Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.81 Кб
Скачать

1,1 Өлшегіш құрал- жабдықтардың метрологиялық сипаттамалары

Тексеру – метрологиялық сипаттамаларды және олардың қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау негізінде, өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау операциясынегізгі .

Негізгі метрологиялық сипаттама – тексерілетін өлшеу құралын аса дәл жұмыстық эталонмен салыстырумен анықталатын қателік.

Әрбір тип үшін оларды аттестаттау кезінде әрекет ету мерзімі белгіленеді (10 жылдан артық емес) және метрологиялық сипаттамалар анықталады.

Оларға мыналар жатады:

- аттестатталған мән – үлгімен ұдайы өсірілетін, оны аттестаттау кезінде белгіленген және қателігі көрсетіліп куәлікте келтірілген үлгінің аттестатталған сипаттамасының мәні;

- аттестатталған мәннің қателігі – үлгінің өлшеу кезінде пайдаланылатын бөлігімен ұдайы өсірілетін шаманың аттестатталған және ақиқат мәндері арасындағы айырым;

- біртектілік сипаттамасы – өлшеулер кезінде пайдаланылатын, оның әр түрлі бөліктерімен ұдайы өсірілетін шама мәнінің тұрақтылығымен өрнектелетін үлгі қасиетінің сипаттамасы;

- тұрақтылық сипаттамасы – сақтау мен қолданудың берілген шарттарын сақтау кезінде жарамдылық мерзімінің куәлігінде көрсетілген мәнді сақтау үлгісі қасиеттерінің сипаттамасы;

- әсер ету функциялары – үлгінің метрологиялық сипаттамаларының берілген қолдану шарттарындағы сыртқы әсер етуші шамалардың өзгеруіне тәуелділігі.

1,2 Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

Техникалық реттеу туралы заң ҚР –да өнімнің, көрсетілген қазметінің, процесстрдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Заң өнімге, қымет корсетуге, өнімнің өмірлік циклі, процесстерге міндеттері және ерікті талаптардың орындалуын, мемл-тік қадағалау мен бақылаудың анықталуын қадағалайды. Мемл-тік органдар, сондай ақ ҚР – ның аумағында қызметін жүзеге асыратын және ҚР – ның азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу обьектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар реттеу субьектілері болып табылады.

2,1 Сәйкестiктi растау органдары

Сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға; Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi өндiрушiлерден (орындаушылардан), өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мен тұтынушылардан, мемлекеттiк органдардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және (немесе) бекiтiлiп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

2) сәйкестiктi растау рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн шарт жасасу жағдайларында құзыреттi ұйымдарды, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өнiм, көрсетiлетiн қызмет немесе қызмет түрлерi бойынша техникалық сарапшыларды тартуға;

3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]