
- •1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары
- •2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.
- •4.Жер бедерінің рекреациялық маңызы
- •5.Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы.
- •6.Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы.
- •7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы
- •8.Климаттың рекреациялық маңызы.
- •9.Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік рекреациялық маңызы
- •10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар.
- •11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі
- •12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері
- •13. Еуразияның жалпы сипаттамасы
- •14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы
- •15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері
- •16. Шетелдік Еуропаның климаты
- •17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі.
- •19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары.
- •20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы.
- •22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы.
- •23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
- •24. Шетелдік Азияның климаты.
- •25. Шетелдік Азияның ішкі сулары.
- •26. Шетелдік Азияның жануарлары мен өсімдік әлемі.
- •27. Шетелдік Азияның табиғи зоналары.
- •28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен еқта.
- •30. Тмд қалыптасу тарихы жəне жер бедері
- •31. Тмд климаты
- •32. Тмд ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалану
- •33. Тмд өсімдігі мен жануарлары
- •34. Тмд табиғи зоналары
- •35. Тмд географиялық аудандары мен олардың географиялық сипаттамасы
- •36. Тмд ұлттық саябақтары мен қорықтары.
- •37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
- •38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы
- •Сауыр-Тарбағатай
- •39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы тмд нің ең ірі рекреациялық аумағы
- •Туризм и отдых
- •Туризм на Кавказе
- •40. Африканың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы
- •41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті
- •42. Африка климаты
- •43. Африканың ішкі сулары
- •44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •45. Африканың таиғи зоналары
- •46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурс тары.
- •47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары.
- •48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар
- •50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары
- •51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары
- •52.53. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы
- •54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері
- •55.56. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері
- •57.Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы
- •58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары
- •59. Оңтүстік Американың жер бедері
- •60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы.
- •62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері.
- •63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері.
- •64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы.
- •67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері.
- •69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері
23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.
Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) – Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
Түбектері:
Таймыр
Чукот
Камчатка
Корей
Үндіқытай
Декан
Арабия
Кіші Азия
Құрлықтың шеткі нүктелері:
солтүстігінде – Челюскин мүйісі
оңтүстігінде Пиай мүйісі
батысында Рока мүйісі
шығысында Дежнев мүйісі.
Жер бедері
Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.
Ең биік таулар мен тау қыраттары:
Памир
Тянь-Шань
Тибет тау қыраты
Гималай
Гиндукуш
Қарақорым.
Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды. "'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.
Ең ірі жазықтары:
Батыс Сібір
Тұран
Ұлы Қытай
Үнді-Ганг
Месопотамия .
24. Шетелдік Азияның климаты.
Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.
Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50С, кейде ең төмен температура –70С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10С, ал 55 – 60С солтүстік ендіктерде 20С, тропиктік, экваторлық белдеулерде 25 – 28С-қа дейін жетеді.
Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.