Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_bukhuchet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
89.33 Кб
Скачать

1 Есептің пайда болу және даму тарихы

Есеп бұдан мыңдаған жылдан бұрын адамзат өркениетінің келіп шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары тарих үшін үлкен әсерін тигізді. Есептің дамуы өмірдің қажеттілігі мен

келген, ал ол өзінің кезегінде жазу мен математика сияқты өркениеттің ажыратылмайтын бөліктеріне себеп болды. Шамамен ХV ғасырдың соңына таяу қосарлы жазуға негізделген бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да

негізгі әдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс, калькуляция, дебет, кредит, контировка және т.б. сияқты көп терминдер сақталып қалған.

Бухгалтерлік есеп есептің басқа түрлерінен (мысалы,

статистикалық) ерекшелететін бір қатар өзгеше белгілер бар:

1. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі

түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде бейнеленеді.

2. Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін

шаруашылық операциялар көрсетіледі.

3. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (тәсілдер)

(мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы күшейе түсті.

Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер,

тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізідеді.

Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер,

заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады. Сондықтан да ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты болады. Бухгалтерлік есеп материалды-жауапты тұлғалардың қызметі

үстінен бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол үшін әрбірматериалды-жауапты тұлға бойынша материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі бөлек жүргізіледі.

2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері

Ұйым қызмет ету барысында көптеген әртүрлі шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. Өз қаражаттарын пайдалану және сыртқы инвесторлар мен кредиторлардан қаржы тарту арқылы ұйым жабдықтар, құралдар, өндірістік ғимараттарды сатып алады. Өндіріс үрдісін басқару үшін ақпарат қажет. Мұндай ақпартты өндірісті басқарудың бір функциясы ретінде пайда болған есептің көмегімен алуға болады. Ол шаруашылық үрдістерін тұрақты турде бақылау, оларды сандық өлшеу, тіркеу және жалпыламау арқылы жүзеге асырылады. Есептің көмегімен шаруашылық үрдістері сандық және сапалық сипаттама алады: өндірілген өнім мен сатылған тауарлар көлемі , олардың өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділік және басқалары анықталады. Сонымен шаруашылық есеп дегеніміз – экономикалық құбылыстар мен үрдісітерді бақылау және тиімді басқару мақсатында сандық және сапалық сипаттама беру жүйесі болып табылады. Шаруашылық есеп – барлық ұйымдарда шаруашылық өзгерістер туралы қажетті мәліметтер алу.

Шар.қ процесс үшке бөлінеді:

  1. Оперативті есеп - кәсіпорынның іс-әрекеттін күнделікті бақылау мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекеленген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы-мәліметтерді алудың шапшаңдығы . Есепті бухгалтерлер, диспечерлер , бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.

  2. Статистикалық есеп экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.

  3. Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есеп – бұл жүргізілген шар.қ опер.р туралы ақпараттарды жинау, жалпылау, тіркеу үшінн жүргізілетін есеп.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға жүргізуге міндетті.

БЕ артықшылықтары:

  • Құжатқа негізделген есеп

  • Уақыт б.ша үздіксіз жүргізіледі

  • БЕ тек ақшалай түрде жүргізіледі

  • Өзіне тән әдістері бар

  • Ұйымда болып жатқан барлық өзгерістер толық қамтылады.

Шар.қ есепте мынадай өлшем бірліктері қолданылады:

  1. Натуралды. Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады.

  2. Еңбек. Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен(күндер,сағаттар,минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.

  3. Ақшалай. Ақшалай өлшеуіштер ( теңге,тиын) шаруашылық құралдарын , олардың пайда болуы көздеріни , бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.

3 Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері БЕ пәні – кәсіпорынның қаржы-шар/қ қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау. Бух/к есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау-бұл пәннің негізгі бағыты. Мақсаты – ұйымның қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы қызығушылық танытқан тұлғаларды нақты, шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Міндеттері: 1)жедел басшылық ету мен басқаруға, инвесторлардың, сатып алушылардың, кредиторлардың, жеткізушілердің, салық ж/е банк органдарының пайдалануына қажетті шар/қ процестері мен кәсіпорындардың қызмет нәт. туралы толық ж/е шынайы ақпаратты қалыптастыру; 2)мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, қарж/қ, материалдық, еңбектік ресурстардың нормативтерге, нормаларға сай жұмсалуына бақылау жасау; 3)ішкі шар/қ резервтерді анықтау ж/е жұмылдыру;4)қаржы – шару/қ қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау; 5)ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау. Бух\к есеп- ұйымның иелігіндегі шар\қ қорлары мен қорлану көздерінің қолда бары ж\е есептік кезеңдегі қозғалысын үздіксіз құжатталған түрде есепке алуға ж\е белгілі бір кезең б\ша қорытынды жасауға мүмкіндік беретін есеп.

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

  • Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

  • Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

  • Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Әдістері:

1.Құжаттау-шар\қ операцияларын құжаттар көмегімен олар жасалған сәтте ж\е сол жерде бастапқы тіркеу. Әрбір шар\қ операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады. 2.Түгендеу-мүліктің нақты қолда барын бух\к есеп деректері б\ша заттай сәйкестігін тексеру әдісі.Ол бух\к есеп деректерінің растығы мен к\о меншігінің сақталуын қам\з ету мақсатымен жүргізіледі.3.Шоттар д\з – шар\қ құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына ж\е маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау. 4.Екі жақты жазу әдісі-шар\қ операцияларын бух\к есеп шоттарында тіркеу әдісі.Мәні-әрбір шар\қ операциясы екі рет тең сомамен бір шот дебитінде ж\е басқа шот кредитінде жазылады.5.Калькуляциялау әдісі –шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың,әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі.6.Бағалау әдісі- к\о-дағы мүліктердің ж\е міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісі.7.Бух\к баланс- к\о-ның активтері мен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімде бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнелену.8.Есеп беру-к\о-ның белгілі бір кезеңдегі өндірістік шар\қ ж\е қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерге топтастырылған жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]