
- •1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары
- •2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.
- •4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
- •5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
- •6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
- •7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
- •8.Климаттың рекреациялық маңызы.
- •9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
- •10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
- •11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
- •12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері
- •13. Еуразияның жалпы сипаттамасы
- •14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы
- •15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері
- •16. Шетелдік Еуропаның климаты
- •17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі.
- •19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.
- •20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы.
- •22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы.
- •23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
- •24. Шетелдік Азияның климаты.
- •25. Шетелдік Азияның ішкі сулары.
- •26. Шетелдік Азияның жануарлары мен өсімдік әлемі.
- •27. Шетелдік Азияның табиғи зоналары.
- •28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •30. Тмд қалыптасу тарихы жəне жер бедері
- •31. Тмд климаты
- •32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану
- •33. Тмд өсімдігі мен жануарлары
- •34. Тмд табиғи зоналары
- •35. Тмд географиялық аудандары мен олардың географиялық сипаттамасы
- •36. Тмд ұлттық саябақтары мен қорықтары.
- •37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
- •38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы
- •Сауыр-Тарбағатай
- •39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы тмд нің ең ірі рекреациялық аумағы
- •Туризм и отдых
- •Туризм на Кавказе
- •40. Африканың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы
- •41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті
- •42. Африка климаты
- •43. Африканың ішкі сулары
- •44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •45. Африканың таиғи зоналары
- •46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
- •47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
- •48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар
- •50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары
- •51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы
- •54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері
- •55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
- •58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары
- •59. Оңтүстік Американың жер бедері
- •60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.
- •62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері.
- •63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.
- •64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.
- •67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері.
- •69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері
4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
Жер бетінің сыртқы бедерінің, таулары мен ойпаттарының ұштасуы жер бедері деп аталады. Жер бедері туризм дамуына зор ықпал жасайтын табиғи компонент болып есептеледі. Жер бедерінің тілімделуі, әр алуандығы – ландшафтың көркемділігі, тартымдылығы, аттрактивтілігі үшін зор маңызды қасиеті. сонымен қатар, жер беері ортаның басқа да компоненттеріне – климатқа, суларға, өсімдік пен жануарлар әлеміне әсер тигізеді. Жер бедерін зерттейтін ғылым геоморфология деп аталады.
Литосфера – жердің жоғарғы қатты қабаты. Оған жердің ішкі күштері және сыртқы сфералар – гидросфера, атмосфера, биосфера өзінің әсерлерін
тигізеді.
5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
Су –алемде кең тараған минерал. Су ерітіндері – химиялық элементтер миграциясының шарты. Су маңызды климат және жер бедер құршы фактор. Адамның шаруашылық әрекетінде су ауадай қажет. Атап айтсақ, алғашқы өркениеттердің пайда болған жері. Ірі өзен алқаптары болған ұлы географиялық ашылуларды теңізшілер жасаған. Әлемнің ең ірі қалалары теңіз жағалауларында немесе ірі өзен алқаптарында орын алады.
Рекреациялық іс әрекеттер су және су нышандары шомылу, жүзу, қайықпен жүзу, су, шана, шаңғы спортында, балық аулауда, бальнеологиялық курорт ұйымдастыруда қолданылады. Сонымен қатар су ресурстары табиғи кешендерінің тартымдылығы мен әр алуандығын ұлғайтады.
6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
Тірі организмдердің ұйымдары – биоценоздардың –рекреациядағы ролі өте маңызды деп айтуға болады. Орманды жерлердің микроклиматы да өзгеше болады. Өсімдіктердің пайдалы қасиеттерін атап шықсақ сөз жетпейтіндей ақ: шипалы, емдік, эфир майын бөлу, эстетикалық қасиеттер және т.б. Өсімдік пен жануарлар әлемінің ресурстары аңшылық, балық аулау үшін өте маңызды. Танымалдық, экологиялық туризм үшін флора мен фаунаның өзгешеліктері ерекшеліктері, экзотикалығы, эндемик қасиеті, қайталанбауының маңызы сөзсіз.
7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деп олардың шеңберінде орналасқан табиғи немесе табиғи антропогендік нысандар мен құбылыстардың құндылығымен ерекшеленетін немесе айналасына оң әсерін тигізетін кеңістіктер аталады.
Табиғи ескерткіштер – жергілікті аудан үшін үлгілі немесе қайталанбас болып белгіленген шағын нысандар (табиғи мекен, жартас, құз, шағын орман, тоғай, бөлек тұрған ағаш тсс).
Қорықшалар – табиғи кешендердің, әйгілі ландшафтардың бөлек компоненттерін қорғау, қалпына келтіру және жаңарту мақсатымен ұйымдастырылады. Негізгі түрлері: зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, аңшылық шаруашылықтар, орман питомниктері.
Қорықтар – табиғи жағдайларының толық кешенін, яғни ландшафтты толығымен қорғайды. Қорық жерінде шаруашылық әрекетіне толық тиым салынады, аумағының айналасында кәсіптің кейбір түрлеріне тиым салынған буфер зонасы орналасады.
Табиғи парктер – көлемі ең үлкен ЕҚТА болып табылады. Ұлттық парк шеңберінде бірнеше фунционалды зона орналасады: резерват, рекреациялық, қоныстану, шаруашылық, буфер.