Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumadilov_100_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.17 Кб
Скачать

1. Географиялық қабықша анықтамасы .Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары

2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар

3. Географиялық қабықша жіктелуінің зоналдық және азоналдық факторлары. Биіктік белдеулік

4. Жер бедерінің рекреациялық маңызы

5. Теңіздер мен мұхиттардың рекреациялық маңызы

6. Өсімдік пен жануарлар әлемінің рекреациялық маңызы

7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының статусы және рекреациялық маңызы

8. Климаттың рекреациялық маңызы

9. Әлемнің таулы аймақтары және олардың туристік-рекреациялық маңызы

10. Мұхит ағыстары мен олардың әсері. Жылы және суық ағыстар

11. Шөлдер, олардың орналасуы және пайда болу себебі

12. Әлемнің географиялық белдеулері мен табиғи зоналары. Олардың орналасу ерекшеліктері мен себептері

13. Еуразияның жалпы сипаттамасы

14. Шетелдік Еуропаның жалпы сипаттамасы

15. Шетелдік Еуропаның қалыптасу тарихы және жер бедері

16. Шетелдік Еуропаның климаты

17. Шетелдік Еуропаның ішкі сулары

18. Шетелдік Еуропаның өсімдігі мен жануарлар әлемі

19. Шетелдік Еуропаның табиғи зоналары

20. Шетелдік Еуропаның рекреациялық аудандары мен ЕҚТА

21. Оңтүстік Еуропаның географиялық сипаттамасы. Оңтүстік Еуропа – әлемнің ең ірі туристік аймағы

22. Шетелдік Еуропаның физикалық-географиялық аудандары және олардың сипаттамасы

23. Шетелдік Азияның жалпы географиялық сипаттамасы241. Шетелдік Азияның қалыптасу тарихы және жер бедері

24. Шетелдік Азияның климаты

25. Шетелдік Азияның ішкі сулары

26. Шетелдік Азияның өсімдігі мен жануарлар әлемі

27. Шетелдік Азияның табиғи зоналары

28. Шетелдік Азияның рекреациялық аудандары мен ЕҚТА

29. ТМД табиғатының жалпы сипаттамасы

30. ТМД қалыптасу тарихы және жер бедері

31. ТМД климаты

32. ТМД ішкі сулары және олардың рекреация мен туризм мақсатында пайдалануы

33. ТМД өсімдігі мен жануарлар әлемі

34. ТМД табиғи зоналары

35. ТМД географиялық аудандары және олардың географиялық сипаттамасы

36. ТМД ұлттық саябақтары мен қорықтары

37. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары

38. Қазақстанның таулы аймақтары мен олардың рекреациялық маңызы

39. Қырым және Кавказдың Қара теңіз жағалауы – ТМД-нің ең ірі рекреациялық аумағы

40. Африканың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы

41. Африканың жер бедері. Ұлы Шығыс Африка рифті

42. Африканың климаты

43. Африканың ішкі сулары

44. Африканың табиғи аймақтарының ерекшеліктері

45. Африканың табиғи зоналары

46. Солтүстік Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары

47. Оңтүстік Африка және Мадагаскардың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары

48. Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары

49. Экваторлық Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық саябақтар мен резерваттар

50. Шығыс Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары

51. Шығыс Африканың ұлттық саябақтары мен резерваттары

52. Солтүстік Американың жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы

53. Солтүстік Американың жер бедері

54. Солтүстік Америка табиғатының солтүстік Еуразияға ұқсастығы мен Оңтүстік Америкаға ұқсамауы және оның себептері

55. Солтүстік Американың табиғи аймақтарының ерекшеліктері

56. Солтүстік Американың ұлттық саябақтары мен резерваттары және олардың рекреациялық маңызы

57. Оңтүстік Америка табиғатының жалпы сипаттамасы

58. Оңтүстік Америка табиғаты мен қалыптасу тарихының Солтүстік Америкадан айырмашылықтары

59. Оңтүстік Американың жер бедері

60. Оңтүстік Американың таулы аймақтарының сипаттамасы

61. Оңтүстік Американың ішкі сулары және олардың рекреациялық маңызы

62. Оңтүстік Американың өсімдігі, оның ерекшеліктері, жоғары эндемизм себептері

63. Оңтүстік Американың жануарлар әлемі, оның байлығы, эндемизм себептері

64. Оңтүстік Американың ұлттық саябақтары мен олардың рекреациялық маңызы

65. Австралияның жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы

66. Австралия аймақтарының физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары

67. Австралияның ұлттық саябақтары мен резерваттары. Жоғары эндемизм себептері

68. Мұхит Аралдарының физикалық-географиялық сипаттамасы және рекреациялық ресурстары. Ұлттық парктер мен резерваттар

69. Антарктиданың жалпы сипаттамасы. Ашылуы мен зерттеулері

1.Географиялық қабықша анықтамасы. Географиялық қабықшаның жіктелу факторлары

Географиялық қабықшада литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера біртұтас бола тұра бірлесіп әрекет жасайды. Географиялық қабықшаның қасиеттері: біртұтастық, әркелкілік, зат пен энергия алмасуы, құрылымның дамуы және үдейіп келе жатқан күрделілігі. Географиялық қабықшаның ең жоғарғы кезеңінде адам өмірге келді, осы уақыттан бастап географиялық ортасына айналды. Жердің үстіңгі қабатының неше түрлі атаулары бар: физикалық географиялық қабықша, географиялық қабықша, биогеоносфера, географиялық орта, эпигеосфера, ландшафт қабықшасы, және т.б. Басқаларға қарағанда ең тәуір көрінетін термин «географиялық қабықша» деп есептейміз. Географиялық қабықша – біздің сана сезімімізден тәуелсіз материалдық жүйе, планетарлық табиғи кешен және оның компоненттері: литосфера, гидросфера, атмосфера, тірі организмдер жердің ішкі энергиясы мен күн энергиясының күшімен бірлесіп әрекет жасауда. Географиялық қабықша шекаралары, геосфералардың өзара енуі жөнінде бірыңғай пікір жоқ.

2. Географиялық қабықшаға әсер ететін эндогендік және экзогендік факторлар.

Географиялық қабықшаны пішіні бойынша, сонымен қатар шығу тегі (генезисі) және оның қалыптасу факторлары бойынша жіктеуге болады. Эндогендік қалыптасу факторлары: тектоникалық құрылымы, химиялық құрамы, тау жыныстарының генезисі, қатпарлық, жарылулар, жер сілкініс, жанартаулық. Экзогендік: судың, желдің, күн энергиясының, мұздықтардың әсері. Антропогендік: карьер, шахта, бөген, жолдар және т.б. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі.

3. Географиялық қабықша жіктелуінің зоналдық және азоналдық факторлары.

Биіктік белдеулік.

Ең маңызды географиялық заңдылық географиялық зоналық, яғни барлық физикалық географиялық компоненттердің, процестердің өзгеруі: гидрология, климат, гидрохимиялық, топырақ пен өсімдік топтарының таралуы ендік бойынша ауытқып отырады. А.Г.Исаченконың тұжырымы бойынша, үш зоналық заңдылық байқалады:

  1. Ендік бойынша зоналық

  2. Меридиан бойынша зоналық

  3. Биіктік белдеулік

Географиялық қабықшаның ең ірі зоналық бірлігі – географиялық белдеулердің бөлінуінің негізі – климаттық белдеулер: арктикалық, субарктикалық, екі қоңыржай, екі субтропиктік, екі тропиктік, екі субэкваторлық, экваторлық географиялық белдеу.

Биіктік көрсеткіші өскен сайын жердің жылу сәулелерінің мөлшері азайғандықтан табиғи ландшафтар және олардың компоненттері заңды түрде өзгеріп тұрады да биіктік белдеулік пайда болуына себептес болады. Биіктік белдеулер мен ендік зоналардың ауысуында ұқсастық табылса да теңдік жоқ. Биіктік өскен сайын күн радиациясының мөлшері мен қуаты өзгереді, атмосфералық қысым төмендейді, су буы конденсациясының жағдайы, жауын шашын мөлшері өзгереді. Сонымен қатар жер бедерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Әрбір географиялық зонада өзіне тән биіктік белдеулік спектрі болады. Осындай спектр тау жүйесі орналасқан зонаның белдеуінен басталады. Мысалы, тау жүйесі дала зонасында болса, тау етегінде дала биіктік белдеуі орналасады.

Физикалық географиялық ауландастыру тәсілдері:

  1. Бір зоналық немесе азоналдық факторлардың негізінде аудандастыру

  2. Аудандастырудың екі тәуелсіз түрін қолдану: зоналық – белдеулер – зоналар - ……., азоналдык – материктер – субконтиненттер – олкелер – провинциялар.

  3. Физикалы0 географиялык аудандастыру б3рл3ктер3нде зоналық және азоналдық қасиеттерді біріктіру.