
- •2.Билет
- •3. Билет
- •4.Билет
- •5. Билет
- •6. Билет
- •8. Билет
- •8,1) Стандарттау жалпыға және көп ретті қолдануға арналған шынайы және потенциалды тапсырмаға қатысты белгілі бір облыста жағдайларды реттеу үшін оптималды жетілдіруге арналған қызмет.
- •9. Билет
- •9,1) Стандарттау жалпыға және көп ретті қолдануға арналған шынайы және потенциалды тапсырмаға қатысты белгілі бір облыста жағдайларды реттеу үшін оптималды жетілдіруге арналған қызмет.
- •10. Билет
- •21Билет
- •22Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
25 Билет
25,1 Міндетті және ерікті сертификаттау
Міндетті сертификаттау. Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын процедура. Мақсаты: тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жургізу негізі: Қазақстан Республикасының заңды актілері; объектілер: Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен міндетті сертификаттауға жататын тауарлар тізбесі; сәйкестікті бағалаудың мәні: міндетті сертификаттауды енгізген заңдарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау; нормативтік негіз: тауар сапасына міндетті талаптар белгілейтін.
Ерікті сертификаттау. Сәйкестікті өз еркімен растау - өнімнің, қызмет көрсетудің, процестердің стандартқа, өзге құжаттарға немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау үшін өндірушінің (орындаушының) немесе сатушының бастамасымен жүзеге асырылатын процедура. Мақсаты: кәсіпорын өнімінің (қызметінің) бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету. Тек қана қауіпсіздік талаптарына ғана емес,сонымен қатар өндірілетін өнімнің (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес өнімдерді жарнамалау; жургізу негізі: заңды және жеке тұлғалар бастамасы негізінде өтініш берушімен сертификаттау органы арасындағы шарт; объектілер: кез келген объектілер; сәйкестікті бағалаудың мәні: Өтініш берушінің әр түрлі талаптарына сәйкестігін сертификаттау органымен келісе отырып бағалау; нормативтік негіз: Ерікті сертификаттау жүйесінің әр санаттағы стандарттары (ұлттық,ұйымның), келісімшарттары.
25.2 Өлшенетін шаманың нақты мәнінен өлшеу нәтижесінің ауытқуы қате жіберушілік (погрешность) деп аталады. Өлшеудегі қате жіберушілік әдетте өлшеу құралдарындағы немесе нормативтік құжаттардағы техникалық құжаттамаларда келтіріледі.
Алайда, өлшеу бірлігі қате жіберушіліктің сәйкес келуімен ғана қамтамасыз етілмейді. Сонымен бірге қате жіберушілік алға қойылған өлшеу мақсаттарына сәйкес берілген ауытқу шегінен аспайтындығы туралы айтылатын өлшеу сенімділігін (дұрыстығын) де талап етеді.
Өлшеу дәлдігі қате жіберушіліктің нөлге жақындау дәрежесін, яғни өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесін сипаттайды.
Өлшемдердің бірлігі - бұл ретте олардың нәтижелері заңдастырылған бірліктермен білдірілген, ал қате жіберушілік берілген ықтималдылықпен белгілі және белгіленген шектерден шықпайтын өлшеудің жай-күйі.
26 Билет
26,1)Егер кез келген мемлекеттік органдарына сәйкес стандарттауда қатысуы ашық болса халықаралық стандарттау деп аталады. Халықаралық станлданрт стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
26,2Сертификаттау объектілерінің жалпы техникалық талаптары қайда орналасқан?
Түрлі ресми құжаттарда (Техникалық регламенттер, ҚР СТ ГОСТ-тар, Санитарлық ережелер (СЕ), Гигиеналық нормалар (ГЕ), Құрылыс нормалары және ережелері (ҚНЖЕ, түрлі халықаралық стандарттар және тағы басқалар).
27Билет
27,1Осы Заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң құқықтық негiздерiн және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолдану арқылы өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң сапасы мәселелерiнде мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi.
27,2) Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, коршаған ортаның қауіпсіздігін камтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.