Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.21 Кб
Скачать

6. Билет

6,1) Сәйкестік белгісі қойылған тәртіппен қорғалған белгі, мемлекеттік сертификация жүйесі ережесіне сай қолданылған, берілген осы өнімге қажетті сенімділік, қажетті жұмыс және шарттар нақты стандартты немесе басқа нормативті құжаттарына сай болатынын қамтамасыз етеді.

6,2 Өлшеу салалары- өзіндік белгісімен бөлініп тұратын, ғылым мен техниканың қандай да бір саласына тән, физикалық шамаларды өлшеудің жиынтығы.

Физикалық шамалар бірлігініңхалықаралық жүйесі.

Өлшемдер және салмақтар жөніндегі Бас конференция (ГКМВ) 1954 жылы оларды халықаралық қатынастарда пайдалану үшін, физикалық шамалардың алты негізгі бірліктерін анықтады, олар: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және электр шамы (жарық күші мөлшері). Өлшемдер және салмақтар жөніндегі XI Бас конференция 1960 жылы 81, ал орыс тілінде СИ арқылы белгіленетін халықаралық бірлік жүйесін бекітті. Бас конференция соңғы жылдары бірқатар толықтырулар мен өзгерістерді қабылдады, соның нәтижесінде негізгі бірліктер жетіге жетті, физикалық шамалардың қосымша және туынды бірліктері келесі негізгі бірліктерді анықтады:

  • ұзындық бірлігі ~ метр;

  • салмақ (масса) бірлігі - килограмм;

  • уақыт бірлігі — секунд;

  • электр тоқ күшінің бірлігі - ампер;

  • термодинамикалық температура бірлігі - Кельвин;

  • заттар санының бірлігі — моль;

  • жарық күшінің бірлігі — кандела.

Халықаралық жүйе СИ неғұрлым жетілдірілген және әмбебап болып саналады. Негізгі бірліктерден өзге, жүйеде жайпақ (тегіс) және дене бұрыштарының қосымша бірліктері -радиан және стерадиан, кеңістік пен уақыттың, механикалық шамалардың, жылу, жарық, акустикалық, электрлік, магниттік шамалардың, сондай~ақ иондалған сәулелердің туынды бірліктерінің үлкен саны бар.

7.

7,1)Сәйкестік декларация белгілі мемлекеттік жүйені сертификация формаларын, қойылған талаптарға сай өнімді растайтын құжат. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыздандыру үшін олар тапсырыс ьерушілер мен тұтынушалардың талаптарына сай болуы керек. Бұл талаптар әдетте техникалық шарттар мен стандарттардан ттұрады,бірақ техникалық шарттар тұтынушы талаптарының қанағанттандырылуына кепіл бола алмайды. Өйткені бұйымның қаастырылуында, технологияларында және схемасында жобалануы,өндірілуі мен өнімнің асырулуында сәйкестік пыйда болуы мүмкін.

7,2) Өлшеу ақпараттар алу тәсілі бойынша, өлшенетін шаманы өлшеу сипаты бойынша, өлшеу ақпараттарының саны бойынша, негізгі бірліктерге қатынасы бойынша ажыратылады.

Өлшеу ақпараттарын алу тәсілі бойынша тікелей, жанама, жиынтық және бірлескен болып бөлінеді.

Тікелей өлшеу - бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыру. Мысалы, салмақты таразыда өлшеу, ұзындықты сызғыштың көмегімен өлшеу.

Жанама өлшеу - бұл ретте ізделіп отырған шама мәні тікелей өлшеуге жататын осы шама мен шамалар арасындағы белгілі тәуелділік (қатыстылық) негізінде табылатын өлшем.

Өлшеу әдістері – бұл физикалық құбылыстарды және өлшеу құралдарын пайдалану тәсілдерінің жиынтығы.

Өлшеу салалары- өзіндік белгісімен бөлініп тұратын, ғылым мен техниканың қандай да бір саласына тән, физикалық шамаларды өлшеудің жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]