Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.81 Кб
Скачать

9,2 Халықаралық стандарттау

Егер кез келген мемл-т органдарына сәйкес стандарттауда қатысуы ашық болса онда ол халықаралық стандарттау деп аталады.

10,1 Стандарттау бойынша нормативті құжаттарды қолдану және олардың талаптарының сипаттамасы

Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілерінеережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады. Ереже (ЕР) - міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Ұсыныстар - ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Норма - қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2). Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.

Стандарттау б/ша нормативтік құжаттарға ҚР- ның мемл-к стандарттар жатады. Нормативтік құжаттардың мазмұнына байланысты мемл-к стандарттарды өнімге, жұмысқа немесе қызметке әзірлейді оларда міндетті талаптарды сондай ақ ұсыныс талаптарды қамтиды. Оларға жатады: 1. Адамның денсаулығына қоршаған ортаға, мүоік үшін өнімнің қызметінің немесе процесстің қауіпсіздігі. 2. Өндіріс қауыпсыздігі және санитарлық нормалар. 3. Техникалық және ақпараттық сәйкестік және бұйымдардың өзара ауыстырымдылығы. 4. Бақылау әдістерінің бірлігі және таңбалау бірлігі.

10,2 Стандарттық үлгілер

Бір қатар өлшеу облыстары үшін стандарттық үлгілерді қолдану перспектвті болып табылады. Заттар мен материалдардың құралы мен қасиеттерінің стандарттық үлгісі бұл зат түріндегі өлшеулер құралы оның құрамы және қасиеті аттестациямен анықталады. Стандарттық үлгіліермен жұмыс істеу ережелерін МСТ 8.315 – 97 МӨЖ... Заттар мен материалдардың құрамы тен қасиеттерінің стандарттың үлгілері негізгі ережелер анықтайды. Стандарттық үлгілер өлшеулердің бірлігін және талап ететін дәлдігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған: - градуирлеу, өлшеу құралын метрологиялық аттестаттау және тексеру;

- өлшеуді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;

- өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін бақылау;

- заттар мен материалдардың құрамын немесе қасиеттерін сипаттайтын, физикалық шамаларды салыстыру әдістерімен өлшеу.

Аттестатталатын сипаттаманың түріне байланысты стандарттық үлгілер (СҮ) ажыратады:

- құрамның стандарттық үлгілері – белгілі құрауыштардың (химиялық элементтер, олардың изотоптары және т.б.) құрамын сипаттайтын шамалардың мәндерін ұдайы өсіреді.

- қасиеттердің стандарттық үлгілері – құрамын сипаттайтын шамаларды қоспағанда, заттың физикалық, химиялық, техникалық немесе басқа қасиеттерін сипаттайтын шамалардың мәндерін ұдайы өсіреді.

Әрекет ету және қолдану саласына байланысты стандарттық үлгілер кәсіпорындардың мемлекеттік, салалық және стандарттық үлгілеріне бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]