
- •1,1 Өлшегіш құрал- жабдықтардың метрологиялық сипаттамалары
- •1,2 Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы
- •2,1 Сәйкестiктi растау органдары
- •2,2 Стандарттаудың теориялық негіздері.
- •3,1 Стандарттаудың мәні, мақсаты және міндеттері. Стандарттаудың теориялық негіздері.
- •3,2 Өлшемдердiң дәлсiздiгi
- •4,2 Өрескел қателiктердiң анықтау әдiстерi
- •5,1 Стандарттау жүйесінің негізгі ұғымдары мен терминдері.
- •5,2 Қателiктердiң жіктелуі
- •6,1 Сәйкестiк белгiсi
- •7,2 Өлшеу түрлерi
- •8,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері – 3,1 де жазылған
- •8,2 Өлшеу құралдардың түрлері
- •9,2 Халықаралық стандарттау
- •10,1 Стандарттау бойынша нормативті құжаттарды қолдану және олардың талаптарының сипаттамасы
- •10,2 Стандарттық үлгілер
- •11,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері - 3,1 де жазылған
- •12,1 Стандарттау тәсілдері
- •12,2 Стандарттық үлгілер - 10,2 де жазылған
- •13,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері - 3,1 де жазылған
- •13,2 Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері
- •14,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері - 3,1 де жазылған
- •14,2 Физикалық шамалар бірлігін жаңғырту және олардың өлшемдерін беру
- •15,1 Сертификаттау негіздері
- •15,2 Физикалық шамалардың өлшемдер жүйесі
- •16,1 Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері - 13,2 де жазылған
- •16,2 Міндетті және ерікті сертификаттау
- •25,1 Міндетті және ерікті сертификаттау – 16,2 де жазылған
- •26,1 Халықаралық стандарт – 9,2 де жазылған
- •27,2 Сертификаттау мақсаттары
- •28,1 Сәйкестiк белгiсi – 6,1 де жазылған
- •29,1 Өлшем қатесінің түрлері
15,1 Сертификаттау негіздері
Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-өрекеттің бірі болғандықтан бүл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.
15,2 Физикалық шамалардың өлшемдер жүйесі
Әрбір объект үшін физикалық шамамен көрсетілетін қасиеттің сандық құрамындағы айырмашылықтарды анықтау үшін, оның мөлшері мен мәнінің ұғымдары енгізілген.
Физикалық шаманың өлшемі – бұл берілген объектіде “физикалық шама” ұғымына сәйкес келетін қасиеттің сандық құрамы.
Физикалық шаманың мәні – ол үшін қабылданған бірліктердің қандай да бір саны түрінде оның мөлшерін бағалау (өлшеумен немесе есептеумен алады).
Физикалық шаманың бірлігі – бұл белгіленген мөлшердің физикалық шамасы, оған біртекті физикалық шамаларды сандық өрнектеу үшін қолданылатын, бірге тең, сандық мән шартты түрде берілген.
Физикалық шаманың негізгі сипаттамасы оның өлшемдігі “dim Q” болып табылады – берілген шаманың негізгі физикалық шамалармен байланысын көрсететін, дәрежелі көпмүше түріндегі өрнек; ондағы пропорционалдылық коэффициенті бірге тең болып қабылданған.
мұнда L, M, T, I – берілген жүйенің негізгі шамаларының шартты белгілері
Физикалық шама – бұл физикалық объект қасиеттерінің бірі екендігін МЕСТ 16263-70 анықтайды, сапалық қатынаста – көптеген физикалық шамаларға ортақ, сандық қатынаста олардың әрқайсысы үшін жеке. Сөйтіп, физикалық шама – бұл олардың көмегімен зерделенуі мүмкін, физикалық объектілердің немесе процестердің өлшенген қасиеттері.
Физикалық шамалар өлшенетін және бағаланатын болып бөлінеді. Өлшенетін шамалар белгіленген өлшем бірліктерінің белгілі саны түрінде сандық өрнектелуі мүмкін. Физикалық – бұл олар үшін өлшем бірліктері енгізіле алмайтын шамалар, олар тек бағалануы. Бағалау – бұл белгілі ережелер бойынша жүргізілетін, берілген шамаға белгілі санды тіркеп жазу операциясы. Бағалау шкалалардың көмегімен жүргізіледі. Шкала – бұл дәл өлшеулер нәтижелерінің негізінде қабылданған, физикалық шама мәндерінің реттелген тізбектілігі. Бұдан, физикалық емес шамалар тек бағалануы ғана мүмкін.
16,1 Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері - 13,2 де жазылған
16,2 Міндетті және ерікті сертификаттау
Міндетті сертификаттау. Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын процедура. Мақсаты: тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жургізу негізі: Қазақстан Республикасының заңды актілері; объектілер: Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен міндетті сертификаттауға жататын тауарлар тізбесі; сәйкестікті бағалаудың мәні: міндетті сертификаттауды енгізген заңдарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау; нормативтік негіз: тауар сапасына міндетті талаптар белгілейтін.
Ерікті сертификаттау. Сәйкестікті өз еркімен растау - өнімнің, қызмет көрсетудің, процестердің стандартқа, өзге құжаттарға немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау үшін өндірушінің (орындаушының) немесе сатушының бастамасымен жүзеге асырылатын процедура. Мақсаты: кәсіпорын өнімінің (қызметінің) бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету. Тек қана қауіпсіздік талаптарына ғана емес,сонымен қатар өндірілетін өнімнің (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес өнімдерді жарнамалау; жургізу негізі: заңды және жеке тұлғалар бастамасы негізінде өтініш берушімен сертификаттау органы арасындағы шарт; объектілер: кез келген объектілер; сәйкестікті бағалаудың мәні: Өтініш берушінің әр түрлі талаптарына сәйкестігін сертификаттау органымен келісе отырып бағалау; нормативтік негіз: Ерікті сертификаттау жүйесінің әр санаттағы стандарттары (ұлттық,ұйымның), келісімшарттары.
17,2 Міндетті және ерікті сертификаттау – 16,2 де жазылған
18,1 Сәйкестікті растау түрлері
Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.
Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.
18,2 Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері - 13,2 де жазылған
22,1 Міндетті және ерікті сертификаттау – 16,2 де жазылған
22,2 . Физикалық шамалар бірлігін жаңғырту және олардың өлшемдерін беру - 14,2 де жазылған
24,1 - Экологиялық стандарт
Экологиялық стандарт — табиғи объектілердің заңдық мәні бар сандық немесе сапалық көрсеткіші. Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттің құқықтық реттеуінің бір құралы;жекелеген табиғи ресурстарды пайдаланудың құқықтың режімін, табиғи ресурстарды тікелей пайдаланбайтын салалардағы қызметтің экологиялық ережесін Экологиялық стандартқа сәйкестендіре белгілейді. Экологиялық стандартта құқықтық актілердің барлық белгілері болады және қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жөніндегі заңнамалық шараларды белгілеуде екінші кезең болып құқық жүйесіне кіреді (бірінші кезеңде қоршаған ортаның сапалық параметрлері заңы қатталады).