
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •4.Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5.Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •8 Түгендеудің мәні және түрлері. Түгендеуді жүргізу тәртіптері және оның нәтижелерін бағалау
- •9 Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •10 Шаруашылық операцияларының балансқа әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері
- •11.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •12.Екі жақты жазудың мәні
- •14 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама, оларды тану және өлшеу. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
- •15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •16. Қорларды бағалау әдістері.
- •1 Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •3.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •4.Қорларды бағалау әдістері.
- •5.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •6.Негізгі құралдар, олардың жіктелінуі. Негізгі құралдардың бағалануы
- •7.Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •8 .Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •9 Материалдық емес активтер және олардың түрлері
- •10. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •11 Жарғылық капитал есебі
- •12 Резервтік капитал есебі
- •14.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •16. Қорларды бағалау әдістеріне сипаттама
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңына сәйкес есеп саясаты – ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерінен ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірбиесі болып табылады.
Есеп саясатын құрастыру ұйым қызметінің шарттарына негізделген, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырудың негізі ретінде әдістердің бірін таңдап алуды білдіреді. Осылайшы есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру үшін ұйым қабылдаған әдістер жиынтығы. Есеп саясаты бухгалтерлік есептің қағидаларына және сапалық сипаттамаларына сәйкес 1 жылдан артық мерзімге құрастырылады. Ұйым басшылығы есеп саясатын таңдап, оны қаржылық есептілік ХҚЕС сәйкес болатындай етіп қолдануы қажет. Ұйымда қабылданған есеп саясатына мынадай жағдайларда өзгерістер енгізіледі:1) мемлекеттік өкілетті ұйымның талабы бойынша;2)егер өзгерту қаржылық есептілікті ақпараттың шынаы ұсынылуына жағдай туғызатын болса. Есеп саясатына енгізілген өзгерістер сол ұйымының басқару құжаттарымен рәсімделуі қажет. Есеп саясаты ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан орындарына байланысты ортақ қолданылады. Егер есеп саясатындағы өзгерістер өткен және есепті кезеңдерге, алдағы кезеңдерге елеулі әсер ететін болса, онда ұйым табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілікке сәйкес түзетулер жасай отырып, өзгерістер нәтиежесінде орын алуы мүмкін жағдайларды бағалауы қажет. Бас ұйым есеп саясатында болған өзгерістер туралы өзінің құрылымдық бөлімшелеріне хабарлауы қажет. Есеп саясатын құрастыру жауапкершілігі ұйым басшысына берілген. Сондықтан да есеп саясаты ұйым жарғысында көрсетілген тәртіпке сәйкес бекітілуі қажет. Есеп сасатында мынадай тараулар міндетті түрде көрсетіледі: 1)Жұмыс шоттар жоспары; 2)Активтер мен міндеттемелерді түгендеу тәртіптері; 3)Активтер мен міндеттемелерді бағалау әдістері; 4) Құжат айналысы туралы ереже; 5)Бухгалтерлік операцияларды бақылау тәртіптері; 6)Есепті ұйымдастыруға қажетті басқа да шешімдер.
16. Қорларды бағалау әдістері.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
ФИФО әдісі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте біріммен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есеті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұ әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.
Бұл бағаны кәсіпоынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
2- блок