ауданы қалыптасады. Төмен ауа қысымы жыл бойы Конго ойпаты мен Гвиней шығанағының солтүстік жағалауына тарайды. Осы себептен Атлант мұхитынан Африканың экватордан солтүстікке қарай орналасқан батыс жағалауына экваторлық жылы әрі өте ылғалды оңтүстік-батыс жел соғады. Бұл ауа массалары Гвиней шығанағының солтүстік жағалауы мен Конго ойысына жауын-шашын әкеледі. Жауын-шашынның ең үлкен көлемі Камерун вулканының жел жақ беткейінде түседі.
Оңтүстік Африканың ішкі аудандарының қуаңшылы,ғы батысқа қарай тез өседі; жағалау бойымен созылған Намиб шөлі ауданында жаз айлары керемет құрғақ. Жауын-шашын Бенгел суық ағысының әсері сәл төмен болатын, Кунене өзенінен солтүстікке қарай орналасқан аудандарда ғана болады.
Оңтүстік-шығыстағы субтропиктерде жауын-шашынның ең үлкен мөлшері жазда болады. Оның себебі – қоңыржай белдеуінің суық ауасының енуі кезінде пайда болатын циклондар. Керісінше, оңтүстік-батыстағы субтропиктердегі климат құрғақ, өйткені мұнда Оңтүстік Атлантикалық антициклонның оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер соғады.
Оңтүстік Африканың биік жазықтарында шілде айында жоғары қысым байқалады. Осы антициклонның құрғақ континенттік тропиктік ауа Конго-Замбези суайрығы мен Шығыс Африканың оңтүстігіне құрғақшылық әкеледі. Мозамбик минимумы бұл кезде әлсірегендіктен, Оңтүстік Африканың шығыс жағалауындағы жауын-шашын мөлшері азаяды; ал жағалауға Дракон тауынан өз жолында ысып, кееуіп кететін ауа келеді.
Оңтүстік Африканың батыс жағалауы құрғақ болып қала береді. тек қана Намиб шөлінің субтропиктерге жақын оңтүстік шетінде қысты күні қою тұман болады. Оның себебі – дәл осы кезде бұған жақын орналасқан оңтүстік-батыста қысқы жауын болады. Ал бұл жауындарды қоңыржай белдеуінің полярлық ауасы әкеледі.
Оңтүстік Африка ауданында – денесінде су сақтайтын суккуленттер флорасы басым.
Оңтүстік Африка ауданы көбінесе, шөл мен шөлейттерді қамтиды. Тек қана осы ауданда жылтыр жүнді алтын көртышқан (златокрот); қосаяққа ұқсас кафр ұзынаяқтары (долгоног); секіргіш бөкендер тіршілік етеді. Жыртқыштардан қорқау (гиена) мен виверраның бірнеше түрін атауға болады.
Мадагаскар ауданын өте көне әрі эндемиктік фауна құрайды. Оған Мадагаскарда тұратын қазіргі жоғарғы сүтқоректілердің ішіндегі ең қарапайым қылшашты кірпілер (тенрек); жартылай маймылдар (лемур) және эндемиктік жүгіруші құстар жатады. Сейшел аралдарында ірі құрлықтық және теңіздік тасбақалар өмір сүреді.