- •2.Билет
- •3. Билет
- •4.Билет
- •5. Билет
- •6. Билет
- •8. Билет
- •8,1) Стандарттау жалпыға және көп ретті қолдануға арналған шынайы және потенциалды тапсырмаға қатысты белгілі бір облыста жағдайларды реттеу үшін оптималды жетілдіруге арналған қызмет.
- •9. Билет
- •9,1) Стандарттау жалпыға және көп ретті қолдануға арналған шынайы және потенциалды тапсырмаға қатысты белгілі бір облыста жағдайларды реттеу үшін оптималды жетілдіруге арналған қызмет.
- •10. Билет
- •21Билет
- •22Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
30 Билет
30,1Өлшем – заттың, нәрсенің сапалық және сандық сипаттарының диалектикалық бірлігін көрсететін философиялық категория. Диалектика теориясында өлшем оның негізгі заңдарының бірі болып табылатын сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге және керісінше, сапалық өзгерістердің сандық өзгерістерге өту заңының құрамына енеді. Бұл заң бойынша, қандай да болмасын объектінің сапасы мен сандық сипатының арасында терең байланыс бар. Өлшем берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. Бұл шектен асқанда объект сапалық өзгеріске ұшырайды, ал сапаның өзгеруі, жаңа сапаға өтуі өз кезегінде сандық өзгерістерге жетелейді. Сондықтан Гегель өлшемді “сандық сапа” немесе “сапалық сан”, яғни сапа мен санның бірлігі деп анықтаған.
30,2Сертификат (Куәландырма) (латынша sertіfіco — куәландырамын) —
иеленушіде белгілі бір білім мен біліктілік бар екенін куәландыратын құжат; белгілі бір фактіні растайтын құжат (мыс., мед. сертификат — қайсыбір елге сапарға шығар кезінде егу жасалғандығы туралы, т.б.); [1]
сыртқы сауда тәжірибесінде — тауардың сапасын, салмағын, шығу тегін және басқа қасиеттерін растайтын құжат;
қаржы-несие қатынастары саласында — есеп айырысу палаталарының куәлігі, олардың негізінде палатаға мүше банктердің берешегі реттеледі; әдетте шағын купюралар түрінде шығарылатын мемл. қарыз облигацияларының түрі, сондай-ақ ұсынушыға арналған, банк шығаратын бағалы қағаздар; сақтандыру сертификаты, аудиторлық сертификат, т.б.[2]
