
- •41. Орманды пайдаланған үшін төлемақы қандай жағдайда алынады?
- •60. Төменде аталғандардың қайсысы салықтардың атқаратын функциясы:
- •62. Төменде аталғандардың қайсысы төлем көзінен салық салынбайтын табысқа жатпайды?
- •63. Төменде аталғандардың қайсысы шегерімге жатқызылатын шығындар?
- •64. Төменде аталғандардың қайсысы шегерімге жатпайтын шығындар?
- •67. Шегерімге жатпайтын шығыс түрін атаңыз:
1. Автотұрақтар, май құю станциялары, казино орналасқан жерлерге салық ставкалары қалай белгіленген? он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
3. Акциз ставкалары қалай белгіленген? заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
4. Арнаулы салық режимдерін қолданатындар: шағын бизнес субъектілері; шаруа қожалықтары;ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар;кәсіпкерлік қызметтің жекелкеген түрлері;
5. Барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады: шот-фактура 6. Белгілі бір қызметті жүзеге асыру құқығын бергені үшін алынған төлем: салықтар 7. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге әлеуметтік салықтың ставкасы? Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады. 8. Әлеуметтік салық есептелмейтін төлем түрі қайсысы? Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді
9. Әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны тапсыру мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
10.Әлеуметтік салық салу объектілері: 1) дара кәсiпкерлер; 2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
11.Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ететіндердің тізіміне жатпайтындар: патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер
12.Жеке табыс салығы бойынша қызметкерлердің төлем көзінен салық салынатын табысы-бұл: Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер: дара кәсіпкерлер; жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; мүліктік табыс алған жеке тұлғалар; басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.
13.Жеке табыс салығы бойынша салық салынуға жатпайтын табыстар :Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер; балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер; жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа); жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
15. Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеуі қандай тәсілмен жүзеге асырылады? жеңіл автокөліктер двигателіне қарай, жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай
16. Жеке тұлғалардың мүлкінің құны 3000 000 теңге. 2013 жылғы мүлік салығын есептеу керек: 45000
17,18,19. 13 сұрақ
20.Жеке тұлғаның мүлкінің құны 4 000 000 теңге. 2013 жылғы мүлік салығын есептеу керек: 60000
21. Заңды тұлғалар мүлік салығын жыл сайын: салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейді
22.Заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысының құрамына аталғандардың қайсысы енбейді? 1.Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан :Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған,Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивиденттер;)эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олар- дың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және эмитент- тің өз акцияларын өткізуі кезіндегі құн өсімі;қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен алынған табыс;мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облига- цияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;табиғи және техногендік сипттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны ;республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Рес- публикасының Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ор- ганнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеу- сіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтарының құны; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсызданды- ру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар;Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтан- дыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекет- тік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға жіберілген инвестициялық табыстар;Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар ту- ралы заңдарына сәйкес пайлық акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар ;таза табысты бөлген кезде алынған және әрбір құрыл -тайшының ,қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, рези -дент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс алып тасталуға тиіс.
23.Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына не кіреді? Жылдық жиынтық табыста шаруашылық жүргізуші субъек- тінің табыстарының барлық түрлері,соның ішінде:
1)тауарларды ( жұмыстарды,қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс;
2)үйлерді,ғимараттарды,құрылыстарды,сондай-ақ амортиза- циялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
3)міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;
4)күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5)мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6)Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жа- сауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жеке- леген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизия – лардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
7)борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;
8)кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
9)шығып қалған тіркелген активтердің құнының ішкі топ- тың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;
10)кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыс- тар;
11)ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар ;
12)бұрын негізсіз ұсталып , бюджеттен қайтарылған айып- пұлдардан басқа,борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар,өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер осы сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;
13)бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
14)өтеусіз алынған мүлік,орындалған жұмыстар,көрсетілген қызметтер;
15)дивиденттер;
16)сыйақылар;
17)оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
18)ұтыстар;
19)роялти;
20)әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады.
24. Инвестициялық салық преференциялары 1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124 , 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді. Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе: 1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса; 2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса; 3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
25. Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысы мен көзделген тұзетулерді ескере отырып жасалған шегерімдер арасындағы айырма -бұл: кәсіпорынның жылдық жиынтық табысы
26. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектісін көрсетіңіз:Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады: 1) салық салынатын табыс; 2) төлем көзінен салық салынатын табыс; 3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
27. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер: Корпорациялық табыс салығын арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІЛЕРІ БАР ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТӨЛЕЙДІ
28. Қазақстан Республикасының заң актісінде 2013 жылғы белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомасы: 1731
30. ҚҚС бойынша салық кезеңі болып: Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
33. Қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстарына жататындар: 1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма; 2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару; 3) қызметкермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары; 4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде – қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.
34. ЛЕХСУС-RХ400Н автокөлігі 2006 жылы шығарылған. Двигатель көлемі 3300 текше см. 2013 жылғы көлік салығын есептеу керек: 28065 тенге
35. Мүлік салығының мөлшері: 1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3, 3-1-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлiк салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. 2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер: 1) дара кәсіпкерлер; 2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
38.Мынау фразаны кім жазған: Салық төлеу құлдықтың белгісі емес, еркіндіктің белгісі А. Смит
40.Ойын бизнесіне салық салу обектілері болып қайсысы табылмайды? Салық салу объектілері: 1) ойын үстелі; 2) ойын автоматы; 3) тотализатор кассасы; 4) тотализатордың электронды кассасы; 5) букмекер кеңсесінің кассасы; 6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
41. Орманды пайдаланған үшін төлемақы қандай жағдайда алынады?
1)ағаш дайындау
2)шайыр және ағаш шырындарын дайындау
3)екінші дәрежелі ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршіктері мен бұталарды) дайындау
4)орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шипалы өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсеніштері мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау)
5)мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсатында және рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында пайдалану
6)мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін пайдалану
7)мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану
42. Салық агенті жеке табыс салығы бойынш есеп-қисапты салық органына қай мерзімде табыс етеді? тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі. 44.Салық есептелетін база-бұл Салық базасы Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады. 45. Салық қызметінің міндеті: салық төлеушілердің құқтарымен мемлекеттік мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне бақылау жасау; 2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы алу; 3. салықты есепту мен төлеуге байланысты деклорацияны және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу; 4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану; 5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру; 6. мәліметтер құпиясын сақтау; 46. Салық объектісі: Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б. 48. Салық саясатының басты мақсаты: салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
49,50. Салықтар пайдалану мақсаттарына қарай қалай бөлінеді: жалпы және мақсатты
51. Салықтардың атқаратын функциялары: (в книге написано атқаратын қызметі, я думаю это одно и то же) қазыналық, бақылау(реттеу), қайта бөлу
52. Салықтардың экономикалық маңызы мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
56. Төлем көзінен салық салынатын салыққа жатпайды: мүліктік табыс
57. Төменде аталғандардың қайсысы акциз салығын салу объектісі болып табылады? 1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары: акцизделетін тауарларды өткізуі; акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі; алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі; жарғылық капиталға жарнасы; акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы; өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі; өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы; өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы; 2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі; 3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі; 4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі; 5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы; 6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.