- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •4.Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5.Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •8 Түгендеудің мәні және түрлері. Түгендеуді жүргізу тәртіптері және оның нәтижелерін бағалау
- •9 Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •10 Шаруашылық операцияларының балансқа әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері
- •11.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •12.Екі жақты жазудың мәні
- •14 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама, оларды тану және өлшеу. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
- •15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •16. Қорларды бағалау әдістері.
- •1 Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •3.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •4.Қорларды бағалау әдістері.
- •5.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •6.Негізгі құралдар, олардың жіктелінуі. Негізгі құралдардың бағалануы
- •7.Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •8 .Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •9 Материалдық емес активтер және олардың түрлері
- •10. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •11 Жарғылық капитал есебі
- •12 Резервтік капитал есебі
- •14.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •16. Қорларды бағалау әдістеріне сипаттама
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
3.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
Қорлар бұл- 1)қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, 2) сату үшін өндіру процесіндегі, 3) өндірістік процесте пайдалануға арналған шикізат пен материал нысанындағы активтер. Ұйымдағы қорлардың қозғалысын яғни кіріс ж/е шығыс оепрацияларын қйымдастыру арнайы есептеу карточкаларында жіктеледі. Карточкалар номенклатуралық номер б/ша қорлардың әр түріне жеке ашылады. Осы карточкалар бухгалтериядан материалды жауапты тұлғаға қолхат арқылы беріледі. Осы карточкаға жазбаларды қойма меңгерушісі кіріс/ шығыс құжаттары негізінде жазады. Бухгалтерия белгіленген мерзімде карточкалардағы жазбаларды тексереді ж/е онда көрсетліген қалдықтарды БЕ мәліметтерімен салыстырады.қоларды қабылдау н/е сату кезінде қоймадағы қолрады қабылдау, тапсыру реестрі толтыруы қажет. Ай соңында қоймадағы қорлар қалдығы карточкалардан «қорлар қалдығы кітабына» кқшіріледі. Сондықтан қоймадағы есеп натуралды түрде, ал бухгалтерияда олар ақшалай өлшем түрінде көрсетіледі. Кез келген ұйымда қорларды белгілі бір кезең б/ша түгендеп отыруға көңіл бөлінеді. Қорларды түгендеу олардың өз орындарында ж/е барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеру ж/е нақты мәліметтерді есептік мәліметтермен салыстыру болып табылады. Сол арқылы олардың өндірісте қолданылуына бақылау жасалынады, артық н/е кем қорларды дер кезінде анықтауға толық жеткізіледі. Түгендеу жауапты тұлғаның қатысуымен міндетті түрде қайта есептеу, өлшеу, санау жолдарымен жүргізіледі. Түгендеу нәтижесі б/ша түгендеу актісі ж/е салыстыру ведомосі толтырылады. Түгендеу кезінде ұйымға қорлар кеп түссе оларды материалды жауапты тұлға түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды ж/е түгендеу жүргізілген күннен кейінгі тізімге кіріске алады. Қорлардың есебін жүргізетін шоттар активті шоттар б.т ж/е келесідей шоттар корреспонденциясы п/ды: 1)жеткізушілерден келіп түскен қорлар құны (қосылған құн салығы ескерілмейді)- Дт 1310,1330,1350 Кт 3310 2) қосылған құн салығы есепке алынса Дт 1420, Кт 1310 3) қайтарымсыз негізде келіп түскен қор- Дт 1310,1330, 1350 Кт 6220 4) негізгі құралдарды істен шығару кезінде пайда болған материалдар Дт 1310, 1350 Кт 6240 5) түгендеу кезінде артық шыққан қорларды кіріске алу Дт 1310, 1330, 1350 Кт 6280 6) сатудың таза құнына дейін қорлардың бағасын төмендету кезінде резервтер құру Дт 1360, Кт 1310, 1350 7) қолма қол ақша арқылы төленген қорларды кіріске алу Дт 1310,1330,1350 Кт 1010 8)қорларды істен шығару: - негізгі өндіріске (шикізат жіберу) Дт 8110, Кт 1310,1350; - көмекші өндіріске жіберу- Дт 8310, Кт 1310,1350; - әкімшілік шығындарға жұмсалғанда Дт 7210 Кт 1310,1350; өнімдерді сату б/ша шығындарға жатқызылғанда Дт 7110, Кт 1310-1350; - басқа заңды ж/е жеке тұлғаларға қорларды қайтарымсыз негізде берген жағдайда Дт 7410, Кт 1310-1350
4.Қорларды бағалау әдістері.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
ФИФО әдісі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте біріммен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есеті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұ әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.
Бұл бағаны кәсіпоынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады
