- •1,1 Өлшегіш құрал- жабдықтардың метрологиялық сипаттамалары
- •1,2 Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы
- •2,1 Сәйкестiктi растау органдары
- •2,2 Стандарттаудың теориялық негіздері.
- •3,1 Стандарттаудың мәні, мақсаты және міндеттері. Стандарттаудың теориялық негіздері.
- •3,2 Өлшемдердiң дәлсiздiгi
- •4,2 Өрескел қателiктердiң анықтау әдiстерi
- •5,1 Стандарттау жүйесінің негізгі ұғымдары мен терминдері.
- •5,2 Қателiктердiң жіктелуі
- •6,1 Сәйкестiк белгiсi
- •7,2 Өлшеу түрлерi
- •8,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері – 3,1 де жазылған
- •8,2 Өлшеу құралдардың түрлері
- •9,2 Халықаралық стандарттау
- •10,1 Стандарттау бойынша нормативті құжаттарды қолдану және олардың талаптарының сипаттамасы
- •10,2 Стандарттық үлгілер
- •11,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері - 3,1 де жазылған
- •12,1 Стандарттау тәсілдері
- •12,2 Стандарттық үлгілер - 10,2 де жазылған
- •13,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері - 3,1 де жазылған
- •13,2 Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері
- •14,1 Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері - 3,1 де жазылған
- •14,2 Физикалық шамалар бірлігін жаңғырту және олардың өлшемдерін беру
- •15,1 Сертификаттау негіздері
- •15,2 Физикалық шамалардың өлшемдер жүйесі
- •16,1 Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері - 13,2 де жазылған
- •16,2 Міндетті және ерікті сертификаттау
- •25,1 Міндетті және ерікті сертификаттау – 16,2 де жазылған
- •26,1 Халықаралық стандарт – 9,2 де жазылған
- •27,2 Сертификаттау мақсаттары
- •28,1 Сәйкестiк белгiсi – 6,1 де жазылған
- •29,1 Өлшем қатесінің түрлері
2,2 Стандарттаудың теориялық негіздері.
Стандарттау – бұл талаптарды, нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды міндетті түрінде түрінде сондай ақ тауарды бағаны алуға тұтынушының құқығын қамтамасыз ететін, сонымен қатар еңбектің жабдықталғандығына және қауіпсіздігіне құқығын орындау үшін бағытталған қызмет. Стандарт – бұл әр түрлі қызмет түрлеріне тиісті ережелер жалпы принциптер және сипаттамалар орындатылған номативті құжат. Стандарттау бойынша қызметтің негізгі нәтижелері ол өнімнің сәйкестік деңгейін арттыру болуы керек. Стандарттауың басты мақсаттары нормалады, талаптарды, ережелерді әзірлеу. Ұлттық стандарттау – бір мемлекет ішіндегі стандарттау жұмыстары. Халықаралық стандарттау – бірнеше (екі не одан көп) дербес мемлекеттердің қатынасындағы стандарттау жұмыстары. Техникалық талаптар - өнімнің белгілі бір түріне қойылатын талаптар туралы нормативтік – техникалық құжат. Үйлестіру (унификация) – стандарттау әдістерінің бір түрі; ол әдісте функционалдық міндеттері бірдей элементтердің (типтер, түрлер, размерлер) жалпы саны орынды қысқартылады. Типтеу – стандарттаудың тағы бір әдісі; бұл әдісте типтік конструкциялық, технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да типтік шешімдер жасалынып қабылданады (кейбір елдерде бұл терминнің орнына «симплификация» термині қолданылады). Сапа - өнімнің (заттың, бұйымның) тұтыну құнының объективті өлшемі. Өнім сапасы - өнімнің тиісті қажеттіліктерге жарамдылығын көрсететін қасиеттерінің жиынтығы. Техникалық деңгей - өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы. Өнімнің беріктігі (немесе сенімділігі) - өнімді пайдаланудың, техникалық күту мен жөндеудің ақырғы мерзіміне дейін оның (өнімнің) қолданысқа жарамды қасиеттерін сақтауы.
3,1 Стандарттаудың мәні, мақсаты және міндеттері. Стандарттаудың теориялық негіздері.
Мақсаты – дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау мақсатын қамтамасыз етуіне сәйкес және одан да кіші бөлімдерге бөлуге болады. Нақты мақсаты белгілі бір қызмет аумағы, зат өндіріс саласы және басқа да өнім түрлері, өндіріс және тағы бақаға қатысты. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Міндеттері: 1. Техникалық деңгей және өнім сапасына, материалдарға, жартылай фабрикаттарға және кешенді бұйымдар талаптарын және жоба жасау саласындағы әдіспен талаптарға орнатады. 2. Өндірісті мамандандыру ең маңызды, жағдай ретінде өнім өнеркәсібін агрегаттау және унификациялау, өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтау кешені, бір бірімен байланыс деңгейі, бұйымды дамыту. 3. Мемл-тік өлшем бірлігі және толықтығы, мемл-тік эталонның физикалық бірлік көлемін жасау және жетілдіру, сонымен қатар өлшемнің жоғары дәлдік әдісінжәне құралын қамтамасыз ету. 4. Құжат жүйесін жетілдіру, технико-экономикалық ақпаратты кодтау. 5. Маңызды ғылыми, техникалық салада, халық шаруашылығы саласындағы терминдермен белгілерді қабылдау. 6. Еңбек қауіпсіздігін стандарттау жүйесі, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту жүйесінің стандарттарын қалыптастыру. 7. Ішкі сауда, мәдени және ғылыми техникалық байланыс үшін жақсы жағдай жасау.
